Бақытымның бастауы ауылым.

Бұл кеш ол үшін ерекше болатын . Ауылға келін болып түскеніне тұп-тура жарты жыл болды .Ненің дұрыс ,ненің бұрыс екендігін ажыратуға бір қадам жақындағандай болып сезініп жүрген ,бірақ іштей әлі бала келін Толқынай кең жазық жатқан шатқалға қарады да ,бір күрсініп қоя берді .Көз жастары еріксіз бірінен соң бірі тама берді .Неге ? Не үшін? Кінәлі бір жан бар ма ? Жоқ әлде төркінін аңсады ма ? Әлбетте жоқ ! Ол терең бір тыныс алып алды да ,ойға шомып кетті. Осыдан жарты жыл бұрын есіктің алдында өткен “беташар”рәсімі есіне түсті .

Қыстың алғашқы айы еді. Қаладағы зәулім тойханадан дүркіретіп ұзатқан ата-анасымен күліп қоштасты. Көзіне бір тамшы жас та келмеді. Оның сүйіп қосылып жатқан адал жары ,несіне қамығады? Алысқа емес,жақын маңдағы “Ынтымақ” ауылына ұзатылып барады.Ауылға жақындаған сайын жүрегі дүрсілдей түсті. Бір емтиханға келе жатырғандай уайым кешіп,қобалжуын тоқтатпады…

Түн өтіп таң атты.Ақырындап түс болды.Қонақтардың басын қосып ,асаба да домбырасын күмбірлете ойнай бастады.Шіркін ауылдың кең дастархандары ай! Береке мен молшылықтың көрінісі іспеттес.Халқын айтсаңызшы ! Бір шаңыраққа келін түскенін естісе, барын алып жүгіріп келе қояды.Далада жапалақтап қар жауа түсті.Нұр жауып тұрғандай керемет көрініс ауылдың реңін ашты.Қыс ауасында осындай той томалақта жиналатын қауым, шуылдап ,бір-бірімен шүйіркелесіп әңгімелесіп жатты.
Осы бір керемет сәттің ләззатында тұрған жас келіннің ойын қайынсіңлісі бөліп жіберді :
– Жеңге,кешкіге бір ерекше тамақ жасаңызшы! -деді Мерей есімді кішкентай ерке қыз .
– Жарайды,тек сен сабағыңды ертерек оқы!-деп айтып тұрғаны сол еді ,Толқынайды үйге біреу шақырды.
Шақырған күйеуі болатын.Ізгілік пен көркем мінезділікті бойына ұштастырған ,Толқынайдың адал жары -Мақсат:
-Кешке концертке барамыз деп едік қой ,неге дайындалмай жүрсің ?! Сен не жылағансың ба ?-деп сұрақты жаудыра түсті.
Себепсізден көңілі жиі босайтын Толқынай үшін бұл сұрақтың жауабы жоқтай болып көрінді .Жай ғана бұрылды да :
-Мен таза ауа жұтып келейінші .-деп сыртқа шығып кетті.
Олар ауылдың ең басында тұратын.Айналаның бәрі кең егістік жайылымдардың жері.Үйдің маңында жан баласы көрінбейді.Тек үнсіз жатқан жол тараптары.Осынау бір тыныш үнсіздікте ауылдың күйбең тіршілігі жасырынып тұрғандай.Бір көршілері тойға кетуге дайындалып жатса,бірі үйінде құдасын күтуге дайындалып жүр,үшіншісі қорасындағы өрістен келген малдарын санап, сиырларын саууға шелегін жуып тұрса керек.
Мына көріністі көріп,осы бір тамаша ауылдың кішкене бөлшегі екеніне қуанып жадырап сала берді.Көз жасы бірден тыйылды.Қуанды!Қолдағы бар алтынның қадірін сезді.
-Шіркін самаурынның будақтаған түтіні мен қазандағы қуырдақтың иісі ай! Қонаққа барсаң соңғы нанын үзіп беретін ақкөңіл ауылдық достарым ай!Бұндай бақытты басқа қай жерден табар едім? Теңдесі жоқ ауылымдағы өмірім ай!-деп жүзіне жылулық кірді.Іштей қуанып нұрлана түсті.

Бұл тек қана ауыл кешінің бір сәті ғана .Мұндай оқиғалар қаншама.Бәрін айтып , жазып бітіру үшін уақыт жетпес.Ауылымыз алтын бесігіміз,қазынамыз,байлығымыз екенін ұмытпағанымыз жөн !Бәріміздің терең тамырша жайылған түбіміз ауылда емес пе?!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here