Ұйықтар алдында

-Аякөз! Ұйықтайтын уақыт болды, қызым! — деп, әжесі айқайлап еді:

-Әлі ойнай тұрайыншы, – деді кішкене қыз еркелеп.

Дала қараңғы. Аспанда күміс жұлдыздар жылтырайды. Ауыл үстіне тыныштық орнапты. Әжесі жетектеп алды.

-Қарашы, сиыр да, қой да, ешкі де тынығып жатыр. Секіріп, дамыл көрмейтін ақ лағыңды көрдің бе, енесінің жылы бауырына кіріп алыпты. Тауықтар да көздерін тас жұмып, ұйықыға кеткен.

Атақаз мойнын созып, қатты қаңқылдап жіберді.

-Әже, қаз неге ашуланды? – деді, Аякөз қорқып кетіп.

-Тыныштығымды бұздыңдар, ұйықтайтын уақыт болды,- деп ұрысып жатыр.

Аякөздің ұйқысы келмеді. Көргендерінің бәрі көз алдынан өтті. Оймақтай аузын тез-тез қозғап, ақ лақ күйіс қайырады. Сағаттың тықылы тынбайды. Ақ лақ қалай ұзақ күйсейді деп, таңданған Аякөздің көздері жұмыла берді.

Ертемен оянғанда, мал өріске кетіпті. Тауықтар да, қаздар да жайылып жүр. Атақаз қоқилана қарайды. Аякөз тамақтанған соң бақшаға қарай жүгіріп бара жатты.

Авторы-Зейнел-Ғаби Иманбаев

«Балдырған» журналы №11, 1979 жыл


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here