Сабырлы боп, үндемеуге тырыстық.
Орнасын деп ортамызда тыныштық.
Əй, махаббат, құдіретті тым ыстық,
Байыппенен түсінісіп ұғыстық.

Бірақ, сенің кеткеніңді қаламай,
Мұңайдым мен, еңіредім баладай.
Жүгірдім мен ештеңеге қарамай,
Өйткені ішім күйіп жанып барады-ай.

Көніліме мұң боп тұнды тілсіз жүк,
Содан бері менде орнады үнсіздік.
Махаббатты жаратса ғой мұңсыз қып,
Жүректерді иманды етіп кірсіз қып.

Ешкім менің түсінбейді мұңымды,
Мұңымды айтып жоғалтпайын құнымды.
Сен кеткелі айтар болсам шынымды,
Қара түнек басты əрбір түнімді.
Берденбек Мұхамедхали


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here