ТАҚЫРЫБЫ: АЯНБАЙ, АРНАДЫ БАР ЖІГЕР КҮШІН, ДӘРІГЕРЛЕР ДЕМАЛМАДЫ БІЗДЕР ҮШІН! 

АВТОРЫ: ТАЙЛАҚОВ ШЕРХАН ТІЛЕПАЛДЫҰЛЫ

 

Мен ұстазбын, балаларды сағындым,

Мектепті аңсап, күн санадым, сарылдым,

Біз біргеміз, батырлардың ұрпағы!

Қазақ деген кең пейілді халқымның!

 

Біз сенбеген, Голливуд кинолары.

Шынға айналды, жұқпалы вирус тарап,

Хуананьның жануарлар базарынан,

Әлемнің бар еліне, келді апат.

 

Уханьда карантин, қала жабық.

Жан тапсырды, тілге келмей, жұқтырғандар.

Белгісіз дерт, жолдағыны селдей шайып,

Мыңдаған сау адамға жұққаны бар.

 

Жабылды, шекаралар, тоқтап ұшақ,

Респиратор, ақ киімді мамандар көп.

Қорқыныш бойды тұтас билеп алды,

Шығудан, күдіктендік мазасыз боп.

 

Өркениеттің орталығы – Еуропа.

Қытайдан соң, аса ауыр зардап шекті.

Қауіптенген Еуропа материгі,

Изолиция. карантинді талап етті.

 

Білмейміз, қайтып, қалай сақтануды,

Қалжың еттік, әлеуметтік желілерде.

Көрінгеннің айтқаны шындық емес,

Дәлелі жоқ, ақпаратқа сене берме.

 

Пандемия COVID – 19 деп аталды.

Айтпай келді, сұм ажал қорқынышты.

Көше мен қала елсіз, бос қалды.

Мектептер де балаларсыз, өкінішті.

 

Дәрігерлер, жанын салып, жаны ашып,

Жігерсіздер, бас сауғалап, кетті қашып.

Вирус жайлы алып қашпа әңгімелер,

Ғаламтор контенттерін, қалды, басып.

 

Кім тоқтатар, бұл ажалды төніп тұрған?

Тәулік сайын, шексіз адам, көз жұмған.

Байлық қалды жайына, бас қайғы боп,

Планетаға тарап кетті, тегі жылдам.

 

Паника, истерика жасамаңдар!

Маска киіп, оны жерге тастамаңдар!

Ғаламторда неше түрлі үндеу жасап,

Өтінемін, жоқ сұмдық бастамаңдар!

 

Ажал келсе, коронавирус жолда қалып,

Қалай болсын, алады сені тауып.

Іштей тілейікші, дұға оқып,

Бұл қайғының бір күні бітері анық.

 

Алдын алып, сақтанғанмен, бəрібірде,

Шаршатты, қобалжытты, қалың елді.

Ақ халатты мейірімді, абзал жанның,

Дертті емдеп, жазарына кәміл сенді.

 

Отаным – Қазақстан аман болсын!

Халқым ау, оңай емес, шыда, сабыр.

Карантинге дер кезінде шыққанымыз,

Көрдіңіздер, нәтижесін беріп жатыр.

 

Жұмыстан айырылып, қаражат жоқ.

Қарын ашты, азық – түлік азайды.

Жұмыс, қаржы ол уақыттың еншісінде,

Ал, денсаулық бір жоғалса, табылмайды.

 

Қашықтықтан сабақ беріп, ұстаздар.

“Күнделіктен”, үй жұмысын қарайды.

Әскеріміз тыныштықты қадағалап,

Дәрігерлер тез жеңгенін қалайды.

 

Аянбай, арнады, бар жігер күшін,

Дəрігерлер демалмады біздер үшін.

Солардың арқасында, деніміз сау.

Қорықпаймыз, ой тыныш, бауыр бүтін.

 

ДӘРІГЕРЛЕР СІЗДЕРГЕ МЫҢ ДА БІР АЛҒЫС!!! 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here