ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢІҢІЗ!

 

ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢІҢІЗ!

БҰЙЫРАДЫ ТЕҢІҢІЗ!

ІЗДЕУІҢІЗ ТАБЫЛЫП,

ЖОЛЫҒАДЫ, СЕНІҢІЗ!

 

ТАСТАП КЕТСЕ, ЖЫЛАМА!

ЖАСЫҢЫЗДЫ ТӨКПЕҢІЗ,

ХАЛ-ЖАҒДАЙЫН СҰРАМА!

ҚАЙТА ОРАЛСА, ЖОҚ ДЕҢІЗ!

 

САТҚЫНДЫҚТЫ АЯМАЙ,

АДАЛДЫҚТЫ АЯЛАЙ,

МАХАББАТТЫҢ ҚАЙЫҢЫН,

ҚОРҒАҢЫЗШЫ САЯЛАЙ!

 

МОЙЫМАҢЫЗ, КЕТТІ ДЕП,

ЕС – ТҮССІЗ ҒАШЫҚ ЕТТІ ДЕП,

БАУЫР БАСТЫМ, СЕЗІМІМ,

ЖАУЛАДЫ ТҰТАС ЕСТІ ДЕП.

 

КҮТТІҢІЗ, КЕШІРДІҢІЗ! БАЙЫПТЫСЫЗ!

СІЗ БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫСЫЗ!

КЕРЕК КЕЗДЕ, ҚАСЫҢЫЗДА ТАБЫЛМАҒАН,

САТҚЫНДАРДЫ КЕШІРСЕҢІЗ, АЙЫПТЫСЫЗ!

 

БІРЕУ КЕТЕР, БІРЕУ КЕЛЕР БАҒЫҢЫЗҒА,

ДЕРТ СЫЙЛАЙДЫ, АУЫРАДЫ ЖАНЫҢЫЗ ДА!

ШЫН МАХАББАТ ШЫНАЙЫ БОЯМАСЫЗ,

 КҮТІП СІЗДІ ТҰРАДЫ ҒОЙ АЛДЫҢЫЗДА!

 

КЕТЕМ ДЕСЕ, ҰСТАМАҢЫЗ, МҮДІРМЕҢІЗ!

СЫР БЕРМЕҢІЗ, СЫРТЫҢЫЗҒА КҮЛІМДЕҢІЗ!

ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢЕМІН, СҮЙГЕНІМДІ,

ӘЛІ ДЕ, ТЫНБАЙ ІЗДЕП ЖҮРМІН ДЕҢІЗ!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here