(О,ОЙ)  КРЕДИТ  (ӘЙ, ЕЙ)

О, кредит сені алмаған, батыр ғой!

Алғандары,  қоштаса алмай жатыр ғой…

 

Қаржы керек, үй салуға, құрылысқа.

Сұрасаң жақындардан табылмайды,

Кредитті алғаныңмен, төлеймін деп,

Несиең уақытында жабылмайды.

 

Кешіктірсең, телефонға бөтен нөмір,

Хабарласса, көтермейсің, алмайсың.

Мен емеспін, танымайын, кім ол деп,

Жалтарасың, әртіссің ғой, алдайсың.

 

Кредит мені ал деп қинамайды.

Барып едің қарыз сұрап, өтініп,

Мазалаған мәселең шешілген соң,

Жараспайды, отырғаның өкініп.

 

Ой, кредит сенсіз қалай шешіледі?

Телефон мен жиһаз көздің жауын алып.

Өтіп кетіп, артқа қайта бұрыламыз,

Кредитпен аламыз жолын тауып.

 

Әй кредит, беймезгілде хабарласпа,

Қыздар ма деп телефонды аламыз.

Банктен хабарласып тұрмыз дейді,

Жауап бермей, бірден қоя саламыз.

 

Іздесеңде, ұрыссаңда сенікі жөн.

Ей кредит, көмектестің мойындаймын .

Аманатқа қиянат жасау күнә,

Пайызымен төлесемде мойымаймын.

 

Менеджер ресми түрде рәсімдейді.

Смспен кредитің мақұлданды.

Алғанда қалай қатты қуанып ең,

Төлейтін мерзімің де жақындады.

 

Әзілім ғой кредитке кірмейік,

Кіріп алып, қарызданып жүрмейік,

Табысымыз жоғарылап, жыл сайын,

Ел қатарлы, бақытты өмір сүрейік!

АВТОРЫ: ТАЙЛАҚОВ ШЕРХАН ТІЛЕПАЛДЫҰЛЫ


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here