Жеріну

Әңгіме

Нұрхалық Абдырақын

 

Алмас безектеген қоңыраудан оянды. Бірге оқитын гурппаласы Талшынның сыңғырлаған даусы құлақтан кіріп, бойын аралап ұйқысын ашты. Созыла орнынан тұрды.

-Scopus журналына жіберген мақаламыз қайтып келді, түзейтін жері көп болып тұр. Ақылдасып бірге түзесек.

-Иа, қай жерде түзейміз.

-Ұлттық кітапханаға келсең.

Магистрлық дипломды қорғау үшін Scopus журналына мақала шығару керек. Ойыңды ұрлап, ақшаңды қалтасына басатын журнал иелері неткен баукеспелер еді. Білім деңгейін тек сонымен өлшеп, адамдар тағдырымен ойнағандардың тірлігі деп, ағылшын тіліндегі сол мақаламызды қайсы қазақ

оқып кәдесіне жаратар деп, сыбап алған Алмас суық суға бетін жуды.

Бірге жатқан үш жігіт түнімен ғаламтордың ішін көп шарлап, мұхиттың арғы бетіне кеткен болатын, тәндері бұнда жатқанымен, жандары әлі сол жақта жүрген сияқты, тұяқ серппейді.    

Таңғы асын үнсіз ішкен Алмас далаға шықты, күзгі таң.

Күн көкжиектен арқан бойы көтеріліп, тал-теректер жапырағын жерге төгіп, терең ойға шомған, жаздайғы болымсыз самалмен сыбдырласқан күйі жоқ.

Қатар-қатар салынған төрт қабатты тұрғын үйлердің алды-арты толған темір көлік. Иегіне маска таққан орыстың жасамыс әйелдері кеуделері өздерінен бұрын қозғала іркілдеп, дәу төбеттерінің жетегімен белгісіз бағытта кетіп барады.Қаптаған көп адам мұнда жоқ, тыныштық, тізгін ұшымен келіп көлігін қаңтарған таксилерді көп күттірмей, ұйпа-тұйпа шашын қолымен асығыс салалаған жас жігіттер мен өзіне сеніп шалбар киген қыздар бейтаныс көлікке тосырқамай мініп, кетіп барады.  

Будан қарағаштың төмен салбыраған бұтағының үстінде үш суық торғай отыр,мойындарын аяғымен тырналап, тұмсығымен екі қанатын кезек-кезек үйкелейді. Біреуі бұтадан бұтаға тоқтаусыз секіреді, аузына бірдеңе ілінді білем, жоғары өрлеп қонып, аяғындағы затты шұқылап жей бастады. Ала қарға ең биік ағаштың басында үнсіз мүлгиді… Жүзінде ауыр оймен зілдей мұңы белгісіз әріптерге айналған кексе әйел алақабын арқалап, басын төмен сала, ілби басып Барахолка атанған Алматының атақты қара базарына жаяулап кетіп барады… Жұқа қара шапан, қызыл балақ шалбар киген қарт кісі бір метір ши сыпртқысымен жапырақ қулап жүр, бір жерге үйеді, жалғыз дөңгелекті қытайлар жасаған арбасына қайта-қайта бүкшеңдей салады. «Әкең картайса құлға жарисың» деп, қолфонын шұқыған ақ жағалы шолақ шенеунік жігіт тоқалын қолтықтап, сарала жапырақты сатырлата басып, көлігіне жетті, «Алма арасанға демалуға кетіп барамыз» дейді, уатсапта аудио жазған келіншектің үні жарқылдап.   

Қоғамдық көлікке мініп Алмас межелі жеріне кетіп барады, орамал тағып, ұзын көйлек киген әдепті қызға ашулы елдер бүгінде өздері ерксіз солардың кейпіне кіріп тұмшаланып, көздері жылтырап тойған қозыдай монтияды. Кәрі құрлықтан келген қоңқақ мұрын, ақ құлақ, қызыл көз, қырма сақал еркектің жанында аузыңа салсаң өзі еріп кететін бүлдіргендей қазақтың жас қызы соның тілінде шүлдірлеп, айналасына анда-санда басын көтере қораздана қарайды….

Көне тоз кимінен сұмдық исі мүңкіген қара бала есіктен кіре шала-шарпы Құран аятын оқи бастады. Қандай күш билегені белгісіз Алмас орнынан атып тұрып, жаңағы қайыршы баланы тоқтатып, қолына бес жүз теңге ұстатып, «Алланың сөзін қорлама, қазақтың санасын бұлай торлама» деп ескертті.

***

Кітапхананың бірінші қабатында Талшыбықтай бұралған Талшын аяғын айқастыра, ауын сәл ашып жұмсақ орындықта күтіп отыр…Жылы жымиып, қол алып амандасты.

-Кешіктің-ғой.

– Тездеткен түрім осы болды, қыздың оң қолынан жүрегіне ток өткен Алмасқа оның қыр мұрны, ойнақшыған көзі, сыңғырлаған сөзі, қиылған қасы, албыраған қараторы жүзі бек сүйкімді көрінді.

– Бүгін күндегіден де сұлуланып кетіпсің.

-Рақмет.

Екеуі үстіге көтеріліп, дисертация залына барды. Құлаққа ұрған танадай тыныштық, бұлардың іздегені де осы. Алмас ұзақ шұқиып, мақаланы қайта-қайта оқыды. Түс ауа тақырыпқа қатысты бірталай ғалымдардың еңбегін парақтады, кейбірін көшірме жасады. Мына еңбектер негізінде толықтап жазу керек деп, Алмас күмбірледі. Жұмыс уақыты бітті деп, қағаздай үлбіреген ұзын саусақ, аппақ апай есікті жапты. 

Зулаған көлік тоқтаусыз жүйткиді, сергек қондырғысы қалғып-мүлгіп, олардысуретке түсіріп тұр. Күн қызара екеуіне қарайды. Қолфоны шыры еткен Талшын әлде кіммен сөйлесті.

-Бүгін бітірмесек болмайды деп, Талшын Алмасқа қарады.

-Бүгін дейсің бе, түн болды-ғой. Ертең демалыста жөндейік.

-Ертең кітапхана істемейді. Біздің квартираға жүр, менің қолымнан кешкі ас іш, сосын екі жақтап бітіреміз. Қазір сөйлескен бірге тұратын жанымдағы қыз Ауылына кетіп барады екен. Бар ойы мақала болған жігіт үнсіз келісті.

Ымырт жамылып, жер бетін қараңғылық мамырлап басты. Түнді пайдаланып көшеде жүрген көп шайтан оларды ортаға алды. Есіктен үйге бірге кірді.

Бір бөлмелі пәтер. Монтаздай таза, ретті. Үйге кіре жеңіл киімдерін киген Талшынның талдырмаш денесі Алмасты елең еткізіп, жыланы жыбыр ете қалды. Тоңазытықштағы барын қазанға салып, жайнатып дастархан жайды.    

Қыздың көз алдында Алмасты шайтан шешіндіре бастады. «Бисмилла» деп басын көтере Талшынға қараған Алмастың даусынан қызға жаман ой беріп, отырған шайтан столдың астына кіріп кетті.

-Диплом алған соң  PhD-лыққа емтихан тапсырасың ба? Деп, қылымси тіл қатты қыз.

-Жоқ, жұмыс істеймін. Сен шамасы оқығың бар-ау. Алмас қыздың торсиған кеудесіне тесіле қарап отыр.

– Мен ойланып жүрмін, қазір PhD- докторлық оқымасаң мардымды жұмыс таба алмайсың.

-Өзің ойлашы осы магистр, докторлық дейміз бәрі сол бір қулардың ақша табу үшін ойлап тауып отырған жүйесі, адамдар сол үшін уақытын, ақшасын соған беріп, өздерін мықтап алдауда. Негізі әр адам отбасы мен мектепте, университете(баклаурда) алған білімінен артық ештеңе ала алмайды. Ал басы істейтін адам жалындаған жастық шағында еліне, жеріне үлес қоспай ма?!!!. Қазір қарасаң қырыққа келгенше докторлық қуып, одан соң соның буына мастанып, шаршап жүреді. Ғалым көп, ғылым жоқ.

-Дәл айттың, сен білінбеген ойшылдың өзі екенсің, ерте білгенде саған басқаша жақындайтын едім… Алмасқа қызыға қарады.

-Ертеңнің шаруасын ойласаң уайым тұманына шөгесің. Жұмыс, үй, әйел…  Екеуі оңаша отырғанын енді сезгендей жанарын жанарына қадалды. Аз кем үнсіз қалды. 

– Сендер жігітсіңдер өз тағдырларыңа өздерің себеп жасай аласыңдар. Біз әйел байқұстар бәрін өзге жақтан күтіп отырамыз. Қазіргі әйелдер өзгерді, бірақ бәрі бір әйел-ғой.

-Талшын оқимын десең өзің білесің, меніңше 20 дан асқан қыз үйленіп, ана болып бар білімін мейірмен баласына үйретіп, келешек Абай, Көпей, Қаныштарды жетістіруге себепкер болса елге содан артық үлес бар ма?!!!

Әңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді деп, апам айтып отырушы еді, тездетіп бүгінгі тірлігімізді реттейік, Алмас Алла есімімен бетін сипап, орнынан тұрды.

Екеуі мақалаға тағы кірісті. Алмастың басына шайтан қайта-қайта ой салып, оның да көз алдына қызды шешіндірді. «Бисмилла» деп, көп айтатын атасынан үйренген Алмастан шайтан амалсыз қашып қызға барды, қыз шайтанға көніп отыр. Алмас мақалаға шындап кіріскен. Талшынға бағанағы көшірмелердің бір неше жерін сызып ағылшын тіліне аудар деп, тапсырма беріп қойған. Мақаланы бітірмей тұрмайтынын білген шайтан Алмасқа жаңа ой беріп, мақаланың тез бітуіне көмектесті. Жарым түн ауа мақала бітті. Сыртта меңреу түн мелшиіп үнсіз барша ғаламның күнасын бүркеп тұр, шайтандар барынша құтырына жұмыс жасауда….

-Мен кетейін, уақыт болса бір жерге барыпты.

-Шай ішіп кет. Шаршадың-ғой.

Осы кезде шайтан барын салып іске кірісі.

-Шаршауы, шаршадым, ішсем ішейін деп, ішіндегі сыбырлап тұрған үнді тыңдады Алмас.

-Міне қазір шай дайындап жіберейін деп, ас бөлмеде жүрген Талшын талыс танау, қарыс маңдай Алмасты аймалағысы келді. Өз ойынан өзі ұялды. Селік етті. Шайтан отырып қалған кәрі қыздарды есіне сала қойды. Орай келді дейді сыбырлап.

Үстіңгі шкапта аузы ашық тұрған қытайша 味精 деген  жазуы бар ақ түсті ұсақ дәмдендіргішті шайтан төмен құлатып, қызыл шайға қосты. Оны байқаған Талшын жоқ, екі шыны шай ішкенде Талшының екі беті қызара албырап, денсі жыбырлап мазасы қашты. Жігітті аңсады. Алмастың да жыланы қатты жыбырлап қызға қызыға қарады. Екеуі бір-біріне бұрын-соңды болмаған күйде ынтызарлық көрсетті.

-Сен бағана жұмыс, әйел, үй деп уайымдап отыр едің…

Жарым түн болды, менің жаныма қон деп, шыдамы таусылған қыз төтесінен бірақ айтты. Талшынды тек биязы мінезімен танитын Алмас оған таңғала қарады.

-Сен мені жақсы көрмейсің бе?  Жігітке қолын созды.

-Менің сүйгенім бар.

-Менің де сүйгенім бар, бірақ ол мені сүймейді..үйленіп кеткен. Талшын жігітке қарай тағы ұмсынды. Өне бойы ысып өртеніп барады.

Ауылдан оқуға кетерде әкесінің айтқан: «балам жігіт болып қалдың, үйленбесең, бөтен қыздың обалына қалма! Ауыр күна. Ол күнаң маған жазылып кетеді» деген сөзі әкесінің өз даусымен құлағына саңқ етті. Алмастың денесі дірілдеп, қалшылдап өзін зорға ұстап жуынып келейін деп, жабысқан қызға өтініш жасады. Төсегінде керіліп жатқан Талшын жігітті біраз күтті, шыдамы таусылып тазалық бөлмесінің есігін қақты.

-Жаным шықсаңшы, сені күтіп өлетін болдым деп еркелей үн қатты.

Өз дайрағын мойнына, бетіне жаққан Алмас ақырын есікті еппен ашты. Оның бұл кейпін көрген Талшын баж етіп тура қашты.

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here