Қайран жастық ауылы алыс қалған,
Бұла өскен ерке едік асқақ арман.
Көрші жігіт көтеріп көк сөмкемді
Келетұғын, әйтсе де сыр ашпаған

Сезімдерін сыйдырып жанарына ,
Есігімді күзетіп ұзақ таңға
Тұрып-тұрып кететін ұяң жігіт,
Армандарын жалғап ап арманына.

Сезе тұра сезімін сезбегендей,
Көре тұра кетуші ем көрмегендей.
Сонда дағы қайтпайтын бала ғашық,
Періштесі көктегі бір келердей.

Бітіргенше мектепті сөмке арқалап ,
Хат жазуға батпады бір жапырақ.
Деген оймен торсия жүруші едім,
Батылдығын тіледім, ех, махаббат!

Мектеп бітті, біз кеттік арман қуып,
Бала сезім бұл күнде болған ұмыт.
Тағдыр кейде иыққа жүгін артса,
Оралатын есіме бала жігіт.

…Бұл өмірдің білеміз заңы қатты,
Сол жігітті көшеде ұшыратты.
Алда өзі, артында келіншегі
Зілдей сөмке арқалап бара жатты…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here