ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУЫЛЫП, ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛЫП, ҚАЛАЛАР ТҰТАС ЖАБЫЛЫП, ЖҰҚТЫРҒАНДАР ТАБЫЛЫП, КӨШЕЛЕР АРТЫҚ АДАМСЫЗ, БОЛСЫН ДЕП ХАЛЫҚ АЛАҢСЫЗ, ҮКІМЕТТІҢ КҮШІМЕН, ДӘРІГЕРЛЕРІМІЗ БЕН ӘСКЕРЛЕРІМІЗДІҢ ІСІМЕН ЖАЛҒАСЫП ЖАТҚАН  КҮРЕСТЕ, ТҮБЕГЕЙЛІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУ ҮШІН, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ҚАЛЖЫҢ – ОЙЫН ЖАСАМАЙ, СЕНІМНЕН АРЫ АСА АЛМАЙ, АДАСЫП ЖӨНСІЗ ҚАҢҒЫРМАЙ, ЖҰҚТЫРЫП СОСЫН АҺ ҰРМАЙ, ӘДЕПТЕН АЗБАЙ, ЖОҚ СҰМДЫҚТЫ ЖАЗБАЙ, КАРАНТИНДІ ҚАТАЛ САҚТАП, ТӨЗІММЕНЕН АДАЛ АТТАП, ЖЫП – ЖЫЛЫ ҮЙІМІЗДЕ, ІНДЕТСІЗ САУ КҮЙІМІЗДЕ ОТЫРАЙЫҚ, ҚҰРМЕТТІ ХАЛАЙЫҚ!

2019 жыл, желоқсан айының бірінен бастап Қытайдағы  Хубэй аймағының әкімшілік орталығы болып саналатын Ухань қаласындағы “Хуанань” базарындағы сатушыда аса қауіпті жұқпалы аурудың белгілері пайда болды. SARS – CoV – 2  классына жататын COVID – 19 деп аталатын респираторлы инфекциясы іле – шала әлемнің 200 ден аса еліне тарап кетті. 22 – ші қаңтардан бастап  дерттің эпицентрі – Ухань қаласы басқа аймақтармен әуе – темір жол қарым – қатынасын тоқтатып, түбегейлі оқшауланды. Авиатранспорт тоқтап, қалааралық күре жолдар жабылды. Қытайдың түкпір – түкпірінен білікті пульмнолог мамандармен қатар, әскери мамандар да келіп жетті. Бірақ, бұл шектеулер, пульманологиялық өткір індетті жеңуге дәрмені жетпеді. Жағдай тіпті ушыға түсті. 2020 жылдың 2 -ші сәуірінде ауру жұқтырғандардың саны 937, 567 адамнан асып, миллионға жақындады. 48,284 адам көз жұмды. Америкада 216,312 адам жұқтырып, 1 -ші орынға шықты. Қасірет шегіп, бар соққыны өзіне қабылдаған Италияда 13,155 адам қайтыс болса, Испанияда 10,003, Францияда 4,025, Иранда 3,036 адам өмірімен қош айтысты. Қанша жерден сақтық іс – шаралары жасалғанымен де коронавирус Қазақстанға да келіп жетті. 386 адам сырқаттанып, 3 -еуі дәрігерлердің аянбай  тәулік бойы емдегеніне қарамастан көз жұмды. Сырқаттанғандарды сағат санап өсе түсуі, қоғамды қатты алаңдатты. Дерт ошағына айналған елдерде, қайтыс болғандарды қайғырып, күллі халық аза тұтып жатты. Пандемиялық ауыр індет тарихта кезекті рет қайталанды. Пандемия грек тілінен аударғанда,  πανδημία “бүкіл халық” деген мағынаны білдіреді. Оба, тиф, малярия, холера, СПИД, туберкулез, проказа, тұмау сынды жұқпалы індеттерді түбегейлі жою үшін медицина мамандары бар мүмкіндікті жасауда.  Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, бірінші пандемия 541 – 700 жылдардағы Египеттен басталыпты.  «Юстинан індетінен» 100 миллионнан аса жан көз жұмыпты.  Екінші пандемия 1346 – 1353 жылдар аралығындағы «Қара Мор» пандемиясы XIX ғасырға дейін созылыпты. Шығыс Қытайдан басталып, Орта Азия елдері арқылы өтіп, одан ары Египет пен Таяу Шығысқа дейін жетіпті. Қырым арқылы, Еуропаға келіпті.  Еуропа материгінің 30 дан 60 % пайызға дейінгі 34 миллионнан аса тұрғыны өмірлерімен хош айтысты. Бұл сол кездегі материктегі халық санының 4/1 бөлігі болып саналатын. Бұл дерттің шығу тегі – Каспий теңізінің жағалауы деген болжам бар.  Үшінші пандемия 1855 жылы Юньань провинциясынан басталды. Өкпе обасы деп аталған сұрапыл індеттен тек қана Индия мен Қытайда ғана 12 миллионнан аса адам қайтыс болды.

        XIX ғасырдағы «Холера» жұқпалы дерті Коронавирус секілді ғаламды шарпыды. Холераның салдарынан 10 миллионнан астам адам көз жұмды. Ол 7 пандемия кезеңінен тұрды.  

1-ші кезең. 1816 – 1826 жылдары Бенгалиядан бастау алып, 1820 жылы Индияны толық шарпыды. 1860 жылға дейін Үндістан маңайындағы 15 миллионан аса адам жан тапсырды. 1865 –ші жылдан 1917 жылға дейін холера 23 миллион адамның өмірін жалмады.

2-ші кезең. 1829 – 1851 жыл аралығында Ресейді, Ұлыбританияны, Францияны, АҚШ – ты, Венгрияны қамтыды. 150000 американдық, 100000 венгр, 55000 ұлыбританиялық қаза тапты.

3-ші кезең. 1852 – 1860 –шы жылдар. Ресей Империясында  миллионан аса адам қайтыс болды.  Ажалды індет Индонезияны, Жапонияны, Филлиппин елін, Қытайды, Иракты, Иранға жетті. 236000 испандық, 200000 мексикалық өмір сүруін тоқтатты.

4-ші кезең. 1863- 1875 –ші жылдар. Пандемия Африка мен Еуропаны қамтыды. 90000 ресейлік, 50000 американдық, 90000 араб азаматы көз жұмды. 

5-ші кезең. 1881-1896-шы жылдар ортасында 250 мың еуропалық, 90000 жапондық, 12000 испандық, 268000 ресейлік, 60000 иран азаматының өмірін жалмады.

6-шы кезең. 1899 – 1923 жылдары болды. 500000 нан астам ресейлік, 80000 индиялық, 200000 филлиппин азаматы қайтыс болды. 1907 – 1908 жылдары қажылыққа аттанған 20000 адам індеттен көз жұмды.

7-ші кезең. 1962 – 1966 жылдар. Индонезиядан басталып, Бангладешке одан ары Индияға, кейіннен КСРО – ға тарады. Қайтыс болғандардың саны мыңнан асып жығылды.

       Қазақстан Республикасына COVID –  19 дертінің таралып кетпеуінің алдын – алу мақсатында, Үкімет тарапынан бірнеше нәтижелі іс – шаралар жүзеге асырылды. Нұр – Сұлтан, Алматы сынды аса ірі қалаларда карантин жарияланды. Оқушылар мерзімінен бұрын демалысқа шығарылды. Авиарейстер шектеліп, түнгі сауық орталықтары жабылды. Шетелден жеткен отандастарымызға медициналық сараптама жасалынды. Коронавирустан қалай сақтануға болары жөніндегі медициналық нұсқаулар көрсетілді.

       Қазіргі таңда пандемияны жеңу үшін Қазақстанның дәрігерлері аянбай күрес жүргізіп жатқан сындарлы сәттер . Әскери адамдар, қарапайым жұмысшылар, тазалықшы мамандар бұл күреске өздерінің шексіз үлестерін қосуда. Ерте ме кеш пе, жеңіске жетіп зәремізді қалдырмаған күдік тұманының да біртіндеп сейілетіні  анық. Үрейге берілмей, әлеуметтік желідегі алып – қашпа сөздерге ере бермеңіз. Көпшілік жүретін жерлерге баруыңызды қысқартып, өз үйіңізде, жанұяңызға, өз денсаулығыңызға жете мән бергеніңіз жөн! Карантин уақыты өзге емес, өзіміз үшін керектігін ұмытпайық! 

Авторы: Тайлақов Шерхан Тілепалдыұлы


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here