Сен мені босқа алдама

Дүниенің бағы бар деп

Жалғаннан жартып ішіп

Жолымнан жаңылар деп

Кеудемді кдргіп жүрген

Қайғымнан арылар деп

Көз тартқан алтындардан

Бір зәулім салынар деп

Зәулімді ертеден ақ

жаным қолға алғанмын

Жүргенмен көпті аңсап

Бұл жолда қорланғанмын

Әкелші,әкеле алсаң

Дүниенің бақытынан

Өкінген қарияның

Өткінші уақытынан

Әкелші әкеле алсаң

Шаттықтың тұнығынан

Аяқсыз мүгедектің

Аяқты сынығынан

Анасыз сәбилердің

Бір үрім жұғымынан

Үйі жоқ қаңғыбастың

Жабулы құлыбынан

Сен мені алдама енді

Бұл жалған кем емес деп

Оданда мойындашы

Пенделер тең емес деп

БәрІНДЕ, БАРЛЫҒЫНДА

жететін арманы бар

Әркімнің үмітпенен

Атырар таңдары бар

Өтірік ылғи тәтті

Әр түрлі жолдары бар

Бақыт ол шың басында

Жететін заңдары бар.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here