АЯЛДАМА…

КӨШЕ БОЙЫ, ҚОЗҒАЛЫС. АЯЛДАМА,

КЕПТЕЛІСТЕ, ЖҮРГІҢ КЕЛЕР ЖАЯУ ҒАНА

БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСТЫ КҮТІП ТҰРДЫМ,

ДӘЛ СОЛ КЕЗДЕ СЕН КЕЗДЕСТІҢ ҚАЛАЙ ҒАНА?

 

АСЫҒЫП ТҰРҒАНЫМДЫ БІЛДІРМЕДІМ,

АВТОБУСЫМ КЕЛДІ, БІРАҚ, ҮЛГЕРМЕДІМ,

БАҒЫТЫМДЫ ӨЗГЕРТІП, СЕНІМЕНЕН

БЕЙТАНЫС ЖОЛҒА ТҮСІП, ЖҮРЕ БЕРДІМ

 

АВТОБУС ОРНЫНАН ҚОЗҒАЛДЫ, ЕСІК ЖАУЫП,

НЕ ІСТЕЙМІН ДЕП МЕН ТҰРМЫН, ЕСІМ АУЫП,

ОРЫН ЖОҚ, ЫҒЫ – ЖЫҒЫ ТОЛЫ АДАМ,

ТЕЖЕГІШТІ БАСЫП ЕДІ, КЕТТІМ АУЫП,

 

ҚИСАЛАҢДАП, ӨЗ-ӨЗІМЕ ӘРЕҢ КЕЛДІМ,

СҰЛУ ҚЫЗ, БЕЙТАНЫС БІР ӘЛЕМ БЕ ЕДІҢ?

ҚОЛЫНДАҒЫ ЖҮГІ АУЫР, ЖАСЫ КЕЛГЕН

БІР АПАНЫ ТҮСІРУГЕ, ЖӘРДЕМ БЕРДІМ.

 

ҚЫЗ ҚАРАП, КӨМЕГІМДІ ЖАҚТАҒАНДАЙ,

ӘЙ, ЖАРАЙСЫҢ ДЕП, КҮБІРЛЕП МАҚТАҒАНДАЙ

КЕЛЕСІ АЯЛДАМА, ҚАЙСЫ ДЕДІМ,

ҚЫСЫЛҒАННАН БАСҚА СӨЙЛЕМ ТАППАҒАНДАЙ

 

СІЗ ҚАЙ ЖЕРДЕН ТҮСЕСІЗ, ДЕДІ АРУ.

БАР – ОЙЫМ  МҮМКІН БОЛСА, НӨМІРІН АЛУ,

КЕЛЕСІ «КІТАПХАНА» ТҮСЕМ ДЕДІ

БІЛМЕСЕҢІЗ, МЕКЕНЖАЙДЫ ҚИЫН ТАБУ

 

МЕН ДЕ СІЗБЕН БІРГЕ ТҮСЕМ ДЕДІМ ТҰРЫП,

КІТАПХАНАҒА КЕЛДІҢІЗ БА  ДЕДІ КҮЛІП,

ЖОҚ МЕН СІЗБЕН ЖАҚЫНЫРАҚ ТАНЫССАМ ДЕП

ТҰРҒАНЫМДА АВТОБУСТА КЕТТІ ЖҮРІП.

 

ОСЫЛАЙША ТАНЫСУ БОЛДЫ СӘТТІ.

ҮЙГЕ ҚАЛАЙ ҚАЙТАМЫН ДЕП БАСЫМ ҚАТТЫ.

ӘКЕЛГЕН АВТОБУСТЫ ҚАЙТА КҮТІП,

ТҰРҒАНЫМДА АВТОБУС ТА ЕСІК АШТЫ.

 

АТЫ-ЖӨНСІЗ ҚЫДЫРСАМДА ҚУАНДЫМ,

ЖҰМЫСТАН ДА АЛДЫН-АЛА СҰРАНДЫМ,

КІТАПХАНА ЖАБЫЛҒАНДА, ГҮЛІММЕН,

ҚЫЗДЫ КҮТІП, МӘЗ-МЕЙРАМ БОП ТҰРАРМЫН…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here