Уақыт менің емдемек боп жарамды,
Сізсіз айлар, сізсіз жылдар тоналды.
Өткен күнге жіберсем де көп есе,
Бірақ сізді ұмыта алғам жоқ әлі…

Сізсіз қанша тоналғанмен күзгі бақ,
Күзгі бақта өзгешелеу жыр құрап.
Жасырғанмен өзге түгіл өзімнен,
Сізді әлі сүйетінім шын бірақ.

Сізді ойлау болмас,сірә, арға мін?
Кім көтерсін сезімімнің салмағын.
Тағдырыма таңдау жасай алсам да,
Жүрегіме ақыл айта алмадым.

Сізсіз қанша атырғанмен құба таң,
Сізсіз мынау тіршілікте бар ма мән?
Сізбен бірге қатар жүрген жандарды
Танымай-ақ еш себепсіз ұнатам…

Уақыт емші емдемек боп жарамды,
Менің албырт жастығымды ұрлады.
Ұмыттым деп жаза салам бір өлең,
Бірақ сізді ұмыта алғам жоқ әлі…

#Салтанат Айдарбекова


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here