Өмірді көрдім,бал дәмін таттым шырынды,

Тәттісі оның ерекше биік тұғырлы.

Ештеңе жетпес ол дәмнің нағыз құнына,

Сүйемін оны,сүйемін тәтті өмірді.

Ащыны таттым,қуырар ауыз қуысын,

Тарылар тіпті, жете алмас оған тынысың.

Ащыны кері қайтарып бірден тастауға,

Көмек те болмас жоғалар сонда туысың.

Суықты көрдім, ештеңе өспес айдынды,

Аямас сені ұқпайды тіпті қайғыңды.

Мұздаса шындап, сіресіп,діріл қағумен,

Жуасып қалар адам да мықты, айбынды.

Жылыны сездім, шуағын шашты нұр күнім,

Естідім дауысын сыңғырын сұлу күлкінің.

Тарады жылу мұздаған менің бойыма,

Артуда міне, өмірге деген құлқыным

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here