Зейнел-Ғаби Иманбаев

– Мен кінәлімін. Ешқашан тентек болмауға уәде беремін. Оқуды беске оқимын. Енді не дейсің? Уәдем осы.

Жәкіш сынып толы оқушыларға жасқанбай қарап тұр, ақсары жүзінде жігер бар.

– Уәде дегеннің не екенін білесің бе өзің? — деді балалардың біреуі.

– Білем.

– Айта ғой білсең.

>– Уәде ме, уәде  – адамның ар-ұятымен айтылған сөз, қасиетті  сөз. Осылай  деп   анасы  үйреткен еді.

– Жақсы. Сен ғой тентек Бәйкеннің жетегімен кеткеніңді айтпай, бәрін өзім істедім дейсің. Біз барлығын да біліп қалдық. Осы қалай? – деді Еркін ағай. Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп қыбыжықтай берді, төмен қарап тырнақтарын шұқылады.

– Не десем екен? – деді ол қиналып. – Былай, ол да уәде. Мен айтпауға, жолдасымды ұятқа қалдырмауға уәде бергем.

– Солай ма, ол жайлы шешеңе де айтпадың ба?

– Иә.

– Енді неге айтып тұрсың?

– Жаңа ғана өтірік айтпаймын деп уәде бердім ғой.

Балалар ду күлді.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here