Бұл барлық қазақ Қоңыраттарының ұранына айналған әйгілі Алатау батыр туралы кішігірім ой-өрнек,жорамал дегендей әңгіме.Кезінде Есім ханның топ батырларының қатарында жүріп,оның соғыстарын басқарған арда тұлға болған дейді, соңында Жайықтағы шайқаста ажал келіп мерт болыпты, Алладан әмір келсе қарың талар,жердегі шөп те аяққа тұсау салар-деген(бұл оның аты шаршап қалып сүрінген деген үәжге жауап).Сонымен, бұл Ұран-Ата тұралы білетініміз осы ғана.Қай жерде туылды,қай ортадан шықты,ұрпақтары бар ма,өзінің шын есімі кім-барлығы белгісіз,барып тұрған бір жұмбақ дерсің.Осыған қарап,хатталған жазуың болмаса, адам жадысы тым келте екенін түсінесін.Алатау есімі де өзінікі емес,ол Сабалақтың Абылайлап ұрандап кейін Абылай аталғаны сияқты бұл батыр да Алатаулап ұрандап ақыры соңында дәл солай аталып кете барған.Бұл тек осы батырдың басындағы жағдай емес,талай ерлердің тағдырлары осындай болып шыққан,ал ол көшпелі жұрттың жазба тарихының болмағанының салдары болар дейміз, сондықтан ол тұралы қандай да бір шын ақпарат табу мүмкін болмағансын тек жанама дәйектерге жүгінүге тұра келеді, оның өзін де жорамалдармен толықтырылуы қажет болады.Бұл жалпы ойымыздың түсінікті болуы үшін Қазақ елінің құрылу кезеңіне аздап шолу жасауға тұра келіп тұр.Қазақ-Өзбек болып бөлінгенде, ол соларды құраған халықтардың бастамасы емес,тек ортадағы ала-ауыздықты пайдаланған хан-төре тұқымдарының жеке бастарының билік алу мансаптары еді, халық деген желеу ғана,өйткені оларсыз билікті қалай жүргізе алар еді.Даттайтын да,ақтайтын да емеурініміз де құқығымыз да жоқ,сондықтан тарих қалай болды солай қабылдаймыз.

 

Қазақ болғандардың өзегі Арғындар болса Өзбектікі Қыпшақ қауымы болған,қалған рұлар екі жақта да-аз не көп болып бөлінген.Қазақ хандарының Түркістанды орда қылғаны бәрімізге белгілі сол себепті орда өзегі Арғындар сол маңайда қоңыс тапқан,кейін Жоңғардың соғысынан Арқа жақта тұрақтап қалған.Қазіргі заманда біз Арқа деп тек Орталық Қазақстанды айтамыз, ал бұрынғы түсінік бойынша оған қазіргі Ақтөбе облысы да кірген.Арғындар өздерін Әләу-Мейрам деп, одан бес Мейрам жеті Момын болып таратады. Бес Мейрам-Қуандық,Суйіндік,Бегендік,Шегендік,Болат-Каракесек болып өрбиді,ал жеті Момынды тоқалдан туған дейді.Қазіргі тілге аударсақ Момындар Мейрамдарға кірме болып шығады немесе керісінше болуы да мүмкін.14ғ. Манғыстау жерінде Есен-Қазақ деген алғашқы Қазақшылық құрған қоғам болған және оның құрамы Қыпшақ пен Түрікпен тілді тайпалардан құралған дейді. Солардың бір жатағын (казактардың ватагасы сияқты) Мейрам тағы бірін Алау немесе Алы басқарған,кейінгі Темір мен Тоқтамыстың арпалысында олар куйреген де жан жаққа шашырап көшкен (екі қошқар сүзіссе ортасында шыбын өледі деген ұғым осындай жағдайлардан шыққан шығар).Бір бөлегі Түрікпен жеріне,бірі қазіргі Азірбайжанға тағы бірі Арқа жаққа кеткен екен,солардың барған жерлерінде қазірге дейін Түркменияда -Байрам-Али,Азірбайжанда да Байрам-Али деген атау бар,ал Арқада кәдімгі өзіміздің Әләу-Мейрамымыз бар.Бір заманда Әләу мен Мейрам бөлінген,Мейрамдар орындарында қалған, ал Әләу немесе Алы көшкен де қазіргі бізге белгілі Алым немесе Әлім-ұлы болып аталған.Оның айғағы екеуінде де Қаракесек бөлімі бар және Әлімде Ертіс, Тобыл деген тусінік бар дейді. Бұл ақпараттар марқұм С.Қондыбаев ініміздің Есен-Қазақ деген кітабынан алынды, толығырак білгілеріңіз келсе сол жазбаны оқып шығыңыздар. Келесі шолуда Байұлы шежіресін тарқатайық.Х.Мадановтың кестесінде-үш Сиық, Беріш,Адай,Таз,Жаппас,Есентемір, Алтытабан, Алтыбасар, Дуатимес,Құлақасқа-деп келеді,ал Құлтумаұлыда соңғылары Қоңырат,Үйсін,Алақай немесе Ардагөнек Құлақасқа деп берілген,және олар бір заманда Сиықтарға өкпелеп көшіп кеткен дейді.Байқасаңыз екінші кестеде осы үшеуі тайпа атымен жазылған да,ал біріншісінде соның ішіндегі ата-тармақтары берілген.Бұл үшеуі Әлім мен Мейрам бөлінгеде Әлімдерге ілесіп Байұлдарға кірген болу керек, олай дейтінім Алақайдың түпкі төрт атасының бірі Тортуыл (Қоңырат делінген),тағы бірі Байрам деп берілген,оны мына Алақайдың шежіре-кестесінен көрүіңізге болады.Алақай-Ө.Қалбаев жырлаған Алаңқай батырдың баласы болады және бұлардың жанама аты Құлақасқа аталғанында үлкен мән бар.Бұл үштік көшіп кеткенде барып тұрақтаған жерлері Жиделі-Байсын аймағы болған және тәжік пен өзбектер өз тілдеріне лайықтап оларды Лоқай деп атаған.Совет өкіметіне қарсы шыққан басмашылардың көсемдерінің дені осы Лоқайлықтар болған және де жылқы устайтындар да солар мен Марқа деген ел болса керек,Өзбек пен Тәжік көкпар сайысшылары да осы екі тайпаның жігіттері екен.Айта кетер бір жәйт жырда да Алаңқайдың атты қатты қадірлегені білінеді.Бұл кестені және мақаланы жазған Ж.Артықбаев(Ана-Тілі №15 2013ж). Енді Байрам мен Мейрамды салыстырып көріңіздер де тұжырым шығара беріңіздер(Төртуылда-Суйіндік ал Байрамда-Чубурма Арғындағы Шұбыртпалыға келеді).Лақай тілі Өзбектің әсері бар демесең Қазақ тіліне өте жақын және осы уақытқа дейін қымыз ішетін халық екен,оны мақаланы оқысаңыз бек білесіз.Бұл шежіре кестесі өткен ғасырдың ортасынан кейін жасалған,сондықтан оның ішіндегі ескі атаулар жойылып жаңалары қосылуы заңдылық болар.Ал кестені жасаған сол Лақай тайпасының өкілі болған.

 

 

Ендігі кезек Алтытабан мен Алтыбасар атаулары туралы.Бұл атаулар екі сөзден құралып тұр-Алты және Табан мен Басар. Мұндағы Алты дегені негізгісі болып табылады да соңғылары бұл аталардың дәрежелерін көрсетеді(Табан-басшысы ал Басар-ізбасары).Сонда Алты деген атаның екі тармағы болғаны көрініп тұр.Сонымен қалған Дуатимес Үйсінге тиесілі болып шығады.Алты деген атауға қатысты С.Қондыбай мынадай деректер береді:-Алта деген бұлақ,Құлаат тауының қасында Алталы атауы,Алат-Орпа деген алқап бар деп(Құлаат пен Құлақасқаның байланысы бар сияқты).Тағы бір деректе Оғыржұқ деген Ел Көсемі анадан-мынадан қашып бір жерге қонғанда-Алтадан Қабақтыға дейін жұртым болды деген сөз қалған дейді.Сосын Алты ауылдықтар және Мамай бастаған алты-ауылдықтар деген де сөз тіркестері болған екен,және Левшин кітабінда қазақтар кезінде біз алаттармен(сібір татарларымен) бір халық болып кейін бөлініп кеткенбіз дейді-деген ақпарат берген,бұл Сібір ханы Көшіммен Қазақ Елінің ара қатынасын қуаттайтын айғақ болып табылады,кейін ол хандық күйреген соң сондағы халық жан-жаққа шашылған, сол себептен Алымдар Мейрамнан бөлінгенде солардың легімен Алаттар(Алтылар)да көшіп Байұлдарға қосылған.Міне кезінде Алат немесе Алата деген Ел болған болуы керек деп топшылайды С.Қондыбаев ал біз оған бек қосыламыз,бұл деректе де сол кітаптан алынды(Есен-Қазақ).Ал енді әңгіменің негізгі тақырыбы болған Ер Алатау тұралы айтайық. Оның есіміне зер салсаңыз еш мағына таппайсыз.Егерде ол Алатаудың баурайында туылып-өссе бір сәрі онда сол таудай алып болсын деген ырыммен қойған болуы керек деуге болар еді,бірақ оның Жетісудағы Алатауға еш қатысы жоқ болып тұр емес пе.Егерде Алатау деген есімді батырға берген болса ол тек Қарасай болар еді,бірақта олай емес екенін бәріңіз жақсы білесіздер,сосын таудың атауын алған қазақта батыр жоқтың қасы десе де болады-осы Алатаудан басқа,сондықтан оның есімі Алат немесе Алата дегеннен шыққан деп ойлаймын. Жауға Алаталап шапқан батырды замандастары солай атап жіберген.Алата деп созып ұрандаған батырды көзге елестетіп көріңізші,сол қайталанған Алата сөзі Алатау болып естілері хақ,соған қарағанда Алатау батырды сол кездегі Алымдағы Алтылардан шыққан деуге әбден болады,сол себептен де қазақтағы Қоңыраттар ол батырды иемдене алмаған шығар. Осы Алтылардан шыққан тағы бір тұлға бар,ол заманында Есім ханның бас батырының бірі болған Жиенбет.Қазақта нақтылы шежіреде екі Жиенбет бар-бірі Тана Жиенбет, екіншісі Қоңыраттағы Жиенбет.Тарихта бұл екеуі де Есім ханның батыры,екеуі де Тұрсынханмен болған соғысқа қатысқан,сондықтан мен оларды бір тұлға деп есептеймін және де бұл есімнің екі жақта да болуы оның отбасылық өміріне байланысты деп ойлаймын,өйткені оның Тана жақта да Қоңырат жақта да қатын-бала шағасы болған дүр.Бұл бабамыздың да түбі сол Алтылардан шыққан сияқты.Үш тайпа бір кездері үш Сиыққа өкпелеп көшкен дедік алдында,ал ол өкпеге не себеп бар?Қазақта өкпелеуге төрт себеп болады-мал дауы,жер дауы,ер дауы және жесір дауы,ал басыбайлы көшүге мал мен жер дауы себеп бола алмайды(ол екеуі де аз болмаған),сонда қалғаны ер мен жесір дауы,міне осылар себеп болуға бек лайықты болар деймін.Қандай жағдай болғанын ешкім дөп басып айта алмас,бірақта бір күрделі мәселе туындағаны шындық,болмаса ел үдере көшпес еді.Бұл көшпен Алатау да Борай да кеткен,ал Жиенбет жас болып шешесінің қолында,нағашыларында қалған,соңыра оны әйелдікке Бөртоғаш алған да одан Жолымбет туылған.Осы інісін жақтаймын деп Жиенбет Есіммен сөзге келген,сол жағдайға байланысты оның мына толғауынан үзінді келтірдік(С.Қондыбайдан-Есен-Қазақ):-«Қайратым қанша қайтса да,»«Мұныңа, ханым, шыдаман.

 

 

Арқаға қарай көшермін,

 

 

Алашыма ұран десермін,

 

 

Ат құйрығын кесермін,

 

 

Ат саурысын берермін,

 

 

Алыста дәурен сүрермін.

 

 

Қарамасаң, ханым, қарама,

 

 

Сенсіз де күнімді көрермін»

 

Мундағы Арқаға дегені батысты меңзегені,ал Жолымбет деп қазақтар зарығып күтіп жүрген жолын,ізін басқан балаға ат қойған,соған қарағанда екеуінің шешесі бір болған,осы жағдайларды ескерсек Жиенбеттің Айбикеден Асан есімді ұлының болуы кездейсоқ емес екенін түсінесін(Жиенбеттің Асан атты бауры болғанын шежіре айтады).Ал енді Алатау жекпе-жекте мерт болғанда оған қабырғасы қайысып аза тұтқан тек Жиенбет болған,міне бұл жәйт екі батыр арасында туыстық қарым-қатынастың болғанының дәлелі болады. Жоғарыдағы Лақай шежіре-кестесінде Сүйіндік атасында Қунгир-Тана деген атау бар(бізше Қоңыр-Тана)және өзбек Қоңыраттарының Айынлы деген тармағында Ақтана деген ру бар,міне бұл атаулар кезінде Қоңырат-Алтылар мен Тана тығыз байланыста болғанын көрсетеді және Тананың бір бөліктері Алтылармен бірге көшкен деген жорамалға әкеледі.

 

Осымен бұл әңгімені доғармасам болмас,әйтпесе сөзден сөз туа береді де оның арты суйылып кетеді.Жоғарыдағы түрлі шежірелерді келтіргеніміз олардың өзара байланысы болған соң ғана,ол жағдайға түсіністікпен қарайсыздар деп үміт етемін.

 

18.11.2020ж. Мейірбек Құлыбекұлы.

 

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here