- Неге жақсы көреді екем күзді мен?
Себебі жоқ. Жылы әйтеуір күзгі дем.
Қарамастан мың кедергі, сан жылға
Еш себепсіз сүйеді екем сізді мен…Еш себепсіз сізді ойлаймын әр мезет,
Еш себепсіз таранамын сән түзеп.
Еш себепсіз жанарыма шық тұрып,
Еш себепсіз қарайтыным бір сурет…Неге жақсы көреді екем күзді мен?
Жазылуда себебі жоқ күзгі өлең.
Сізді маған жолықтырған сәттен-ақ,
Еш себепсіз сүйеді екем сізді мен…
7.11.2019
Еш себепсіз сүйеді екем сізді мен
Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853
Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853