АЛМАТЫҒА АЛҒАШ АЯҚ БАСҚАНЫҢДА…

 

АУЫЛЫМ АУ, МӘҢГІ ЕСІМДЕ САҚТАЛДЫҢ!

СҰПТАЙЫМ ДЕП ХАЛҚЫМЕНЕН МАҚТАНДЫМ…

ЖАРКЕНТТІҢ БЕКЕТІНЕН ТАҢЕРТЕҢ,

АРМАН ҚУЫП, АЛМАТЫҒА АТТАНДЫМ!

 

АЛЫП ШАҺАР, ЛАСТАНЫП ЖАТТЫ, ҚАЙРАН…

АЛҒАШҚЫ ТҰРАҒЫМ БОЛДЫ «САЙРАН»!

ӘР АЙМАҚТАН ҚҰРАЛҒАН ТҰРҒЫНДАРЫ,

АУЫЛЫМНАН АРТЫҚ ЖЕРДІ ТАБАМ ҚАЙДАН?

 

ЖҰМЫС ІЗДЕП, БАРМАҒАН ЖЕР ҚАЛМАДЫ.

ШАҚЫРҒАНМЕН, БАРДЫҢ БІРАҚ АЛМАДЫ.

ЖҮК ТҮСІРІП, ЕДЕН ЖУЫП, СЫПЫРДЫҢ,

СЕНГЕН АДАМ ҚҰР СӨЗІМЕН АЛДАДЫ.

 

ЖЕКСЕНБІДЕ БАРАХОЛКА БАЗАРЫНДА,

БАРҒАНЫ КИІМ АЛЫП МӘЗ БОЛДЫ,

ҮЙ ІЗДЕДІҢ, «ЖЕТІМБҰРЫШ» АЛАҢЫНДА,

ҚАРАЖАТЫҢ МӨЛШЕРІНЕН АЗ БОЛДЫ.

 

КӨКТӨБЕДЕН ЖАРҚЫРАҒАН ТҮНГІ ҚАЛА!

АЛМАТЫНЫ ТАУ БАСЫНАН КӨРГІҢ КЕЛДІ.

АУЫЛДАС, СҮЙІКТІҢ, ДОСТАРЫҢА,

ДЕМАЛЫСТА КӨҢІЛІҢДІ БӨЛГІҢ КЕЛДІ.

 

АВТОБУСТА ОТЫРАСЫҢ, КӨЗІҢ ҚАЛҒЫП,

БОСАЙ КЕТКЕН ЖЕРГЕ ОТЫРЫП, ОРЫН АЛЫП,

ҚАРИЯҒА ОРЫН БЕР, ДЕП ТҮРТКЕН КЕЗДЕ,

ТЕМІРЛЕРГЕ АСЫЛАСЫҢ, ҚОЛЫҢ ТАЛЫП.

 

КӨРЕСІҢ НЕШЕ ТҮРЛІ АЛАЯҚТЫ.

АЛАЯҚТАР АҚШАҢДЫ АЛЫП, АЯМАПТЫ,

АҚША МЕН БАСПАНАСЫЗ БӘРІ БЕКЕР,

ӘКЕМ-КӨКЕМ ДЕП КІМ СЕНІ АЯЛАПТЫ?!

 

САЙРАН МЕН ҚАПШАҒАЙҒА ШОМЫЛУҒА,

КЕЛІСЕСІҢ ДОСТАРЫҢМЕН ЖОЛЫҒУҒА,

АЛТЫН-ОРДА БАЗАРЫНАН ҚАП-ҚАБЫМЕН,

КӨКӨНІСПЕН ҚАЙТУДЫҢ ЖОЛЫ БҰЛ ДА.

 

ПРЯМО ПО ТОЛЕ БИ ДЕП АЙҒАЙЛАЙТЫН,

КОНДУКТОРДЫҢ ДАУЫСЫ ЕСІҢДЕ МЕ?

АЛМАТЫНЫҢ КЕПТЕЛІСІ ТАУСЫЛМАЙДЫ!

РАЙЫМБЕК ДАҢҒЫЛЫНДА, КЕШІНДЕ ДЕ,

 

ЖҰМЫСЫММЕН АЛМАТЫДА ҚАЛЫП ҚОЙДЫМ,

БАРАМЫН ДЕП БИЛЕТ САТЫП АЛЫП ҚОЙДЫМ.

АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІК, ТУҒАН ЖЕРІМ,

КЕЛЕДІ ҒОЙ, МЕНІҢ СЕНДЕ ҚАЛЫП ҚОЙҒЫМ….


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here