– Шыбын «брат», Шыбын «родной», туған қаным,

Сен үшін құрбан болсын «шыбын жаным».

Ағам, ағам деп сыйлап жүремін ғой,

Бір тост айтып, стақанды көтеріп қой.

– Оу, менің інім, Шегірткем, әрі досым,

Ішеміз ғой, тек «бутулкаң» босамасын.

Не деймін, бүгін жұма – ал, бізге той,

Бір басың екеу болсын,

Тойыңды өзім-ақ көтерем ғой.

Стақандар бірнеше рет көтерілді.

Бірі аға, бірі іні,

Екі дос болды енді…

Тым көңілді…

Сондағы ішілген «судың» ғой құдіреті…

-Уақыт өтер сырғып,

Несін айтам, жыр ғып.

Көппен көрген өмір,

Өтіп жатыр зырғып,-

Деді қызған Шыбын,

Өзі үйленген, мылжың,

-Шегіртке дос, бар ғой,

Жүресің бе былай?

Қатарластарың әне,

Үйлі-баран күйде.

Үй болсаңшы сенде.

-Енді, не ғой… досым…

«Жақсысы» керек қыздың.

Қазір қыздар сұмдық.

Айтатындары «ызың»,

Қалайтындары «быжың»,

«Вообщем» бәрі «шыжың».

-Әй, Шегіртке, досым-ай,

Өзіңе бір қарасай,

Бұрында жүрген қызың Көбелек,

Жан еді ғой керемет.

Алдысы еді қыздың.

Ай десе, сұлу жүзі бар,

Кірпік, ерні, тілі – бал.

Менсінбеген өзің,

Енді не ғыл деп тұрсың?!

-Ой, қойшы енді бұрында өтті,

Ол Көбелегім шет елге кетті.

Мінезі еді оның «ужас»,

Жүйкеме тиіп бітті.

-Онда бері қара,

Кейін жүргенің Ара,

Жан еді ғой – дара.

Қыз еді ғой – дана.

Білгені тек еңбек,

Сүйгені тек сен ед.

Кінә өзіңнен, тентек.

-Шыбын досым, тоқта,

Маған ұрыспа босқа

Ол қыз, бар ғой, жынды,

Сөзі өткір, ноқта.

Шағып алса тілмен,

Түк қалмайды меннен.

Ондай жанмен «семья»

Керек емес мүлдем.

-Е, айтпақшы, алдында,

Таныстырған қыз Құмырсқа

Естуімше, саған бар

Ойы шықпақ тұрмысқа…

-Жо-жоқ, жоғ-ау, Шыбынжан,

Әлі ерте, сәл жүрем.

Қатынсыз-ақ күн көрем.

Шырылдасам, шырқасам…

Сондай күнді жөн көрем.

Эх… шырылдап кеп, шалқысам…

Күн астында балқысам…

-ТуҺ, бейшара, досым,

Қазір орта жасың,

Жаман да емес хәлің,

Жалғыз жүрген басың.

Уақыт тез-ақ өтер.

Сопиып-ақ қалар

Қабірдегі тасың.

Одан да сен тез дет,

Бала бағып, ағаш ек.

«Гулайттауды» қойып,

Әке болар күнге жет,-

Деп дос-ағасы Шыбын,

Түзеп алып мұртын,

Қасында отырған Биттің

Құшақтады белін,

Сүйіп алды бетін.

Осы сәтте телефон,

Шыңғырып кеп жіберді.

Іздеп жатқан Шыбынды

Үйіндегі еді-ау кемпірі…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here