АРАҚ ІШІП, БҰЛ СҰМДЫҚТЫ БАСТАМА!!!

 

ЖАНЖАРЫҢ МЕН ЖАНҰЯҢДЫ ТАСТАМА!

АРАҚ ІШІП, БҰЛ СҰМДЫҚТЫ БАСТАМА!

 

ШАҢЫРАҒЫН ОРТАСЫНА ТҮСІРІП,

ШЫРҚЫН БҰЗЫП, БЕРЕКЕСІН ҚАШЫРЫП,

ЖАРЫҢ КЕТТІ, БАЛАҢ ҚАЛДЫ ҚАРАУСЫЗ,

КӨЗІНДЕ МҰҢ, КӨРГЕНДЕРІН ЖАСЫРЫП,

 

НЕГЕ ІШЕСІҢ, КӨТЕРЕ АЛМАЙ, МАС БОЛДЫҢ,

ІШПЕШІ ДЕП ӨТІНГЕНГЕ ҚАС БОЛДЫҢ!

САПАСЫ ЖОҚ, САНЫ КӨПТІ ДОСЫМ ДЕП,

ІШІМДІКТІ ЕҢ ПАЙДАЛЫ АС КӨРДІҢ!

 

ӘП – ӘДЕМІ КИІМІҢ ДЕ ЖЫРТЫЛЫП,

АЖАРЫҢНЫҢ ӨҢІ КЕТТІ ҚҰРТЫЛЫП,

ҮТІКТЕГЕН ШАЛБАРЫҢНЫҢ ҚЫРЫ ДА,

ОБАЛ БОЛДЫ, ШАҢ – КІРЛЕРГЕ СҮРТІЛІП,

 

ӨЗ-ӨЗІҢДІ ДҰШПАНЫҢА КҮЛКІ ҒЫП,

ҚАРЫЗДАРЫҢ БАСТАН АСТЫ, ЖҮКТІ ІЛІП,

ҚЫЗ БАЛАСЫ ІШІМДІККЕ БОЙ БЕРСЕ,

БАЙҚАУСЫЗДА, ОРЫН АЛАР ЖҮКТІЛІК!

 

ЖЫЛЫ СӨЗДІ ТЫҢДАМАДЫҢ ҚҰТЫРЫП,

КАРТА ОЙНАДЫҢ,  ҚАЛА БЕРДІҢ ҰТЫЛЫП,

ҚОС ҚОЛЫҢМЕН ЖИНАҒАН МАЛ – МҮЛКІҢ,

БАС – КӨЗ ДЕМЕЙ ЖОҒАЛАДЫ ЖҰТЫЛЫП,

 

АРАҚ ІШПЕ, КӨРЕСІНДІ КӨРЕСІҢ!

АСҚАЗАНЫҢ БҰЗЫЛАДЫ КӨНЕСІҢ.

АЗ ӨМІРІҢ КӨП КӨРІНІП КӨЗІҢЕ,

АЖАЛЫҢ ДА БҰРЫН ЖЕТІП ӨЛЕСІҢ!

 

АРАҚ – ШАРАП ҮНСІЗ ЖАУ, АЗҒЫРАДЫ

ЖҰМЫСЫҢДА КӨП ІШСЕҢ, ЖАЗҒЫРАДЫ

БІР – ЕСКЕРТУ БЕРЕДІ КЕШІРГЕНМЕН,

ҮШІНШІДЕ ОРНЫҢНАН АЛҒЫЗАДЫ.

 

МЕШІТКЕ БАР, КІНӘҢ ҮШІН ДҰҒА ҚЫЛ,

АРАҚСЫЗ ДА  ҒАЖАЙЫПТЫ ҰҒА БІЛ,

САЛАУАТТЫ СПОРТ САЛТЫН ҰСТАНЫП,

ЖАТТЫҚСАҢШЫ, ТУРА СӨЙЛЕП, ТУРА ЖҮР!

 

ИМАНҒА КЕЛ, ДЕНІҢ САУ, ШҮКІРШІЛІК,

СЕН ҮШІН ТІЛЕУ ТІЛЕП ЖАМАҒАТ ЖҮР,

АРАҚ БҰЛ ТЕҢІҢ ЕМЕС, АРАНДАТЫП,

ТҰҚЫМЫҢДЫ ТҰЗДАЙ ҚҰРТАР АЛАПАТ БҰЛ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here