Райымбек бабаның рухына

Сізге берер бар сияқты қарызым.

Не екенін, неге екенін білмедім.

Өткен өмір. Қалды ма бір парызым.

Сын сағатта, айналып кеп, ілерім.

Содан ба әлде, жақын көрем жаныма.

Жиі аламын есіме де, сағынып.

Таза рухтың болғанына қуанып,

Демеу көріп, жүремін бе, жұбанып.

Шым-шытырық, шимай іздер жалғанда.

Белгі бар ма өткен күннен – арманнан.

Сағым болып, мөлдірейді санамда

Нұр-сәулесі Әулиенің, таралған.

Күре жолда, қорғап жатыр ұрпағын.

Адасқанға бағыт беріп, жол нұсқап.

Тылсым дүние, жеткізумен сәулесін

Жер бетінде есімі жүр, тыныстап.

Мен де, бәлкім, оралармын, есім боп.

Сіз сияқты көпшіл болмай, жетім боп.

Жер бетінен қанша мезі болсам да,

Лапылдаған қуат болып, шешім боп.

 

Райымбек әулиеге

Баба, Сізді іздеп келдім

Сағындым-ау, еске алып.

Жылдар бойы жете алмадым

Зарыққаным соншалық.

Алғаш сізге келгенімде

Сәулеңізді көріп ем.

Әулие екен шынымен деп,

Жүрегіммен сеніп ем.

Қанша ғасыр өткенімен

Күре жолдың бойында

Қорғауда әлі өз ұрпағын

Шапағатқа малынған.

Қаншама жыл аттан түспей,

Ақ білектің күшімен

Түре қудың басқыншыны

Қас дұшпанды – күшіген.

Батырлық пен әулиелік

Әз басыңа қоныпты.

Алла өзі дарытыпты

Ілуде бір қалыпты.

Басыңды и, жүргіншілер.

Тағзым еткін өткенде.

Жарқыраған жарық нұры

Жүрегіңе жеткенде.

Шын бақытты жан екенбіз

Жалғанда жоқ – ғаламат.

Бабалардың пәк сенімін

Ақтап өту – аманат.

Айнаш Мәукен


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here