Пәрмен

Дал-дұлы шығып, тұра ма, тегі, байрағың.

Қалам деп жерде, жігеріңді бір қайрадың.

Бойыңда барды – тегіңді – текті сығымдап,

Итжеккен етіп, сәтіңді әрбір айдадың.

Ақталу яки шығару – үкім – қажет пе.

Қолыңмен, өзің, өре алмассың гүл десте.

Пенделік пәрмен сыйғыза алмаған аяға

Билігің сенің өлшем боп қала бермес пе.

Өлшемді, бірақ, мойындамасың анық-ты.

Көгілдір көкке – ғарышқа жаның қанықты.

Тік тұра алмай, адам боп жердің бетінде

Көңілді баурап, мәңгілік рухың қалыпты.

Адамзат, сенің ұға алмас, тегі, мәніңді.

Өтесің шырқап, бұлбұл боп, жалғыз әніңді.

Сен төккен сансыз ғажайып жерге дем беріп,

Сыбаға-сыйлық, аласың сансыз сәніңді.

Қалдырып, бірақ, кетесің бәрін осында.

Тек соңғы сәтте, өтінем, жаным, тосылма.

Қалауың – мәңгі жоғалу болса, беремін.

Пенделік текке, бір сәтке, бірақ, қосылма.

Айнаш Мәукен


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here