Жұлдыз туралы жыр

 

       Жұлдыз-сұлу көз тартады көктегі

Қандай қиын биікке қол жетпеуі.

Шалқар шабыт жұлдыздарды жыр еткен

Аспан жаққа жақындатып кет мені.

 

Пенде біткен үмітімен жердегі.

Көз суарып сұлулыққа сендегі.

Қолын жайып бір керемет тілесін

Ханшасындай қастер тұтып төрдегі.

 

Тектен-текке қинамайтын пендені

Махаббатсыз өмір тұрса сөнгелі.

Жақын тұтып жарығым деп, жаным деп

Асқар жаққа жетелей бер сен мені.

 

Шабыт тербеп шықса көкке әсем үн

Тұрғыны боп бақыт атты көшенің.

Үр қыздарды жұлдыздарға теңейтін

Аспан тектес ақындардың досы едім.

 

Қайда бармас демдесе адам қиялы

Сол қиялым ұшып көкте жүр әлі.

Ал мен болсам  сұлу жанды жыр етіп

Биіктерге шығарғым кеп тұрады.

 

Мен -төменде, сен- биікте, білсін деп

Кеудем менің шер-шеменмен күрсінбек.

Жырлай-жырлай жұлдыздардың жарығын

Биіктеппін сен биікте жүрсін деп.

 

Сұлу еркем, сен де жұмбақ жұлдызсың

Жарығы мен сәулесі мол бір қызсың.

Жігіт көрсе жүрегіне жыр сыймас

Асқақ жырдан саған белгі тұрғызсын.

 

Жұлдыз қызға осындай жыр жазам деп

Ойламаппын ағынды ойлар маған кеп.

Жырлай-жырлай жанып бір күн кетерміз

Жанып тұрған жұлдыздарды алам деп.      

                                                  14.03.2012

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here