Өлең жазам, бұлқынған жүрегім,
Өзгереді қылаң атып реңім.
Өлең жазсам, жадырап мен күлемін,
Орындалған адамдай боп тілегім.

Өлең менің жан жолдасым, серігім,
Қыздырайын отты жырдың көрігін.
Өлең менің ақиқатым, сенімім,
Сөйле тілім тоқтатады сені кім.

Өлең – өнер, Алла берген несібе,
Сөйле тілім, мен барында шешіле.
Өлең-өнер, тоқталайын несіне,
Менде ерейін керуен баба көшіне.

Абай, Сəкен, Ыбырай мен Дулаттың,
Жырын оқып жүрегімді тулаттым.
Ақыт қажы, Жамбыл болып тумақ кім,
Мен қазақпын, өлеңіммен қымбатпын.

Мұқағали ақиығы халықтың,
Фарида апам арайлаған жарық күн.
Қара қылды сөйлей алсын жарып кім.
Жырым барда келмейді еш қамыққым.
Ақын емес, сынығымын алтынның,
Жаны жайсаң жақсылардан сарқынмын.
Өзен емес, жай əншейін толқынмын,
Ақ батасын алсам болды халқымның.

Берденбек Мухаметхали 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here