СОҚЫР (ЗАҒИП) ҚЫЗДЫҢ МАХАББАТЫ..

ҚАЛАЙ АЙТАМ? ҚАЙТЫП СІЗГЕ ЖЕТКІЗЕМІН?
КӨРСЕМ ДЕДІМ, ЖҮЗІҢІЗДІ КҮЛІМДЕГЕН,
САҒЫНЫШЫМ ӨЗ ШЕГІНЕ ЖЕТТІ МЕНІҢ,
МАХАББАТСЫЗ ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРДІМ ЕКЕН?

НЕГЕ СІЗДІ КЕЛСЕ ЕКЕН ДЕП ЕЛЕҢДЕДІМ?
ЖҮРЕГІМНІҢ ТАС- МҰЗДЫҒЫН ЖІБІТТІҢІЗ.
МҰҢ МҰХИТЫ ТҮПСІЗДІККЕ ТАРТҚАНЫМЕН,
МЕНІ КӨРІП, ОЙ МҰҢДЫҒЫН ҰМЫТТЫҢЫЗ,

КЕШКЕ ДЕЙІН ЖАНЫМДА ОТЫРДЫҢЫЗ,
БҰЛ ӨМІРДЕН ТҮҢГІЛГЕНДЕ ЖОЛЫҚТЫҢЫЗ,
ДӘЛ СІЗДЕЙ МЕН ЕШКІМДІ СҮЙЕ АЛМАҒАМ,
ЖҮРЕГІМНІҢ ӘМІРШІСІ БОЛҒАН ОЛ – СІЗ!

ЖЫЛАДЫМ КӨНДІМ, БІРАҚ АМАЛ ҚАНША?
БАУЫР БАСТЫМ, ЖАҚСЫ КӨРДІМ, ҰНАТЫП,
ҚАЙТЕМ АУ, КӨРЕ АЛМАДЫМ АДАМДАРША,.
ТАҒДЫР МЕНІ АЯМАДЫ ЖЫЛАТЫП…

КЕТІҢІЗ ДЕП АЙТҚЫМ КЕЛДІ СЫЙМАДЫМ…
ҰРЫСЫП КӨП ЖАНЫҢЫЗДЫ ҚИНАДЫМ.
КӨЗІМ ЖЕТТІ МАХАББАТТЫҢ БАРЫНА,
СІЗДІ СҮЙДІМ, БАСҚА ҚЫЗҒА ҚИМАДЫМ.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here