Абайға

Кетсе-дағы заман бізден ілгері
Бас қатырар түйіндер көп іргелі.
Қайта-қайта жүгінеміз сөзіңе
Жат пиғылдар жаппасын деп іргені.

Дәл өзіңдей шыншыл ерлер қайда бар
Айтқаныңа көңіл өсіп жайланар.
Саналы жан сөз ұғарлық болса егер
Есіне алып өмір бақи толғанар.

Естілсе де өлеңіңнен өкпелі үн
Жақсы бопты айтып-айтып кеткенің.
Ария боп, ән боп шырқап төгіліп,
Шын сүюмен көздің жасын төккенің.

От қамшы боп осы өлең ғой өрілген
Өнеге боп асқақ өмір төрінен.
Жас ақындар өр талаппен жыр жазса
Жарысқысы кеп тұрады сенімен.

Қанша рет берілсе де кезегі
Жетімсіреп қала беред сөз елі.
Абай аға егер өзің болмасаң
Қара өлеңнің болмайтындай керегі.

Өнер мәнін бөлек қойып бәрінен
Жырлар жаздың жүрегіңнің қанымен.
Дәл өзіңдей туар ма екен енді ақын
Сөз төркінін бастап кеткен әріден.
2007-жыл.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here