Сыр

Сүйкімді қызға сыр айтпадым көптен

Әзілімді ұқпай қалар ма екен деп.

Аққудай өзі әдемі неткен

Айдынды жүрген мекендеп.

 

Сөйлессең сөзіңді айтқызбай ұғып

Қызықтай көріп тыңдайды.

Әуезесі де әсерлі шығып

Елестер шақтар сырнайлы.

 

Сүйкімді қызға сүйем деп айтып

Сезімге болмай айыпты.

Көргендей болам көзіне қарап

Аққулар жүзген Жайықты.

 

Айдың да жүзі төменшік тартып

Жан сырын тұр-ау жасырып.

Қалқаның өңі одан да нұрлы

       Ай нұры түскен шашылып.

 

Келем деп айтқан асыл жар еді.

Қай жаққа кетті ол тез келмей.

Зарығып жарын күтеді ғашық

Дүние тұрса өзгермей.

                                  11.11.1012

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here