Зейнел-Ғаби Иманбаев

Жәкіш аяғын ықылассыздау басып келеді. Осылай қарай жүрсе, бетінен оты шығады. Құлағы қып-қызыл болып кетеді. Аулаға кіре беріп, мойнын созып қораға қарады. Рысбай атай шөп үйіп жатыр екен, жанына барды.

– Денің сау ма, балам!

– Шүкір, ата, айырыңызды бере тұрыңызшы, мен-ақ лақтырып тастайын.

– Көп жаса, қарғам, өзім де үйем ғой.

Қарттың шешек секпілдеген бетінен тер тамшылап тұр.

– Ата, беріңізші, сіз демала тұрыңыз.

– Көп жаса, қарғам! Күшің келер ме екен?

– Келеді.

Жәкіш иісі мұрын жаратын жап-жасыл судыраған пішенді іліп лақтыра берді. Бойы биікке еркін жетпесе де, шөпті еңсеріп тастады. Денесі терлеп қоя берді. Мойнына шөптің үгіндісі түскеніне де қарамады. Анадай жерде дөңгелек жүгіртіп Бәйкен өтіп барады.

– Кел-ей, атайдың шөбіне қолғабыс етейік, – деді айқайлап. Анау қолын бір сілтеп кете барды. Соңғы айыр пішенді де төбеге шығарды.

–  Көп жаса, қарағым, жігіт екенсің, Ту-у, терімді құрғатып, демалып қалғанымды қарашы! – деді Рысбай атай баланы басынан сипап. Жәкіш арсалаңдап күле берді.

– Ата, көмек керек болса шақыра қойыңыз. Қашанда бас тартпаймын. Өзімнің күшім жетпесе, мектептегі балаларды алып келем.

  • Көп жаса, қарағым, Бірімжанға тартқан екенсің, – деді қарт риза болып.

  

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here