Қарапайым болшы,  елің ұнатады…

 

Сен бәрінен мықтысың, биік тұрсың!

Жеңіс алда, қиындық артта қалды.

Жамандап, қаралаған жандар сені,

Қайран қалып, жолыңа қарап қалды.

 

Тілеу тіле, ниеттен, таң атқанда,

5 парызды орында, намаз оқып.

Құлшылық қыл, алғыс айт Жаратқанға,

Өтіріксіз, өмір сүр, адал болып!

 

Төзімді бол, шыдай түс, табыс жақын,

Шыдамдылық абыройды еселейді.

Кешікпе, жылдамдаған уақыт шіркін…

Еркелік пен ездікті кешірмейді.

 

Дәлелде мақсатыңның бекемдігін.

Сынақтардан жығылсаңда, түрегел!

Сыбыстардың сен жайлы екендігін,

Естісең де, күліп қана жүре бер.

 

Ұлы мақсат, нысана асқақ арман…

Мұхит – таудан асырып, жаһанды алған!

Дұрыс әлде бұрыстығына күмәнданып,

Түнгі уайым,  ұйқысыздық  мазаны алған.

 

Тәуелсіз бол, қарызданба, жаныңды күт.

Бостандық пен денсаулық  рухты демеп.

Денсаулықты қарамасаң, төсек тартып,

Ауырып, жатқандығың кімге керек?

 

Сенбе ешкімге, ойы адамның құбылмалы.

Сақ болмасаң, қапияда сатып кетер.

Сырыңды ашпа, тіл сенің басты жауың!

Әлсіз болсаң, қолдағыңды алып кетер.

 

Еліктеме, сол тұлғадан асасың!

Жоспар құр, жет қалайда, тап бүгін,

Уақытында жете алмасаң, мұңайма,

Бас, жүректің, тулап тұрған аптығын.

 

Аз сөйле,  жаса көп қайырымдылық,

Туыс пен достарыңның ортасында,

Тұрақты хабарласып, жайын біліп,

Көмек сұрап шақырса, бол қасында

 

Міндет қылма, міндет етпе жасасаң,

Болмас деме, бір үлкен іс бастасаң,

Қиындықты қалыпты деп қабылда,

Нәтиже жоқ, нықтап қадам баспасаң.

 

Денсаулық пен бостандық сатылмайды.

Ең қадірлі, қос байлығың қолыңдағы,

Спортты сүй, кітап оқы, тілдерді үйрен,

Білімнен асқан шын дос, табылмайды.

 

Өмір күрес, әлсіздерді аямайды.

Ез болсаң, көрінгеннің жемі болып,

Жүрек жұтқан табанды, қайсар болсаң,

Жас – кәрісі сыйлайды сені көріп.

 

Шеттен шықпа, өлетін жеріңді біл,

Сатқындық пен өтірік құлатады.

Бай немесе әкім бол, маңызды емес,

Қарапайым болшы,  елің ұнатады.

 

Уәде берсең орында, ебін тап та,

Үмітін жер қылма, сенгендердің,

Аты мен жақсылығын есте сақта,

Қиналғанда саған көмек бергендердерің.

 

Отырма, қол қусырып көмек күтіп,

Қажысаңда алға ұмтыл, өлмейді үміт.

Ғаламторға жұмсаған уақытыңды

Спорт пен жұмысқа арнау  жігіттілік.

 

Дәулет қонып, бақуатты бай болсақ,

Аурухана, мектеп, мешіт салайықшы.

Көпбалалы, көмек қажет отбасына,

Ай сайын сыйлықтармен, барайықшы

 

Бақ пен дәулет оңайлықпан келмейді.

Жаныңды салып, жұмыс жасамасаң,

Беліңді бекем буып, жеңді түріп,

Күш – қайратты еңбекке арнамасаң.

 

Амал мен айла тап, оңай жолын,

Күш таусылса, ақылың бар ашынба.

Қиындықтың болғаны қандай жақсы,

Тұлға атанып, шыңдаласың расында!

 

Алған жарың асыл болса жұмағың,

Қателессең, артта жол жоқ, құладың.

Мамандық пен жар таңдау адам үшін,

Ең күрделі ісі екенін, ұмытпағын!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here