Күн бұлттанып, аяқ астынан жаңбыр жауып кетті. Жұмысынан үйіне бет алған бойжеткен әп-сәтте су астында қалды.Үстіне жұқа киінген арудың қалқалайтын қолшатыры да жоқ еді. Түнерген аспанмен бірге сары қыздың да жүзін мұң шалды. Артынша жылаған бұлтпен бірге көз жасына ерік берді. Бірақ онысын ешкім байқаған жоқ. Мөлдіреген жанарынан мөлтілдеген жасы жаңбырмен араласты. Көшедегі ағаштар мен жолдағы аялдамадан да қалқа іздемеді. Аяң жүрісі өндіртпеді. Үсті малмандай су болған ол үйіне жетуге де асықпады. Бойын сағыныш пен мұң билеген талдырмаш қыз жол шетімен әлі ілбіп жүріп келеді. Алдыңғы жаңбырда сүйіктісінің қаралы хабарын алған-ды. Онсыз да ішқұса боп қиналып жүрген жанды тағы да бүгінгі жаңбыр жылатты. Сүйген жүрек сүйіктісін сағынады, одан әрі көңіліндегі қоңыр мұңның бояуы қоюлана түседі. Бұл – екі ғашық бірін-бірі шексіз сүйіп тұрса да мынау жалғанда сүйіктісімен бірге болу тағдырына жазылмаған ғашық қыздың мұңы еді. Егер сүйгені тірі болса, күрең күз тоңдырмайтын еді, жаңбырға жыламас та еді. Ол осы жаңбырда денесінің емес, жүрегінің жаурағанын анық түсінді…

 

                                                                                           ZHETKENS


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here