АВТОРЫ: ТАЙЛАҚОВ ШЕРХАН ТІЛЕПАЛДЫҰЛЫ.

                    ТЕЛ: (WHATSAPP) 8701-821-8821 

(ОҚЫП БОЛҒАНЫҢЫЗДАН СОҢ, СІЗДЕН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ, ПІКІР ҚАЛДЫРУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН, ӨТІНЕМІН. УАҚЫТ БӨЛІП ОҚЫҒАНЫҢЫЗ ҮШІН, СІЗГЕ, КӨП РАХМЕТ! 

 

СТУДЕНТТІК ӨТКЕН, ӨМІР…

Мектеп те аяқталды, түстік бірге,

Cтуденттік өткен, өмір ғажап еді!

Қазақстанның түкпірінен келген бізге,

Жақсы аяқтап, диплом алу талап еді.

 

Оқу жылы басталғанда танысамыз.

Сабақ айтып,, жанталасып жарысамыз.

Сұлу қыздар кездессе алып ұшып,

Нөмірлерін, логинімен алысамыз.

 

Лекцияға кіргің келмей ойланасың.

«НБ» қойса болмайды деп ойға аласың.

Рубежка басталса қорытынды,

Студенттің үрей билер ой-санасын. 

 

Кейбіреуі: дайындықсыз қалам дейді.

Ақылы бар біліміммен алам дейді.

Ең бастысы оқудан шықпас үшін,

Сессияға қалмай ертең барам дейді.

 

«Лекция» атауы студентке ұнамайды.

Шын оқыған сессиядан құламайды.

Көзге түсіп, тапсырманы орындасаң,

Ұстаз сенен көп сабақ сұрамайды.

 

Кешке жақын шығамыз қыдыруға.

Сынақтан өткен жанды жудыруға.

Таныссақ арулармен жүрек толқып,

Асығамыз роза гүлін ұсынуға!

 

Студенттік өмір көру арман екен!

Сенген достың тең жартысы жалған екен…

Сатқындық, сәтсіздікке куә болған,

Студенттер өз керегін алған екен.

 

Достарыңмен араласу осы шақта,

Студенттер кездеседі ылғи паркта,

Жылдан жылға қоян-қолтық табысумен,

Сол қызықты сәт сақталып қалды баста.

 

«Стипендия» келсе гүлдеп жайқаламыз!

Аз болсада жетеді деп айта аламыз!

Балаңыз ҚАЗҰПУ-да оқыса егер,

«Экономист»боп шығады  байқасаңыз!

 

«Отчисление» студенттің құрығаны.

«Академ»ол уақыттан ұтылғаны.

Аруларды күлімсіреп сөзге тартсаң,

«Әй студент» деп артына бұрылады!

 

Карточканы қолға ұстап банкоматқа,

Сессияда талпынамыз автоматқа!

Банкоматтың алдына зор үмітпен ,

Келеміз стипендияны байқамаққа!

 

Студенттің қимылы шалт, ісі тез.

Жегеніміз нанға жаққан майонез.

Алғашқы курс оқып жүрген кезімде,

Мейрамханада отырыппын бір-ақ кез.

 

Таксиді ұмытқалы қайбір заман.

Түсімізде табақтағы ыстық лағман.

Ең бастысы диплом қолға тисе,

Бір мамандық иесі болу арман!

 

Достарыңмен бауырлардай араласып,

Старшакпен сөзге келмей жағаласып,

Ашу болса, сыйластық бола алмаған.

Сондықтан кетеміз біз «ағаласып».

 

Құлатуға тырысады кейбір жандар.

Қиындыққа мойымаған көкке самғар.

Универ ғой жастардың орталығы!

«Студент жақсы оқысын» деген заң бар.

 

Мүмкін мен жарымды көп іздестірем.

Әлде сол бір универден кездестірем.

Маңдайыма ректор болу жазылса егер,

ҚАЗҰПУ-ды Оксфордпен теңестірем!

 

Тобымызда біреу кетті шығарылып,

Қыздарымыз кетті алысқа ұзатылып,

Қалды артта еркелік, балалығым.

Бойымыздан бұлт боп ұшты бұзақылық!

 

Қалай қызық естіледі студент аты.

4 жыл ұқыпталған әрбір заты .

Сессиядан сүрінсең енді алмайтын,

Бағар бізді карточкадағы шәкіртақы.

 

Оқу бітсе ашылады  үлкен есік!

Универдің салқын самал лебі есіп!

Оқуға түспей тұрып аңғал едік,

Үйрендік біз сыйласуды сіз біз десіп!

 

Жұмыс істеп сабағыңнан қалма бекер,

4 жыл көзді жұмғанша жанап өтер,

Сен қалай ұстай білсен өзіңді дос!

Артыңдағы інің саған қарап өсер.

 

Ата-анама масыл болсам асыра тым.

Мұным болмас деп ішіңнен аһ ұрарсың!

Келе ғой деп жұмысқа шақырса жан.

«Студент» екеніңді жасырасың…

 

1ші курс үйренумен уақыт өтер,

2-ші курс студент санасы өсер,

3-ші курс беймәлім бір күйге енерсің,

4-ші курс отау тігіп, үйленерсің!

 

Анамды түсінем ғой ауылдағы.

Оқып жүрген балаларын сағынады.

Студенттік бал дәуренім тәмамдалды…

Қап әттең деп жүрек шарқ ұрады!

АВТОРЫ: ТАЙЛАҚОВ ШЕРХАН ТІЛЕПАЛДЫҰЛЫ

ТЕЛ: (WHATSAPP) 8701-821-8821 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here