Поэзия!
Поэзия! Менімен де егіз бе едің? 
Мұқаң ұқсап менде сені неге іздедім? 
Алауратқан ақ таңнан сені іздесе,
Мұңға батқан қара түннен мен іздедім.
Менде іздеймін өткеннен, кеткеннен де,
Бүршігімді жармай кеткен көктемнен де
Құрдастармен бірге аунап, бірге қунап,
Жастығымды өткізген көк белденде.
Мен де іздеймін, іздеймін, іздей берем,
Іздеуден үмітімді үзбей келем,
Жаратқан жан емдеуге қолдау берсе,
Поэзия табылар деп үміттенем.
© Нұртазин Айдын


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here