Қасқыр мен кірпі
(мысал)
Орман шетінде домаланып кетіп бара жатқан тарғыл кірпіге аш
қасқыр бас салып еді. Тұмсығымен табанының қаны судай ақты.
Зәбір көрген қасқыр өкпесін айтты.
– Бетіңнен сүйейін деп едім, сен-ақ қырынбайды екенсің,- деді табанын жалап жатып. Кірпі қылтандарының арасынан біздей тұмсығыншығарып, сықылықтай күлді.
– Асықпа, Қасеке, сендердің азуларың түгел қағылып біткен күні
мен де, қырынып жүретін боламын, – деді. Ызалы қасқыр:
– Сен бейбаққа дау жоқ – деп, жөніне кете берді.
Авторы-Зейнел-Ғаби Иманбаев