Құлазып тұрмын,
Жүрегім қан жылайды
Неге мені адамдар ұға алмайды,
Түсіне алмай мендегі бар жағдайды 
Үсті үстіне талап етіп көп сұрайды
Бере алмаймын сендерге керегіңді
Тіпті білмеймін бұларға не дерімді 
Маған қажет нәрсені сұрамаңдар 
Өзің тауып, өзіңе ал керегіңді.
Сұрамаңдар алдағы көктемімді
Не істемексің қазғаныңмен өткенімді
Өздеріңнен өтпегеннен ұқпайсыңдар 
Осы күнге қалайша жеткенімді.
Тойымсыздар барлығын ал, керек емес 
Ақша маған дауа болмайды, өлең емес 
Керек болса мейірлене сұраңдаршы 
Жас жүрегім сендердей сараң емес.
Не істейсіңдер алғанменен байлығымды
Тастамаңдар маған тек қайғы-мұңды
Тойымсыздар тағы алыңдар, бөліп берем,
Қайғы дейтін сарқылмас байлығымды!
© Нұртазин Айдын


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here