МОСКВИЧТЕН LEXUS LX 470-КЕ ДЕЙІН…..

Шығысты Жапония жаңдандырды…
Батысты Германия таңдандырды!

Пайдалы қазба тұрмақ, темірі жоқ,
Жапондар қиындыққа мойымады.
«Тойотасы» алдын орап экспорттың,
Салондарда сатылымға қойылады.

Көлікті былай қойып, роботтары
Кір жуғыш, дәрігерлік аппараты
Жапония техника туын тігіп,
Жоғары деңгейіне апарады

Президент жүріп өтер, үлкен кортеж
С классты бронды, автокөлік
Мерседестер арнайы жасалынған,
Қауіпсіз, жанға жайлы автокөлік

Мерседес пен Аудиын кім білмейді?
Майбах, Бмв, Поршесі жақсы таныс,
Фольксваген, Опелімен кім жүрмейді?
Германияға пайдалы, жақсы табыс.

Тойота, Лексус, Хонда, Мицубиси
Мазда, Ниссан,Сузуки маркалары.
Дайхатсу, Акура, Инфинити,
Жапондардың зауытында жасалады.

Сыныптастар түгел сыйып, жигулиге,
Шомылуға, тау басына баратынбыз,
Той кортежі, мерседестің алғы орны,
Менікі деп тез мініп, алатынбыз.

Би кешін, құр қалдырмай, қоймаушы едік,
Төбелесіп, юпи ішіп, тойлаушы едік,
Семерка мен девяткада, кім отырса,
Рэкетир, бандит па деп ойлаушы едік.

Москвич пен Жигули сол кез сәні.
Кассетада айтылды сол кез әні.
Жапон, неміс көлігі көбейгенмен,
Ағалар күтіп айдап келеді әлі…

Нива мен Уазик жалдап, жолда тұрмыз.
Қолда күрек, аяз боран, үсте тұлып,
Көзге түк көрінбейтін, айдалада,
Жортып жүр, тобырымен қасқыр ұлып,

Зил мен Газға артып төрт түлікті,
Түн ішінде мал базардан орын алып,
Саудадан соң, көтеріңкі көңілменен,
Туыстарға баратынбыз соғым алып.

LEXUS LX 470–ті ұнатамын…
Жапонның көлігін алғым келіп,
Қара түсті джипіне отырып ап,
Дос-туысқа, той – жиынға барғым келіп…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here