Зейнел-Ғаби Иманбаев

          Орыс тілі пәнінен жатқа жазу сабағы жүріп жатқан.

Кәрім соңғы сөзді жазып болып, қайта оқып шықты. «Морковь» деп ішінен әлденеше айтты, дұрыс жазылғандығына сене алмай отыр. Көрші баланың дәптеріне қарап еді, «мәрковь» деп жазыпты. Солай бір түзеп қойды да, «Қайкен қалай жазды екен?» – деп, мойнын созып, алдыңғы баланың дәптеріне үңілді. Ол «мәркөв» деп жазыпты.«Әй, осының жазғаны дұрыс болар» деп ойлаған Кәрім «о» әрпін «ө»-ге түзетіп, мұғалімге дәптерін тапсырды. Келесі күні мұғалім:

– Өз күшіне, өз біліміне сенбей, жұртқа жалтақтаған Кәрім бір сөзден үш қате жіберіпті, сондықтан екілік алды, –  деп хабарлады балаларға.

Оқушылар ду күлді. Содан бастап Кәрім жұрттың дәптеріне қарамайтын болды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here