Қол үзермін…

 

Биыл көктем кешігуде. Неліктен?

Жаңбыр жауды, күні-түні құйылып.

Жетім қала, шала-шарпы деміккен

Әркім берер өз жанынан бір үзік.

 

Мен кеткенде қаласың ба сен-дағы

Пана болып, ғашықтарға үздіккен.

Қолтаңбасын қалдырады ауада

Жарым-жарты, санасына сыр бүккен.

 

Сағынатын мені жалғыз жалғанда

Кепілдік боп қаласың ба, шынымен.

Дидарыңды жаңбыр жуған армандап,

Жат қалада сансыз рет үгілгем.

 

Алма бағы – Алматының қаласы

Көрген жанды тамсандырар – қарашы.

Сұлулықтан кенде болып көрмеген

Бар қазақтың махаббаты – дарасы.

 

Қол үзермін, қаласам да, қаламан.

Хан өзенін тамашалап тұрармын.

Басқа елде күтуде бір аламан

Көк Тәңірден жалғыз жанды сұрармын.

Айнаш Маукен


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here