Жас толқын

 

 

Түн.  Тыныштық.  Әуелеп келіп  қалықтаған  ән.

– Қарап  тұрсаң  беу  дүние  шолақ  екен-ау,

   Бір-біріне  адамдар  қонақ  екен-ау.

Қонақтар  үнсіз  тыңдауда. ән  маңайды  ұйытып  тастаған. Тағы  да  бір  терме  тыңдалды. Үлкендердің  бірі:

– Е,  шіркін,  рас-ау  бәрі,– деді  күрсініп. Басқарушы  тағы  да  сөз  бастап,  жұртты  есік  алдына  тынығып,  сергіп  келуге  шақырды.

  Түн.  Дала. Күздің  қаңғырған суық  желі  соғып  өтеді. Үй  жақтан  музыка  дауысы  алабөтен  қатты  болып  естіледі. Қайыржан  қайтарда  тағы  да  өткендегі  сияқты  Әсиялармен  бірге  қайтқан. Бірге  жүріп  сөйлесуге, жақын  жүруге,  таныс  адамдай  араласуға  айналғандай.

Есік  алдына  келген  соң  да  бұлар  ұзақ  әңгімелесіп  отырды. Бірақ  сөздері  жандары  жақын  емес,  бір-біріне  бөтен  адамдардың  түсінігіндей  боп  шығатын  жерлері  көп  екен.

           

*   *   *

 

Мектеп  іші. Жеке  бөлме.  Қайыржан  стол  басында  отыр. Таза  киінген. Қалғандары  түрегеп  тұр. Алдан  спорт  киімімен. Мойнына  ысқыруық  тағып  алған. Қуаныштың  үстінде таза  киімнің  сыртынан  киетін  жұмысшы  халаты. Тасболат  та таза  киінген. Екі  қолы  қалтасында, костюмінің  түймесін  ағытып  жіберген. Мойнына  байлаған  галстугі  байқалады.

Әсия  айна  алдында  таранып  тұр. Өзі  жалғыз. Қайыржан  кіргенде  жылыұшырап  жалт  қарады. Екеуі  амандасып  сәл  тұрды. Көрші  бөлмеде  мектептің  ұйымдастырушысы – Айман,  жақынырақ  жерде  Әсия, тәрбиеші  Гүлия,  орыс  тілі  маманы  Тасболат,  спортшы  Қуаныш,  әнші  Алдан. Жағалай  әңгімелесіп  отыр.  Әркім  өзінше  жайғасқан. Алдан  сүйкімді  жүзін  күлімсіретіп:

– Біз  өйтіп-бүйтіп  қол-аяғымызды  бауырымызға  алғанша  бір  апта  өте  шығыпты. Ауданда  баскетболдан  бірінші  орын  алдық. Жай  рахметі  болмаса  басшылық  тарапынан  ешқандай  қолдау  болмағандықтан,  осы  қуанышты  өзімізше  жиналып  атап  өтсек  болар  еді, –  деді.

 – Әрине,  атап  өтілсін, – деді  Айкен  әңгімені  түбірімен  қостап. Қуаныш  та  онда  тұрған  не  бар  бәрі  өз  қолымызда  Жас  толқын

 

Тамыз  айының  қараңғы  түні. Қуаныштың  үйінде  туған  күн  кеші  өтіп  жатыр. Ұзын  столдың  екі  жағында  жағалай  отырған  қонақтар. Көбі  қызып  терлей  бастаған. Әзіл-қалжыңы  аралас  жылы  сөздер. Әндер  айтылып  жатыр. Дастарқанның  әр жерінде  арақ-шарап  бөтелкелері  сораяды. үй  иесі  көңілсіздеу  отырған  қонақтарды  қузап  шарап  ішкізумен  жүр.  Келіншегі  төменде  шай  құйып  отыр.

Басына  ақ  орамал  тартқан,  үстіне  гүлді,  ұзын  көйлек  киген  Айкен  күлімдеп  әзілдей  түседі:

– Әй,  Халима  шай  іш, – деп  қояды. 

Әйелдер  жағының  күбір-сыбыры  көбейіп  бара  жатқан  соң  Қуаныш  сөзді  Қайыржанға  берді. Қайыржан орнынан  ақырын  көтеріліп,  баяу  сөйлейтін  әдетімен  бөгелмей  тез сөйлеп  кетті. Осыдан  дәл  екі  жыл  бұрын  осы  үйде  Қуаныш  пен  Айкеннің тойына арнап  талай  сөз  сөйленгенін,  енді  міне  дүниеге жас  сәби  келіп,  соған  көпшіліктің мына дастарқан  басына  көпшілік  қуанышпен  жиылып  отырғанын  атап  өтті.

– Дүниеге  келген  жас  сәби  тезірек  ширап, тілі  шығып, қаз  тұрып  тәй-тәй  бассын. Атасы  мен  апасының  көз  қуанышы  болсын. Әке-шешесіне  де  осы  тілекті  айтып,  Әлі  жетпегеніміз  болса  осындай  қуанышқа  жетейік  дегім  келеді, – деді.

– Ой, бәрекелді,–деп Қуаныш  көтермелеп  қойды.–Түн  өзіміздікі. Асығыс  жоқ. Ертең  болса  демалыс. Таң  атқанша  тойласақ  та  ерік  өзімізде…

 Қайыржанның  сөзін  қостап,  кейбіреулер  стакан  соғыстырып  жатыр. Күле  түсіп  отырғандардың  біразы  бойдақ  жігіт,  басы бос қыз  екенін  айтып  әлі  алдымызда  той  деген  жетеді  дегенді  айтып  қояды. Айкен  тек  отырмай:

– Қадыржан  қыздарды  көп  таңдап  қайтесің, осы Айманды – ақ  ала  салсайшы. Үйлерің  жақын,  жұмыс  бірге,  оқу  жағы  біткен,–деп  сыңқылдап  күледі. Қатар  отырған  екі-үш  қыз  қуана  қолдап:

– Рас-ау,  алыстан  арбалағанша,  тойға  барайық, – деп  әзілдейді.

–Ол  іске  асар  ма екен,– деп жымиып  күледі  Қайыржан.

– Неге?..

– Жауабын  өзінен  естірсіңдер…

– Ала  салатын,  мен  немене  сендерге  затпын  ба?–деп  Айман  қызарақтап,  Айкенге  бұл  әңгімені  неге  қозғадың  дегендей  қарады.

– Оның  көңіл  күйі  көтеріңкі  адам  ғой,  көне  ме,  сөйте  сал,  бүйте  салға. Сонысы  дұрыс, – деп  Қуаныш  жақтап  жатыр.

Енді  Айман  өзіне  жігіттердің  не  төресі  сөз  салып  жүргенін,  ал керісінше  күйеуге  тие  салмай  сүйген  адамына  шығатынын  айтқысы  келеді,  оған  бір  қыздар  дау  айтып  жиырма  бестен  асқанша  ешкімді  сүйіп,  таңдай  алмаған  адамның  кейінгі  таңдауы  бос әрекет  дегенді  айтып  дауласуға  кірісті. жұрттың  алды  жарыса  сөйлеп,  бірін-бірі  тосып  сөйлеуге  шыдамай  қызып  дуылдаса  бастады.

Қуаныш  отырғандарды  шетінен  қузап,  қыздарға  шарп  ішуді  үйретіп, сөзге  кірісе  алмай  отырғандарды  алдандырып  жүр. Қолына  кішкене стаканын  алып,  тағы  да  кезекті  адамға  сөз  беріп  жатыр:

– Біздің  мектепке  биыл  тағы  да  жақсы  жаңалық  қосылды. Оқу  бітірген  жас  құрбымыз  ортамызға  қосылып  отыр. Мен  де  жөнді  танымай  жатырмын,  сөйтсе  де  осы  құрбыма  сөз  беруді  жөн  көріп  тұрмын. Өзіңді  мына  отырған  жұртқа  таныстырып,  қай  жақтан  келгеніңді  айтып,  сұлу  жүзіңізді  айналаға  көрсетіп  қоюыңызды  сұраймын,– деп  бітірді.

Айкен  оның  бұл  құбылысын  қағытып  жатыр:

– Апырай  осы  біздің  Қуаныш  тіпті  шешен  боп  барады  осы. Құрбы-құрбы, – деп  тіпті.

Жас  қыз  ұялып  орнынан  тұрмаса  болмайтын  болған  соң  сәл  бөгеліп  өзіне-өзі  келгенше,  жұрт  не  айтар  екен  деген  кісіше  тынышталып  осыған  қарап отырды. Сұңғақ  бойлы  әдеміше  қыз  көп  бөгелмей  сөйлеп  кетті. Үні  ақырын  естілгенімен  дауысы  құлаққа  жағымды  тиеді  екен. 

– Менің  есімім  Әсия, – деп  жымиып  қойды. Сәл  бөгеліп  барып  өзінің  қандай  оқу  бітіргенін,  қай  жерден  келгенін,  алған  мамандығын  айтып  шықты. Оның  соңынан  той  иелеріне  қысқа  ғана тілегін  жеткізуді  де  ұмытпады.

– Бәріңіз  де,  әсіресе  той  иелері  бақытты  болыңыздар,– деді  сөзін  аяқтап. Соңында  сәл  қызарып  барып  орнына  отырды.

Қуаныш  жасы  кіші  болса  да  кейде  көп  сөйлеп  кететін  әдетімен  жаңадан  келген  қызды  Қайыржанға  қайталап  тапсырып,  қандай  қызға  да  лайық  жігіт  болған  соң  соны  сізге  қарап  жүрсін  деп  айттым  деп қызға  қарап  қайта-қайта  тапсырып  жатты. Осымен  тойдың  алғашқы  отырысы  бітіп,  үзіліс  басталды.  Қуаныш  тұруға  асығып  отырған  қонақтарға  алдағы  жоспарды  айтып  жатыр:

– Жолдастар  түн  болса  ортадан  ауып  барады. Алдыда  әлі  үлкен  тамақ  бар  дегендей,  сәл  үзіліс  жасап  тынығып  алсақ  дұрыс  болар  еді, – деді. Осы  сөзді  күтіп  отырғандай  көпшілік  біртіндеп  кезектесіп  есік  алдына  шыға  бастады.

Есік  алды  кең. Аула  ішіне  биіктен  жарық  түсіп  тұр. Музыка  ойнай  бастады. Би  басталды. Қыздар  айналып  билеуге  кірісті. Жігіттер  топталып  темекі  тартып  тұр. Біртіндеп олар  да  биге  шыға  бастады. Алдан,  Темірболат, Жәркен,  Қуаныштар  қызулана  билей  бастайды. Музыканы  бар  дауысымен  қойып  айқайлап  та  қояды. Қайыржан   шет  жағында  жас  қызбен  вальс  билп  жүр. Қыз  бірдеңелерді  сұрап  қояды. Қайыржан  оның  сұрағына  күле  түсіп  жауап  қатып  жатыр.

Өстіп  қызулықпен  бірталай  уақыт  өткенде  қонақтар  қайта  дастарқанға  шақырылып,  кейінгі  отырыстан  кештеу,  әбден  қызыңқырап,  дауыстай  сөйлеп,  түн  ортадан  ауғанда  шуылдап  шыға  бастады.  Киініп  алып,  топ-топ  болып  қайтуға  жиналып  жатыр. Қонақтардың  алды  хош  айтысып  кетіп  жатса,  кейінгісі  үйден  енді  шығып  келеді.

Жәкен  тәлтіректеп:

– Ал,  Қуаныш…  Екһ, – деп  ықылық  атып,  көзін  ашып-жұмып, бірдеңе  айтқысы  келеді.

– Жәке,  қалсаңшы,  неге  асықтың, – деп  Қуаныш  та  жібергісі  келмей жүр. Олардың  бұл  түрінен  секем  алған  кісіше  қарасұр  әйел:

– Әй, Жәкен  қой  қайтайық.  Халима  да  дем  алсын,– деп  күйеуін  қолтығынан  алып  сүйрегендей  қылып  әкетіп  барады. Қуаныш бір  кезде:

– Әсия,– деді  дауысын  көтере.

– Мен  мұндамын, –  деп  күлді  қыз.

– Міне,  қызметшің,  бір  жағыңда  апайың  бар,  бір  жағыңда  Қайыржан бар,  тура  апарады  үйіңе,– деп  тапсыруда. Әсия  қызарып кетіп, ақталғандай  болып:

– Үй  жақын  ғой,  Өзіміз  барамыз,– деп  рахмет  айтуда.

– Жо-жоқ, менің  үйімнен  қонақтан қайтқан  соң  жас қыздардың  жоғалып  кеткенін  қаламаймын, – деп  әзілдеп  жүріп  Қайыржанды  Жесір  келіншектің  үйіне  деәйін  шығарып  салуға  қосып  жіберді. Бір  жағы  қуаныш  айтқан  соң  көңілін  қыймай  тапсырмалы  болып,  бір  жағы  жалғыз  қайтқанша  жолда  серік  болсын  деп  екуін  қасына  қосып  алды.

Түн. Қыркүйектің  бас  кезіндегі  күздің  салқын  түні  әдеттегіден  ызғарлы,  әрі  қарағы  көрінді. Үшеуі  әңгімелесе  жүріп,  қарңғы  көшелермен  үйге  таяды.

– Әсия,  қалай  біздің  ауыл  ұнады  ма? – деді  Қайыржан  бірталай  үнсіздіктен  кейін.  Үйге  де  келіп  те  қалыпты.

– Әрине,  ұнайды,  ауылдарыңыз  көрікті  екен.  Әсіресе  тұрған  жері,  табиғаты  ерекше  сияқты.

– Дұрыс  байқаған  екенсің,  бұл  ауыл  Аякөз  өңіріндегі  ең жері  сұлу  мекен. Бірақ  табиғаты  қатал,  қысы  суық, – деп  біраз  сөйлеп  тоқтаған  Қайыржан  осының  бәрін  білгішсіп  несіне  айттым  екен  деп  ұялып  кеткендей  болды  бір  сәтке. Әсияның  жанындағы  келіншек  Аяған  дегеннің  әйелі  еді. Күйеуі  бұрынырақ  қайтыс  болып,  келіншек  қазір  мектепте  түнгі  күзетші,  киім  ілуші  сияқты  қызмет етіп  жүретін. Сөзге  бұйығы  адам  енді  есікті  ашып,  бұларды  кіре  берісте  тосып  тұр  еді.

Қыз  да  қасында  тұрған  жігітпен тез  қоштасып,  үйге  асыққандай  ішке кіріп  кетті. Қайыржан  есік  жабылған  соң  да  шарбақтың  жанында  біраз  тұрды.

– Иә, несі  бар  тартымды  қыз,– деп  ойлады.

 

                                                      *   *  *

 

Қайыржан  жарық  бөлмеде  кітап  оқып  отыр. Сөреде  тізілген  кітаптар. Столда  да үйілген  кітаптар,  дәптер,  қалам,  қарындаштар. Есіктен  ағасы  Дәуіржан  кірді. Ұзын  бойлы,  шашын  кейін  қайырған  денелі  жігіт. Ол  да  мектепте  мұғалім.  Қолтығында  папка. Таза  киінген. Үстінде  костюм-шалбар,  ақ  көйлек  киіп,  қара  галстук  таққан. Дәуіржан  бауырының  өңінен  өзгеріс  іздегендей  сынап  қарайды.

– Қонақтарың  қалай  болды. Көңілденіп  жақсы  тарадыңдар  ма?– деді.

– Иә, сәл  кештеу  қайттық,– деді  бұл.

Шешесі  келді. Орта  бойлы   дөңгелек  жылы  жүзінен  нұр  тамған  жасы  елудің  ортасындағы  ақсары әйел. Бұл  әйелдің  ұқсатымы  мен пысықтығы,  тазалығы,  аңғарымпаздығы  ерекше  адам  еді. Ұлдарына  сұраулы  пішінмен  қарап  шайға  шақырды.

– Мына  ұлыңа  айтам,  жасың  жиырма  беске  келді  үйленсеңші  деп. Ана  Айманға  құда  түсейік,  ауылға  тағы  бір-екі  қыз  оқу  бітіріп  келіпті,  соларды  көрсеңші  былай, – деп  төтесіне  көшті.  Оның  осы  төтелігі,  тәуекел  етіп  алып  өкініп  жүретіні  әкесіне  ұқсайтын. Сондықтан  шешесі  көбіне  сабыр  тұтып,  Қайыржанның  асықпайтын  жайбасар  мінезін  құп  көріп  оны  ешқандай  шаруаға асықтырмаушы  еді. Қазір де  сөйтті.

– Қайдан  білейін  өзіне  қандай  адам  кезігерін,  мына үйге  ие  болатын  біреу  тап  десем  асықпай  жүр  ғой  інің.  Әйтеуір  ақтаратыны  кітап, – деп  жылы  үмітпен  жымиды  да  қойды.

Дәуіржан  аңқылдап  сөйлейтін  әдетімен:

– Ана  жеңгеңді  білесің  ғой,  әйтеуір  осы  салақтар  әулетінен  алыс болшы,  кімді  алсаң  да,– деп  ақыры  шынын  айтып  тынды.

 

*  *  *

 

Мектеп  ішіндегі  мұғалімдер  бөлмесі. Терезесі үлкен  жарығы  мол.  Стол  басында  екі  әйел  сырласып  отыр.  Бірі  Дәмеш  те.  екіншісі  Айман. Дәмеш  денелі  сары  әйел,  дауысын  әндете  созып,  сызылып  сөйлейді.  Күйеуі  ауылдағы  белді  басшылардың  бірі,  сонысына  да  иек  артып,  екінші  жағынан  қалада  өсіп  мәдениет  көргенін,  көзі  ашықтығын  жұрт  біледі.  Бірақ  тұрмыста  икемсіздеу,  киім  мен  дүниеге  қызықпайтын  болған  соң  ауыл  әйелдерімен  сөзі  көп  жараса  бермейді. Оның  үстіне  бұл  күйеуіне айтқанын  істететін  би  әйел  екнін  елдің  бәрі  біледі. Дәмеш  дауысын  соза  түсіп:

– Айман  мәнсәбің  құтты  болсын.  Сенің  осы  қызметке  қол  жеткізуіңе өзім  ықпал  еттім.  Әлгі  облыстағы  ағаң  біздің  ұлды  оқуға  түсіргенде  сол  жақсылығын  немен  өтеймін  деуші  едім.  Әне  дүние  кезек  деген  осы,  ағаңның  да  саған  көмегі  тиді.  Онда  да  мен  құлақ  етін  жеп,  Айманға  әпер  осы  қызметті  деп  болмаған. Әйтпесе  ана  қайыржандар  жүр  ғой.  Бар  реті  соныкі  еді.  Осылай  істедік  міне. Енді  артқан  сенімді  ақтап  істеп  кетсең  жақсы-ақ  болды. Қызметке  өзің  де  ширақсың  ғой.  білмей  жатқан  жерің  болса  көмектесер  үлкендер  бар  ғой.  Ал, тілектеспін  жаным,  өркенңн  өссін, – деп  бірталай  қызу  тілек  айтқан.

Айман  да  көзі  жайнай  түсіп,  жылы  сөздерге  көңілі  берілгендей  Дәмешті  тыңдай  берді. Сонан  соң  бұл  қызметтен  не  абырой  табатынын  білмейтін  адамша,  осыған  босқа  әуре болған  жоқпын  ба  деген  ішкі  ойын  білдіріп  алмауға  тырысты. Айман  әдетте  өте  мәнсәпқұмар  қыз  еді. Бала  жасынан  шешесі  құлағына  құйып  өсіргендегі  түсінігі,  адам  қайда  болса  да  қолы  бірдеңеге  жетіп, пайдалы  істің  құлағын  ұстауы  тиіс. Ол  үшін  таныс,  туыс,  дос-жаран,  тіпті  басқаны  да  тілектес  етіп  алудың  сөкеттігі  жоқ. 

Ана  облыстағы   Сәпектің  арқасында  мына  жаман  байы  ауылдағы  ең  майлы  жерде  жүр. Егер ол  болмаса нетер  едік. Көмек  берер  кім  табылмақ.  сондықтан  абыройды  пайдаға  да  асыру  керек. Біз  қимылдамасақ  басқалар  баса  қимылдап,  өмірің  басыңқы,  жарықсыз  боп  өтпек. Бұл  ақылдың  санасына  сіңгені  соншалық  Айман  өзінің  мінезіндегі  көп  жайсыздықтар мен  біліміндегі  кейбір  шалалықтарын  да  жасырып  жіберіп,  ағасын  сала жүріп  кіші  болса  да  дәрежеге  жеткеніне  іштей  мәз  болып  марқайып  еді. Осы  марқаю  үстінде  риза  болған  кейіппен  Дәмешке  алғысын  айтып  ішіндегі  ойларын  да шығарды:

– Көмек  сіздерден,  апай,  ал  талап  бізден.  Оңай  болмасын  біліп  тұрмын. бірақ  сенгенім  де  осал  емес,  сіздер  барсыздар  ғой, – деп  аяқтады  сөзін.

– Жұртпен  тіл  табысып,  қақ-соққа  ұшырамасаң  бопты  жаным. Талабыңа  нұр  жаусын.  Саған  көмек  еткенде  тағы  өз  ұлымды  да  ойлап  отырмын,  ол да  бір  жаққа  кетті  ғой,  оқу бітіріп,  сүйенері  тек  білімі  ғана.  Қиын-ақ, – деп  баласын  ойлап  кетті.

 

*  *  *

 

Жастар  отырған  бөлмеге  папкісін  көтеріп  Қайыржан  кірді. Жайбарақат  пішінмен  айнала қарап:

– Сәлеметсіңдер  ме,  қыздар,– деп  естірте  амандасты. Айкен  жазу  жазып  отырған  күйі  қаттырақ  дауыстап:

– Қайыржан, мұнда  кел. Үлкен  қуаныш  боп  жатыр. Жаңалық  бар,– деді. Қайыржан  жаңалық  дегенге  құлақ  қойып,  бұлардың  қасына  таяп,  орындаққа  сүйенді.

– Иә,  ол  не  қуаныш  екен?

– Естімедің  бе,  мына  Айман  директордың  орынбасары  болды. Өсті  қызметі, – деп  Айкен  айнала  қарап  өз  сөзіне  қолдау  күткендей  қарады. Қайыржан  жымиып:

Құтты  болсын, – деді. Терезе  алдында  тұрған  қызға – Әсия,  қалай  сағаттарыңды  алдың  ба?– деді.

– Әзірше  аздау,  он  алты  сағат,  кейін  толтырып  бермек  болды.

– Онда, мүмкін  қосымша  класс  жетекшілігін  берер.

Столда  жазу  жазып  отырған  Айман  сөзге  араласып:

– Класс  жетекшілік тәжірибелі,  үлкен  мұғалімдерден  де аспай  жатыр.  Так – что  не  надейтесь, – деді.

– Мынау,  әлден  болмай  жатып  аузын  қу  шөппен  сүртті  ғой, – деп  күлді  Айкен.

– Рас, рас.  Жоқ  болса  да  алдан  үміт  ету  керек  қой, – деді  Қайыржан.

– Не  понимаю. Жоқ  нәрсені  қалай  бар  деу  керек, – деді  Айман  алқанын  жайып. Айкен  ашық  күлуге  айналды:

– Бастық  боп  көктетпес  мынау, сірә.  Қайыркен  сен  осыған  дұрыс  бармай  жүрсің.  Адам  танисың.

Қайыржан  әлденеден  ақталғандай:

– Айман  теңдесі  жоқ  қыз  ғой.  Тек  біз  ғой  кісі  танымай  шатысып  жүрген. Жігіттер  бағасын  біле  ме  жақсы  қыздың, – деп  тоқтады. Айман  көзі  аударып  бұл  сөздің  мағынасын  ұға  алмай  отыр.

Қайыржан  қағаз  ақтарып  керегін  іздеді. Әсия  ештеңеге  араласпай өзімен-өзі. Бірнеше қыз  ақырын  әңгімелесіп  отыр. Ғалия  сұлу  ақыры  тыныштықты  бұзып:

– Айтпақшы  бүгін  Шәпен,  апайдың  тойы  ғой.  Баласы  оқу  бітіріпті ,– деп  қуанышты  жаңалық  айтқандай  кім  не  айтар  екен  дегендей  айнала  қарады.  бірақ  ешкім  ештеңе  айтқан  жоқ.  Іштей  оған  бәрі  де  қуанышты  сияқты.

*  *  *

 

Үй  жанына  тігілген  палатка  ішінде  қонақтар. Дастарқан  басқарушы  қырықтағы  жігіт  ағасы. Төр  жаққа  кілем  тұтылған. Ол  жерде  отырған  – Несіпқұл. Одан  былай  кәсіподақ  төрағасы  ақбас  Сейіт, тағы  бір-екі  үлкендер. Олардан  соң  екі  шетті  ала  отыздан  асқан  жастар,  үйленген  бірер  сарн  адмдар отыр. Несіпқұл  әдеттегі  нығыздап  сөйлейтін  қалпымен:

– Әке-ау  бастырмалатып  жібердіңдер  ғой  мына  ақаңды. Байқаңдар.  Ақиып  шығ  келмейік, – деді. Айнала  қарап  алып – Бұл  өзі  ұжымның  бәрі  жасарып,  шетінен, кілең  жастарға  айналып  жатыр  екен-ау  өзі. Алдыда,  аман  болсақ  әлі  талай  қуаныш  бар  сияқты. Қыздарымызды  ұзатып,  жігіттерімізді  үйлендіріп  дегендей. өмір  болса  талай  қызығын  көрмейміз  бе,  Сейіт.

Сейіт  басын  изеп: – Әрине, әрине. Мына  Қайыржан,  ана Айман  әне, піскен  алмадай  дайын  отыр,  әшейін. Отырғандар  дуылдап  қостай  кетті. Әркім  өз  болжамын  айтып,  тағы  біреулердің  атын  қосып  жатыр. Несіпқұл  осы  жерде  қызара  бөртіп:

Қайыржан  үйленгенде  өзім  бас  құда  болам,– деді. Көп  назарының  өзіне  ауғанына  қызара  түсіп:

– Өзімнің  үміт  күткен  шәкіртімнің  бірі  ғой.  оны  мен  қолдамасам  кім  қолдамақ,– деп  көтеріліп  қойды.

Үй  иесі  Дариға  шай  әперіп  жатып:

– Жастар  көп  болғаны  жақсы. Олар  жүрген  жер  көңілді  болады. Әрі  бұлар  жұмысты  да  құлшынып  істейді,– деді.

Несіпқұлдың  орынбасары  зор  дауысымен  әуелетіп  ән  салды. Өзі  жаннан  өткен  қу  жігіт.  үнемі  жұмыстың  аз  тұсында,  жан  ауырмайтын  жағында  жүреді. ішкі  есебі  де  берік. Ана  Несіпқұлға  Қайыржанның  әрбір  адымын  аңдып,  айтып  отырады.

 

 

 

емес  пе  дегендей:

– Аталсын. Аталсын,– деді. Осы  кезде  Қайыржан  кірді. Қолында  папка. Көзінде  көзәйнек. Бір  қолтығында  карта,  карта  көрсететін  таяқ.

– Иә,  бұл  не  шу, – деді  ол  кірген  бойы  әйтеуір  бірдеңеге  талас  туып  жатқанын  сезіп. Бірақ  өз  дуларымен  болып  жатқандар  бұған  назар  аударған  жоқ. Алдан  екі  қолын  көтеріп:

– Достар. Қыздар-жігіттер,  кане  мүшелік  жарна  төлеңдер,– деп  іске  кірісе  бастады. – Жина  Гүлия.  Кешкі  тоғызда  Әсия  тұратын  үйге  жиналамыз. Бітті  әңгіме.

Айман  ұнатпаған  кейіпте:

– Той-томалақ,  ырду-дырду  ертеңгі  жұмысқа  бөгет  болмай  ма,  мен соны  ойлап  отырмын.

– Бөгет   емес  керісінше  пайдалы  болады,– деп  жауабын  елден  бұрын  Тасболат  берді. Айман  қызарып:

Жарайды,  көрерміз,– деді.

– Сен  қылтимай,  өзің  де  жүр  бізбен,– деді  Айкен.

Қоңырау  соғылып,  әркім  өз  сабағына  тарай  бастады.

                                              

*   *   *

 

Түн.  Кең  үй.  Ортасы  пешпен  бөлінген  ауызғы  бөлме. Шағын  дастарқан  басында  жиі,  иық  тіресе  қатар  отырған  жастар. Алданның  қолында  гитара,  әндетіп  отыр. Қайырмасына  басқалары  да қосылып  кетеді. Стол  үстінде  әр  түрлі  тағамдар  мен  қоса  әр  жерден  арақ-шарап  бөтелкелері   сораяды. Әнді  аяқтап  Алдан  қарсы  отырған  Әсияға  телміре,  көздерімен  мейірлене,  еміне  қарап,  гитара  ұсынады.

– Сұлу  құрбым,  ендігі  кезек  сіздікі. Әсия  сәл  қызарып  тартынып  еді, қыздар  шулап  Алданды  қолдап  кетті.

– Несі  бар,  Әсия.  Кеше  айтып  едің  ғой  тамаша  әндер.  Бүгін  неге  айтпайсың.  Әлде  көңіл  күйің  болмай  тұр  ма?

– Көңіл  күй  болмаса  қазір  жасаймыз.  Міне,  тура  кешегідей  етеміз.  Кеше  ресторанда  қалай  болды  қыздар.  Қызық  емес  пе?

Кешегіні  айтуға  қыздар  ұялғандай,  ал  Алдан  олардың  бар  құпиясын  біліп  алғандай  сөйлеп  қояды.

Иә,  не  болыпты  кеше,– деп  Қайыржан  әдейі  сұрақ  қойып  еді,  Алдан  қызық,  қызық  болды  деп  күле  берді. Өзі  әлгіндегі  ішкен  виноға  қызып  қалғандай. Ол қызық  болды  дегенде  Тасболат  та   көзін  ашып-жұмып  күлімсіреді. Мына  құпияға  түсінбеген  Қайыржан  ән  тыңдауға айналғанда,  Қуаныш  құлағына  сыбырлап:

– Кеше, әспенсіп  отырған  сұлуымызды  виноға  тойғызып, Алдан  таксимен  алып  кетті, – деді. Ертеңінде  қарасақ  тамағы  түгел  қып-қызыл. Ха-ха-ха. Қайыржан  күлген  жоқ.  Қуаныштың  неге  күлгеніне  түсінбей:

 –Тіл  табысқан  екен  ғой, – деді.

– Иә,  мықтап  табысты.  Ілінді  ғой  мықты  қармаққа  Алдекең.  Бұл  қыз   өтк  менмен. Ана  ақкөңіл  бейшараның  етін  жеп,  сүйегін  тастар. хи-хи-хи.

– Ой, қойшы  сен  де  не  болса  соны  айтады  екенсің,  өз  қатары  ғой  не  істесе  де, – деп  ән  тыңдауға  кірісті. Әсияның  жап-жақсы  тұнық  даусы  сәл  мұңды  әнді  бастап  алып,  жұртты  ұйыта  әуелеп  барады. Анда-санда  қосылған  гитара  үні  қосақталып,  адам  қолына  түспейтін  асай  толқын,  алдамшы  армандай  әлдеқайда  жылжып  кетіп  жатыр.  Кеудеге  білгісіз  бір  сағыныш  лебізін  құяды.

Әлі  де  түсініксіз,  алыстағы  арман  дүниесін,  сағым  қуған  жастық  шақ  елесін  қозғай  ме немене?  Қайыржанға  осы  кезде  ән  салып  отырған  қыз  әлі  де  соншалық  аңқау,  қорғансыз,  бала  тәрізді  алды-артына  қарамайтын  сенгіш  көрінді. Ол  енді  осы  қалпында, ана  Алдан  сияқты  талай  қыздармен  көңіл  қосып,  алдап-сулап  дегеніне  жетіп  алған  соң  теріс  айналып  жүре  беретін  қалпымен  әйгілі  жігітке  көңіл  қоспақ  қой. Ән  өзінің  өкініш  күйін  тербеткен  аянышты,  зарлы  ырғамен  барып  аяқталып  қалды. Қыздар  көңілдене  қол  соғып  жатыр.  Оларға  әннің  көңілдісі де,  көңілсізі  де,  мән-мағынасы  да  қажет  емес  сияқты.  түсініп  те  отырған  жоқ.

Айман  екі  беті  алмадай  қызарып  қасындағы  Айкенге:

– Әнеукүнгі  жігітті  кеше  тағы  сүмірейтіп  қоя  бердім. Бишара екен  өзі  де.  Келме  десем,  сүмірейіп  күнде  келеді. Самолюбия  жоқ,  жігіт  емес  тряпка.  Мен  қайтем  оны.

– Ой,  ондай  жігіттер  жақсы  ғой.  Мойнына  мініп  алып,  айтқаныңды  істетесің  де  отырасың. Маған  келсе  ғой  сондай  жігіт. Жүр  ғой  әне  Қуанышың  оқтау  жұтқандай.  Түкке  икемі  жоқ.  Так-что  сен  кергіме,  көн  ол  жігітке.  Тіпті  керек  қылмасаң  маған  таныстыршы  өзін  есін  шығарайын.

– Қой  ойбай  күйеуің  естіп  қап  пәле  ғып  жүрер.  Білдіреміз  бе  оған. Қуаныш  екеуінің  сбыр-күбіріне  күліп:

– Немене  тіпті  ауыздарың  босамай  кетті  ғой,– деп  жатыр. Қайыржан  алғашқы  столдан  біреу  ұрып  тастағандай,  өзінен-өзі  шаршап  қалжырап  шықты. Аздап  қызу. Шараптың  қызуы  бойына  енді  тарап,  буын-буынын  қуалап,  бүкіл  денесіне  жайылып,  қыздырып  балқыта  түскендей.

Түн. Қараңғылық. Бақша  ішінде  Қайыржан  өзі  жалғыз  отыр. Мүлгіп  барып  ұйықтап  оянады. Орнынан  тұрып  айналап  қара  еді,  көзіне  әр  жерде жансыз  адамдай  ербиіп состиған  ағаштар,  бозарып үңірейген  қараңғылық, көмескі  шам  жарықтары түсті.  Арасында  ауыл  үйлерінің  шамдары,  аспандағы  жыпырлаған  жұлдыздар   байқалады.

Сәл  тынығып  қалғандай  болып  қайтадан  үй  жаққа  жүрді. Бұл  мезетте  шулы  топ  есік  алдына  шығып,  музыка  дауысын  саңқылдатып  қойып,  алқын-жұлқын  билеп  жатқан. Айкен  Қуанышпен,  Тасболат  Гүлиямен,  Алдан  Әсиямен,  тағы  бір  жас  жігіт  Айманмен  айнала  дөңгелеп  билеп  жүр.  Көбі  қызу.  Түнгі  дауыстары  қатты  шығып,  ауылдың  бір  шетіне  дабырлары  жетіп  жатқанын  білмейтін  сияқты.

Қайыржан  ертеңгі  жұмысты  ойлап,  ертерек  қайтпақшы  болды.  Алдан  оны  жібермей  қайтадан  ішке  кіргізіп,  мөлдір  шараптан  толтыра  құяды.

– Осыны  ішсең  қатып,  жақсы  ұйықтайсың.  Біздің  жеңіс  үшін. Әсия  келіп  биге  шақырып  тағы  да  біраз  бөгелді.  Қыздың  екі  беті  алмадай  албырап,  әбден  бойына  шарап  қызуы  тарап  алғандай.

– Кетпеңіз  аяғына  дейін  болыңыз, – деп  қояды.

Бұдан  кейін  Тасболат  пен  Қуаныш  келіп:

– Сен  неге  көңілсізсің,  қане  кел  көңіл  жасайық. Сейіл  ғой  бұл.  Көңілденсеңші, – деп  олар  да  болмай  қузап  шарап  алғызуға,  өздері  де  қызулана  билеп  шын  ойынға  берілуге кіріскен. Кезекті  биден  кейін  Қайыржан  алдындағы  нәрселердің  бұлдырап,  бір  жаққа  қарай  зымырап  жылжығынын  байқады. Тоқтайтын  шығар  деп  теңселіп  тұрғанда,  астынадағ  тұрған  жер  жылжып  кеткендей  болды.  Ол  отыра  кетті.

Қасына  Әсия  келіп,  қараңғы  бұрышта  тұрған  бұған:

– Жүр  үйіңе  апарып  салайын, – дейді.

Бұл  ұялып,  мен  әншейін  жай  басым  айналып  кетті,  өзім  қайтам  ғой  деп  жатыр.  Қасына  ырғалған  жүріспен  төртпақ  денелі  Алдан  келіп:

– Қайыркен  мына  қызды  апаратын  жер  керек.  Үйдің  есік  алдындағы  веранданы  бір  түнге  берсеңші, – деді.  Қайыржан  түк  түсінбеген  адамша  сәл  меңіреу  болып  мәңгіріп  біраз  тұрды  да,  сенімсіздеу  басып  алдыға  қарай  адамдай  жөнелді.

Алдан   тұрған  бойында  иығын  көтеріп,  «түсінбедім»  дегендей   ернін  бұлтитты.

*  *  *

 

Қайыржан  алакөлеңке  бөлмеде  ұйқысынан  оянды. Айнала  қараса  өз  бөлмесіне  ұқсамайды. Диванда  жатыр. Басын  көтеріп үй  ішіне  таңырқай  қарады.  Бөтен  үй. Еден,  қабырғада  қымбат  қалы  кілемдер. Тұрып  киіне  салып  ауызғы  бөлмеге  шықты. Алдынан  ұзын  бойлы,  дөңгелек  жылы  жүзді   ақсары  әйел  шықты.  Оны  көріп  Қайыржан  ыңғайсыздана  амандасты. Сонан  соң  түнде  үйді  таба  алмай  ауылдың  басқа  шетіне  шығып  кетіп  әбден  шаршағаны,  ұйқысы  келіп  қатты  тоңғаны,  тіпті  болмаған  соң  кезіккен  үйдің  есігін  қағып,  іштен  шыққан  адмға  әрең  сөйлеп  бірдеңелер  айтқаны  есіне  түсті  Бәрі  де  түс  сияқты.  Есіне  үзік-үзік  болып  енді  келіп  жатыр.

Абырой  болғанда  бұл  келген  үйі  көлденең  әңгімеде  жұмысы  жоқ  бастауыш  сыныптарда  сабақ  беретін  Күлзипа  апайдыкі  болып  шыққан  екен. Балалары  есейген  әйел  түнгі  қонақты  өзі  сүйеп  жүріп  төргі  үйге  төсек  салып  берген. Бұл  әйел  өте  ұстамды,  Қайыржанның  қылығына күлген де,  сөз  еткен  де  жоқ.  Бұл  тұрғанша  шай  жасап  қойған  екен  Қайыржан  бетінен  оты  шығып  зорға  отырды.

Үйден  шығарда  алғысын  айтып  ауланың  сырт  жағынан  шығып,  елеусіз  жерлермен  таң  алагеуімде  үйге  қарай  келе  жатты. Қарашаның  суығы  биыл  ерте  білінген  екен. Желмен  алысып,  Қайыржан  үйге  зорға  жетті. Таңсәріде  оянғаны  дұрыс  болған  екен,  шешесі  енді  сиыр  саууға  тұрыпты.  соған  көмектесіп,  табынға  малды  қосып,  аула  сыпырып,  сабаққа  барғанша  бірталай  жұмыс  істеп  өз-өзіне  зорға  келді.

 

*  *  *

 

Алғашқы  тоқсан  да  бітті. Бұл  мезгілде  қысқа  әбден  дайын  боп  Қайыржан  да  қызметіне  әбден  төселе  еңбек  етіп  жүрген. Бұның  сыныбы  үлгерім  жағынан  алғашқы  тоқсанды  жақсы,  мақтаумен  аяқтады. Берген  сабақтары  да,  істеген  көрнекі  суреттері  де  өзімен  бірге  ғана  емес  басқаларға  да  жарап,  керк  болып  жатқаны.

Ауданда  өткен  тарихшылар  семинарында  Қайыржанның  өткізге  сабағы  жаңалығымен  көзге  түсті. Өз  ауылының  өткен  тарихын  жинастырып,  музей  ұйымдастыруға  кірісті. Оған  Несіпқұл  қуанып,  қасына  Сәуле  деген  жас  қызды  қосып  берді. Сәуле  он  жылдықты  енді  бітірген  ауыл  қызы. Балаға  дауыс  көтеруді  білиейтін  мінезі аса  жұмсақ. Өзі  үлкендер  арасында  да  ұяң. Қайыржан  екеуі  үнемі  бірге  жүрген  соң  әбден  үйренісіп  кеткен.

Қайыржан   енді  жастардың  жиынына  барса  қасына  Сәулені  ертіп  алатын  болды. Той  біткен  соң  міндетті  түрде  үйіне  апарып  салады. Қайыржанға  қыздың  биязылығы,  балаң  қылықтары, ұяңдығы  ұнайды. Басқалар  бас  қосқан  жерде  Сәулені  іздеп  тауып  алады. Қыс  түсе  ауыл  жастары  ақылдасып  алғандай  бірінен  соң  бірі  үйлене  бастады.

Алдан  Әсияға,  Тасболат  Гүлияға,  Айман  өзінің  менсінбей  жүрген  жігітіне  тиіп,  ауылда  бірінен  кейін  бірі  кезектескен  той   басталды. Осылардың  ортасын  ала  Қайыржан  да  жүр. Айтқандай-ақ  тойдағы  бас  құда  Несіпқұл  болды.

– Менің  ұлыма  қай  күні  кезек  келер  екен – деп  жүрген  шешесі  мен  ағасы  Дәуіржан  басқарып  тойды  аса  биязы  ұқыптылықпен,  көңілді  қылып  өткізді.

– Осы  тойдың  жақсы  өткені-ақ  менің  қарғамның  алдағы  бар  бақытын  айтып  тұрғандай,  өмір  өзі  бақ-дәулет  бергей, – деп  тіледі.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here