ТАҢҒАЖАЙЫП ОҚИҒА

Жылқыбай ағай рахаттана күліп алды да, әңгімесін бастап кетті.

-Тіпті таңғажайып оқиға болды. Шаңғымен бір түлкінің ізіне түсіп келе жаттым. Күн тып-тымық, үп еткен леп жоқ. Тоғай аппақ қырау жамылып тұр. Түлкі ізі бірде қарға жасырынып, бірде адам баспас шытырманға кіріп, шимай салып, әурелеп баққан еді. Дамылдап алайын деп, алаңқайға бөгелдім.

Бір кезде сауысқандар шықылықтап қоя берді. Талдардың қыраулы басын жайқап- жайқап өтеді. Сақтана қалдым. Сауысқандар жүрген қорым талдар оқ бойы ғана жерде. Мылтығымды қыса ұстап, сығалап қараймын. Ештеңе көрінбейді. Сауысқандар қасқыр не түлкі көрсе ғана мазаланады. Бір кезде тал арасынан қылтиып қап-қара екі құлақ көрінді. Тани кеттім, қудың өзі екен. Ол бір жатты, бір тұрды. Мені мазақтап, әурелей бастады, Денесін жасырып, басын ғана қылтитып алған. Мен де қозғалғам жоқ. Әлден соң екі-үш аттап бері шықты да, қар бетіне бауырын төсеп, жата кетті. Құйрығының ұшын тістелеп қойды. Жалындай қып-қызыл болып, аунап-аунап түседі. Мылтығымды ілгері создым. Тоғай селк ете қалды. Түлкі орғып түсіп, екі-үш домалап кетті. Оппалап жетсем, қимыл сыз жатыр екен. Қар бетінде қан тамшылары бар. Аударыстырып қарадым. Ту сырты қып- қызыл, тамағы мен бауыры қардан аппақ. Тұмсығы мен аяқтары қап-қара. Сондай әдемі. Сол қалпында балаларға ала барайын деп, қоржынға салып, бөктергіге байладым.

Ауылға келгенімде, әлі жарық болатын. Бар бала жүгіріп алдымнан шықты.

Мен қоржынымды жерге түсіріп, ішінен алтайы қызыл түлкіні алып, қар бетіне таста- дым. Балалар таң-тамаша бо­лып, қоршап алды. Талпақ танау Зейнұр қолын апара беріп еді, түлкі секіріп тұра келіп, орманға қарай құйындай ұшты. Зейнұр бақырып қоя берді.

Таң-тамашамын. Жолда келе жатқанда да, қоржыннан алып жерге қойғанда да қыбыр ет- пеп еді,—деп, әңгімесін аяқтады аңшы ағай.

-Бұл ертегінің өзіндей ғажап оқиға екен, — деп, бала­лар да таң қалысты.

          Авторы-Зейнел-Ғаби Иманбаев

«Балдырған» журналы, №4,1968 жыл.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here