ҚАЗАҚСТАН – БОКСЕРЛАРДЫҢ ОТАНЫ!

Олимпиада. Марапаттау рәсімі.

Споршылар тізілді пьедестальда,

Көк байрақ, күндей көкке көтерілді.

Көп кешікпей, басталды әнұранда,

 

Оң қолын жүрегіне қойып тұрып,

Жеңімпаздар туға қарап, толқыды.

Аренада шапалақтап, жанкүйерлер,

«Қазақстан» деп қолдау беріп отырды.

 

Қазақстан  – боксерлардың отаны!

Жеңіссіз қайтқан емес жастарымыз,

Атланта, Сидней, Афинь, Пекин, Лондон,

Рио –де- Жанейродан асқанымыз!

 

20 жаста Олимпты  бағындырды.

Жекпе – жекте соққысымен құлатып,

Тарлан Бекзат жастай кетіп, сағындырды.

Сен кеткенде, бүкіл ел боп, жыладық…

 

Бекзаттың жеңіс жолын жалғастырып,

Бақыт пен Бақтияр алтын алды.

Генадий Головкин Афиньда,

Күміс тағып, жеңіске жақын қалды.

 

Әуесқой мен кәсіпқой жолдан өткен.

Қанатсыз, арнау қалай мәнді болмақ?

Қанатымыз жеңісін көрді көппен,

Белбеудің бәрін алды, Құдай қолдап!

 

Атлантада еселеніп табысы.

Василий Жиров тұрды алаңда,

Қуантты  «Балқаш жолбарысы» !

Баркер кубогын қолына алғанда,

 

Әкем орыс, шешем кәріс, мен қазақ!

Головкиннің сөздері өте ғажап!

АҚШ- тан елге сәлем жолдады,

«Қазақстаным» деп белбеуін арқалап,

 

Бокстан Қазақстан жүлделі.

Бола білді, бізді әлемде білгелі,

Данияр Елеусінов Лондонда,

Сайыста жеңіп, алтын жүлдені.

 

Левиттің айқын болды жеңгені.

Көрермендер жеңіліске сенбеді!

Күмісі Рио – де – Жанейрода,

Елімізде, бағаланды еңбегі.

 

Серік аға Олимпте Мәскеуден,

Күміс медаль, жеңіп елге әкелген.

Бокс мектебі шәкірттерін,

Тәрибиеледі, құлшыныстың әсерімен.

 

Ермахан аға, жеңіс бір қадымда,

Жігерленіп, сайыстардың тұрды алдында,

Рефери жеңімпаз деп жариялады.

Өз – өзіне сенімді боп тұрғанында,

 

Маскаев та Қазақстанда туылған,

Бокстан мықтымыз біз, бұрыннан,

Сиднейде қоржынға күміс салып,

Мұхтархан ағамыз да озды мыңнан!

 

Боксерлар спорт шыңы сендердікі!

Жеңіс ол – қорқынышын жеңгендікі!

Миллион бала көріп, қолғап киіп,

Бокстың өр рухымен жігерленді!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here