Жез топсалар

                                     Зейнел-Ғаби Иманбаев

Жандостың қалтасы темір-терсекке толып жүреді.Өңірін басқан ауыр қалтадан гайкалар, кесінділер, шынжырдың үзінділері, шайбалар табылатын. Алақандары таттанып жусаң да кетпейтін болып алған. Бала ұйықтап жатқанда шешесі әлде неше рет темірлерді құртып, қалтасын босатып қойса да, Жандос кешке келгенде бәрі бір қайта  қалпында болады.

          -Мынау жаңа күртенің қалтасы тесіліп қалыпты, темір салуды қой! –деп шешесі талай ұрсып еді. Онысынан ештеңе шықпады.

          Бір күні Жандос үйде жоқта қалтасын ақтарып отырып, әр түрлі темірлердің арасынан жарқыраған бір пар кішкене топсаларды тауып алды. Топсалар жез қаңылтырдан жасалған, сандықшаларға орнатуға лайықты-ақ. Шешесі күміс моншақтарының арасына салып қастерлеп тығып қойды.

          Ертеңіне бала сандықтарды ақтарып отырып шешесінің ең бір қадірлі заттарының арасынан өзінің жез топсаларын көрді.

          -Мұны қол өнер сабағында өзім жасадым,- деді ол.

          -Солай ма! – деп анасы қуанды. Енді Жандосқа темір ұстадың деп ұрыспайтын болды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here