Карантин

Жүрер жол, барар жер шектеулі
Қырға да шықпайсың көктемгі.
Қиқулап келетін жылдағы
Құстардан жоқ белгі.

Қуанып бармайсың тойларға
Жүресің жүргендей айдауда.
Қырларда қозы-лақ асыр сап
Қойшы ауыл жиналар жайлауға.

Тоқтайсың жабылған жолдарда
Қарайсың бұйрықты қолдарға.
Дәуріш боп кетуге қақың жоқ
Мойныңа асынып қол дорба.

Өйтсең де жынды деп қамайды
Құсадан ақ шалар самайды.
Көшеден біреулер кезіксе
Алыстан ұрланып қарайды.

Карантин
Туысқа өлсе де бармайсың
Сыра жоқ, шай ішсең қанбайсың
Достар жоқ тарқатар шеріңді.
Бос оймен өзіңді алдайсың.

Ол рас өлімге дауа жоқ
Қоя ма тиген соң ажал- оқ.
Кешір дос, хабарың жетсе де
Отырмын лаж жоқ, шара жоқ.

Бейбіт дос!
Қош боп тұр, еске алдым
Аягөз жерінен топырақ бұйырды.
Мұң қылып шертемін кімге енді
Өзіңе айтатын сырымды.

Карантин
Жолдарды жабады
Тіршілік өз жолын табады.
Досымның сағаты кілт тоқтап
Ал, өмір зымырап барады.

Кешір дос!
Болмадым қасыңда, ауырдың
Болар ем қасыңда болды ғой бару мұң.
Жаратқан рақымын төксін деп
Тілеймін мен де оған зәрумін.

Карантин
Ұстап тұр өмірді
Тіршілік тынысы шектеулі.
Ас та бар, тыныштық, демалыс
Бәрібір бостандық жетпейді.
06.05.2020


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here