Атағым бар ақын деген, дөй деген,
Жүрмін қазір қалалық паң бейнемен.
Хан сарайдай  əсем үйде тұрсам да, Ауылымды сағынамын кейде мен.
Ауыл жаннат, ауыл жұмақ дегенмен,
Сонда тудым, тал бесікке бөленгем.
Түсімде де мен ауылды сағынам,
Сол себепті жиі-жиі келем мен.

Қой маңырап, төл жамырап шулаған,
Түйе боздап, тай құлыны тулаған.  Жері жаннат, елі жомарт ауылдың, 
Таңғажайып бір көрініс бұл маған.

Ішіп айран, қымызбенен шұбатын,  Қарияларым əңгіме-дүкен құратын.
Кенестері сүйсіндіріп жаныңды,
Өсиет бар, өнеге бар ұғатын.

Сары қымыз сапырғанда тамсанам,
Ауылды аңсап өлең жазып, əн салам. 
Жанға жайлы мейірім табам ауылдан, 
Кездерімде жабығып бір шаршаған.

Ауыл десем жырлаудан тіл жалықпас,
 Ауыл десем көңіл-күйім қамықпас.
Шетелде емес ауылымда демалам,
Сен де ауылда дем алуға қалыптас.
Ауылыңа демалысқа барып қайт,
Қариялардың ақ батасын алып қайт,
Жанға сая, бойға рахат табасың,
Ат ізіңді өскен жерге салып қайт.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here