Байқағың келсе кереметтігін күшіңнің,
Бір қырын көрсет бастаған жұмыс, ісіңнің.
Қолыңда тұрып, көмегің тұрса таяздап,
Атыңа сенің, адамдығыңа түкірдім.
Кеудеңе ыза, бір күн де болса түнетпе,
Көңілді ұқсат мамықтай жұмсақ жібекке.
Жақсылық қылу, барыңды шашу емес кіл,
Ол үшін жетер, кішкене ғана жүрек те.
Не көрдің екен, бұл ғаламменен бұл жаста?
Кетті ме әлде, уақытың алтын құр босқа?
Тартысқан тағдыр, өмірдің асау сынында,
Адам боп келіп, адам боп кету бір басқа!
Бір сөзбен айтқанда керемет👍👍