Аса құрметті, медицина саласының жетік маманы – Мұрат Мұхаметжанұлы! Алла Тағала сізге ұзақ ғұмыр берсе екен деп тілейміз! Алла разы болсын! Сіздің қолыңыздан шипасын алған аудан тұрғындары сізге басын иіп, зор алғысын айтып келеді. РАХМЕТ!!! Сіз тек менің ғана емес, тұлғалық қасиетіңізге тәнті болған мыңдаған жандардың ұстазысыз! Сіз біз үшін рухы биік, жігері жалындаған– ҰСТАЗСЫЗ! Сіз біздің жүрегіміздің төрінен мәңгілікке орын алдыңыз!

    ШЕКСІЗ РАХМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!

                МҰРАТ АҒАНЫ КӘРІ, ЖАС ТА, БІЛЕР…

                30 ЖАСТА БОЛДЫҢЫЗ, БАС ДӘРІГЕР! 

       ….Иә, Лесновка ауылынан шығып, Жетісу өңіріне кеңінен танылып, аты аңызға айналған қажырлы әрі қайсар тұлғалы үздік дәрігерді мен шексіз құрмет тұтамын. Ол кісінің Панфилов ауданына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Мұрат Мұхаметжанұлының бойындағы қайталанбас асыл қасиеттері маған Гималайдың мәңгілік қар құрсауындағы Эвересттен басталған шыңдарынан да биік, түбіне көз жетпейтін Байқал көлінен де әлдеқайда терең, Тынық мұхитының ауқымынан да зор көрінеді. Қажырлы тұлғаның таусылмас орасан зор жігері, мыңдаған жандарды сүйсіндіре білді, жігер берді, жол сілтеді. Мұрат Мұхаметжанұлының арқасында, талай жас ұрпақ, болашақ мамандығы туралы ойын түбегейлі қалыптастырып, дәрігер мамандығын таңдаймын деп шешті.

        Мен Мұрат Мұхаметжанұлын рухани ұстазым деп айтамын. Есімін асқан мақтанышпен айтып келемін. Қазргі таңдағы Алматы облысы мен Панфилов аудандарының денсаулық сақтау мекемелерінде абыроймен қызмет етіп келе жатқан дәрігерлердің басым көпшілігі Мұрат Мұхаметжанұлының дәрігерлік мектебінен өтіп, тәлімін алып, тәжірибесін толықтырған шәкірттері екені даусыз.

      Мұрат Мұхамметжанұлының тәулік бойы аурухана мекемесіндегі жұмыс орнынан табылып, сырқат жандарға көзі талып, өзі шаршап ұйқылы – ояу болып тұрса да, көңілін бөліп, демалысын екінші орынға ысырып қойып, әртүрлі емдік шараларын жасап, әр науқас адамның денсаулығы үшін алаңдап, қобалжып тұрғаны талай рет айқын көрінді. Кейде тіпті сол кісінің жұмысына шынайы берілгендігін өз көзіммен көргенімде, толқыныстың самал желімен қос жанарыма еріксіз тебіреніс жасы үйіріле кететін. Шектен тыс еңбексүйгіштігі соңынан ерген шәкірттеріне де үлкен серпін берді. Бойындағы жауапкершілік қасиеті, бұлжымас талабымен ұштаса түсті. Қарапайымдылығына таңғаласың. Жұмыста талабы ең жоғары басты дәрігер болғанымен, шынайы өмірде де ең қарапайым адам сол кісі.

       Тағдыры қыл үстінде тұрып, өмір кереметі мен ажал тырнағының екі ортасында қалған талай жандарды үздік хирург асқан мұқияттылықпен орта жолдан қайтара білді. Екінші өмір сыйлады.

        Мұрат Мұхаметжанұлы – нағыз ер! Медицина саласының қыр – сырын  жетік меңгерген ең үздік маман. Медицина ғылымдарының кандидаты.  Аудан халқын шипалы алақанымен емдеп жаза білген, әлі де емдеп жүрген халық дәрігері.

       «Панфилов ауданының Құрметті азаматы». Қалалық мәслихат депутаты болып сайланған уақытында да, ауданның тыныс – тіршілігіне  бей – жай қарап отырмай,  айтарлықтай жеке азаматтық үлесін қоса білді.

       Мен өз басым ол кісіні қатты құрмет  тұтамын. Алтын дәрігер ауруханаға түрлі себептермен түскен науқастарды күлімдеп қарсы алады. Енді жазылмаймын ау деген күдігі басым болып, жанын жегідей жеп жатқанында, палатаға аппақ халатымен, көтеріңкі көңілімен кіріп келген Мұрат Мұхаметжанұлы: қобалжымаңыз, бәрі жақсы болады деп қорқыныш күдігін сейілтіп жібереді. Ол кісі тағдырымен қош айтысып, өмірінен үмітін үзген талай жандарды аяғынан тік тұрғызды. Егер, дәрігерлік ғұмырындағы емдеп жазған жандардың алғысы мен ниетін жазсам, онда он томды қамтитын үлкен еңбек болары сөзсіз…

        Мұрат Мұхамметжанұлы 1944 жылдың, 10 – шы қазанында, Талды ауылдық округының орталығы -Лесновка ауылында дүниеге келді. Жастай дәрігер болып, ақ халат киюді армандады. Сол арманын жүзеге асыру мақсатында білім алу үшін Целиноград (қазіргі Нұр – Сұлтан) қаласына аттанады. Целиноградтағы медицина институтында оқып, білім алды. 1969 жылы институтты бітіріп, тәжірибесін арттыру мақсатында, Шымкент қаласына жіберіледі. Шымкентте жас дәрігер 1 жылдан аса тәжірибе жинап, туған өлкесіне оралды. Жас маман білімін арттырып келген соң, аудандағы ең білікті бас маманға айналды.

        Білікті дәрігер 1970-ші жылы Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы орталық аурухана бөлімшесіне хирургия маманы ретінде жұмысқа қабылданды. 1974-ші жылы өзі еңбек жолын бастаған хирургия бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мұрат Мұхаметжанұлының медициналық карьерасындағы басқан баспалдағы жыл сайын биіктей түсті. Ұйқы мен үй бетін көрмей жүріп, істеген тынымсыз еңбегінің нәтижесінде, жас хирург  орталық ауруханының бас дәрігері дәрежесіне дейін көтерілді. 1977-шы жылы бас дәрігер болып сайланғанынан бастап, 2008 жылға дейін ауданның ең басты ауруханасына 40 жылдан астам басшылық етті.

       Мұрат Мұхаметжанұлы дәрігерлік қызметінде әр түрлі диагноздағы науқастарды толықтай емдеп жаза білді. Мыңдаған науқасқа жәрдемдесіп, аянбай көмектесті. Хирургия палатасында бірнеше сағат көзін алмай жасаған күрделі операциялары талай адамның жанын ажалдан аман алып қалды. Әріптестері мен қала тұрғындары Мұрат Мұхаметжанұлын қатты құрмет тұтары даусыз! Зор еңбегі Панфилов ауданының тарихында алтын әріптерімен жазылары, даусыз! Күн – түн демей халық денсаулығы үшін жұмыс жасап жатқан ақ халатты абзал жандарымыз жасасын!  


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here