Шайқап ішіп мас болдым ба махаббаттың көзесін?

Сәруар мұңға малтыдым ба жеңбей жалған күресін?

Бір тағдырға сыймаған соң бақыт іздеп не етейін,

Мен бақытты іздемеймін, бақыт мені іздесін!

Айлы түнде серт бердім бе бір болам деп мәңгілік?

Сезім удан жақұт құрап айта алдым ба ән қылып?

От сезімдер түйіскенмен, сүйіспеген пәк едік…

Сүю барда қоштасу бар, бұл дегенің заңдылық…

Кеше алам ба сенсіз өткен күндерімнің әлегін?

Кім дертіме дауа болар, өзің едің бар емім.

Жүрегімнің төрін, тағын мәңгі өзіңе арнадым,

Қош, сүйіктім! Мөлдір, тұнық, жан баспаған әлемім…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here