АВТОРЫ:ТАЙЛАҚОВ ШЕРХАН ТІЛЕПАЛДЫҰЛЫ!
ҚҰЛАЙ СҮЙДІҢ, КӨЗСІЗ СЕНДІҢ, КӨРГІҢ КЕЛІП…
 
ҚҰЛАЙ СҮЙДІҢ, КӨЗСІЗ СЕНДІҢ, КӨРГІҢ КЕЛІП,
САҒЫНЫШЫҢ ТЫНЫМ БЕРМЕЙ, КӨРДІҢ КЕЛІП,
БІРАҚ ОЛ, СЕНІМІҢДІ АҚТАМАДЫ…
ҮМІТТІ ҮЗДІҢ, ЖЕК КӨРДІҢ, ӨЛГІҢ КЕЛІП.
 
ШАТАСЫП, ТАҢДАУЫҢНЫҢ ТАЛҒАМЫҢНАН,
АЙЫРЫЛДЫҢ, ҚОЛЫҢ ЖЕТКЕН АРМАНЫҢНАН,
МАХАББАТ – ОЙЫН ЕМЕС ҚАЙТАЛАНАР,
ҚАЛАҒАНЫ ҚОСЫЛАР, ЖАН – ЖАҒЫҢНАН.
 
ЕКІ ЖОЛ ТҰР: БІРІНШІСІ ҰНАТАДЫ,
ЖАҚСЫ КӨРІП, МАХАББАТТЫҢ ШЫҢЫН АЛАР.
ЕКІНШІСІ: БЕТПЕРДЕ КИІП, АЛДАП,
АҚШАҢ МЕН БЕДЕЛІҢДІ ПАЙДАЛАНАР,
 
ҰРЫНБА, СҰМ НИЕТТІҢ ҚАҚПАНЫНА
МЕЛОДРАМА, ҚОЙЫЛЫМЫ БАСТАЛДЫ МА?
ТҮРІ МЕН СЫМБАТЫНА ҚЫЗЫҚҚАНЫҢ,
ҮМІТІҢДІ ҚҰЙЫН ЖЕЛГЕ ШАШПАДЫ МА?!
 
ЖӘ, ДОСЫМ, КӨҢІЛІҢДІ ТҮСІРМЕШІ…
ӨТКЕН САҒЫМ, КӨРГЕН ТӘТТІ ТҮСІМ ДЕШІ..
ЖАНЫҢНЫҢ ЖАЛАУЫН КӨТЕРЕТІН,
ЖАН КЕЗІГЕР, БАСАР ОРНЫН, ТҮСІНСЕҢШІ…

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here