ЕЛДІҢ РУХЫ АСҚАҚТАП БАРА ЖАТТЫ…
 
ВЕРМАХТЫНЫҢ ШЫДАЙ АЛМАЙ ШАБУЫЛЫНА,
ҚОЛ КӨТЕРІП, БЕРІЛДІ БАСҚАЛАРЫ,
22 ШІ МАУСЫМДА,ЕСКЕРТУСІЗ,
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ БАСТАЛАДЫ.
 
БЛИЦ КРИГТІҢ НАЙЗАҒАЙДАЙ ҚАРҚЫНЫ,
62 ЕЛ АУМАҒЫН ШАРПЫДЫ.
ЖАПОНИЯ МЕН ГЕРМАНИЯ БІРІГІП,
ТАС-ТАЛҚАН БОП ЖЕҢІЛДІ ҒОЙ АҚЫРЫ!
 
СТАЛИН АСЫҚПАДЫ СОҒЫСУҒА,
БАСТАПҚЫДА ГИТЛЕРДІ ЖЕҢЕ АЛМАДЫ,
МОЛОТОВ – РИББЕНТРОП КЕЗДЕСУІ
НӘТИЖЕСІЗ ЕКЕНІНЕ СЕНЕ АЛМАДЫ.
 
ҚАСЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ ӘСКЕР БАТЫРЛАРЫН,
ДҰРЫС КӨРДІ, СОТТАУСЫЗ, АТЫЛҒАНЫН,
ХАЛЫҚ ЖАУЫ ДЕП АТАП, ҮКІМ КЕСІП
БІЛЕМІЗ ҒОЙ, АРХИВТЫ ЖАСЫРҒАНЫН
 
ЖЕҢІСКЕ ЖЫЛДАМ ЖЕТУ МАҚСАТЫМЕН,
СЕЙІЛСІН ДЕП КӨКТЕГІ АЗАП БҰЛТЫ.
АЛДЫНДАҒЫ ЖАУ ШЕБІН БҰЗЫП ӨТІП,
ҚАЙСАРЛЫҒЫН КӨРСЕТТІ ҚАЗАҚ ҰЛТЫ!!!
 
ҮШ БАТЫР ҚЫЗ ХИУАЗ, МӘНШҮК, ӘЛИЯ
ЕРЛІГІМЕН ЕЛГЕ БОЛДЫ, ЖАРИЯ,
ЛЕНИНГРАДТЫҚ ӨРЕНІМ ДЕП ЖЫРЛАДЫ,
ЖЫР АЛЫБЫ, АҚЫН ЖАМБЫЛ ҚАРИЯ
 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ӘЛЕМГЕ АЯН!
ҰМЫТПАЙДЫ ЕР ҰЛЫ САҒАДАТТЫ!
РЕЙХСТАГҚА ТУ ТІККЕН РАҚЫМЖАНМЕН,
ЕЛДІҢ РУХЫ АСҚАҚТАП БАРА ЖАТТЫ…

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here