Алшында бар Жиенбет-Қоңыратта Жиенбет,Арғында бар Жиенбет-Шымырда да Жиенбет, қосып көрсек бастарын боларма жалғыз Жиенбет.Бұл бір теріс пиғылдан,немесе біреудікін иемденіп алуға тырысқан әрекет емес,тек қана не деген жайылып кеткен Жиенбеттер деген ойдан тұған сөз, осы жәйтті ойласам батырдың бәрі Жиенбет атала берген бе деп те қаламын.Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды дегендей,мені де :-әй, осы Жиенбеттердің түбі бір ау деген ой жегідей жейді де тұрады-бұл әрине қағида да емес тек жорамал ғана ғой.Сондықтан осы жазуымда оларды барынша жақындастыруға болатын себептерді айтып көремін.Сөздің басы Әлімнің Жиембетінен болсын.Біздің Қоңыр Жиенбетпен жақындығы:-екеүі де Есім хан кезінде өмір сүріп оның әскер батырларының бірі болған,Тұрсын хан жорығына қатысқан, екеүінің де құлағы шұнақ болып қалған жорықтас-досы болған,-осылардың өзі көп жәйтті аңғартады емес пе,бірақ та-даудың басы Дайрабайдың сиыры демекші-неге біреуі Әлім,екіншісі Қоңырат аталатыны қайшылық тұғызады дүр.

 

Міне,бұл мәселені шешүге, қолымнан келгенше ой-толғап көрейін.Алдымен,мысалы ретінде, екеүін бір адам деп есептейік,онымен ешкімге зиянымыз тие қоймас деймін. Сонымен, үәде бойынша,біздің бабамыздың нағашы жұрты Төртқара жағы болсын.Жастайынан солардың қолында өсіп-өнген бала өзін басқа емес тек Төртқара санауы және сол ортаның заңды бір бөлігімін деп есептеуі табиғи заңдылық құбылыс,қазақша айтқанда қанға сіңген әдет-ғұрып деген қасиеттер болады.Сол елде бейқам жүріп есейді,батыр атағы да шыға бастаған болуы керек,үйленіп те қойғаны өте мумкін. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан,төбеден жай түскендей,ағасы Борай пайда болады да қайтұға үгіттейді,жас оғлан оған бірден көнбейді әрине,өйткені мундай жағдай адамға үлкен тербеліс әкеледі емес пе. Қайткенмен де бұған бірден мойынсыну оңай шаруа емес, сондықтан Борай құр қол қайтұға мәжбүр болған. Борайдың келүдегі мақсаты тек інісін алып қайту болмаған сыңайлы,дәл сол уақытта Борай Есім ханның ордасында жүрген болуы керек,сол себептен ол тек інісін емес,онымен қоса ордаға жас батырды да ертіп келүге тиісті болғанға ұқсайды(осыған байланысты інісінің батырлығы нағашы жұртында жүргенде белгілі болған деп айтқанмын).Сол заманда орта жүздер жаз Арқаны қыс Сырды жайлап Түркістанмен ара жігі әлі ажырамаған уақыт болған дүр. Содан болар Есімнің батырлары кілең Ұлы және Орта жүзден болған,оған қарап Кіші жүзде батыр болмаған деп айтұға болмайды, тек олардың тұрған жерлері шалғайлау болғансың ғана оларды тартпаған сияқты,бәлкім өздерінің де құлқысы болмаған,не соғыс жағдайы кедергі болған шығар. Ақыр соңында Борай,неше рет барғанын бір Алла біледі,інісін қайтұға көндірген,бірақта нағашы жағынан қатты қарсылық болғанға ұқсайды,оны Борайдың қарғыс алуынан пайымдауға болады.Ол қарсылықты мен былайша ұғынамын:-кім өзінің тұған баласындай болған жанды(сондықтан болар оның әкесінің бары айтылады)бірден басыбайлы жібере қояды дейсіз,оның үстіне батыр болса(бірақ бұл жағдайлар қарғыс айтұға себеп болмаса керекті), ал қарғысқа мұрындық болған әйелінің болғаны ма деп ойлаймын,өзің жетім болғаныңмен қоймай артыңдағыларды да жетімсіретесің бе дегендей. Жиенбет кетүін кеткенімен елінен біржола қол үзбеген сыңайлы.Бөтен жерге келіп бірден сіңісіп кетү де оңай емес, оған ондаған жылдар керек болады,оның үстіне,олардың қазіргі біздің түсінігіміздей,өздерінің төл руы Түркістанда болмаған,сондай жақын туыстары болса жетім болып жүрмес еді деп ойлаймын.Оның қол үзбегенін Жайық жақтағы соғысқа Жиенбет Електі жақтан қосылды деген ақпараттан білүге болады.Есім хан оны алдын ала әдейі жіберген,оған сол өңірден әскер(4-5 мың) жинау керек болған ал ол үшін уақыт керек,әскерлердің тамағын жинау,қару-жарақ,ат-көлік дайындау деген де бар.Сол уақыттарда ол қонақ үйде жатпаған шығар өзінің үйі болып тұрғанда.Бұл бізге белгілі бір келісі ғана,ал біз білмейтін қаншамасы бар болар, Түркістан мен екі арасы аттылы кісіге онша алыс та болмас деймін.Осы дәйекке суйеніп оның жары болған деп ойладым (оның мунда бала-шағасының болғанына қарағанда-солай болған да).Бұдан шығатын бір түйін бар:-Ағайынды (немере де болуы мумкін,кейнгі қыз алыспау серттеріне қарағанда) Борай мен Жиенбет Қоңырат болса болған шығар бірақ олар Түркістанның қазақтарынан емес(бұл Сарыбұқаға да қатысты болар деймін,Жиенбет екеүі бұрыннан таныс болғанға ұқсайды).Олардың тұған жерлері нағашыларынан онша алыс болмауы керек-ол жерлер қазіргі Қарақалпақ елінің аумағы болар деп топшылаймын.Ал Жиенбетті басқа ел-жұрт Төрткара деп таныған,сол кезде шынымен солай болған да (өзінің руы белгісіз болса қалайша олай болмасқа,ешкімнің ауызына қақпақ қоя алмайсың ғой),оның үстіне сол жақтан келіп тұрса.Елдің көзі соқыр құлағы керең емес, кімнің кім екенін жақсы білген). Ал Борайдың қазаққа келүін алдыңғы әңгімемде айтқанмын, осы жерде айта кетейін-сол заманда Қоңырат Борай немесе Қоңырат Жиенбет-деген тіркес кезікпейді.Ақселеу С.ағамыздың-Қазақтың ауызша тарихы кітабінда былай дейді:-Бес ата Қоңыраттың төртеуі толығымен Жиделі Байсында қалып өзбек халкына сіңіп кетті, қазаққа кеткен тек бір атаның ұрпағы ғана (оны Дарақожа дейді).Тағы бір дерегі(1908ж.бір кісінің айтуымен жазылған)-алпыс бес ата Қоңырат дегені бар(бабамыздың заманында олардың санының қанша болуы мумкін екенін өздеріңіз топшылай беріңіз).Сол аталарды қарап шықсаңыз көптігінен және бейтаныс рулардың атауынан шалынып құлайсыз,соның ішінде қайшылы дегені Сіргеліде,ал боғажелі дегені Жаныста жүр.Оған таңқалатын ештеме жоқ,өмір-дария барлық халықты араластырып жіберген.Сол сияқты бір рулардан қалған шығар екеуі,екі күннің бірінде соғыс болып жатқан заманда не жағдай болмады дейсіз. Уақыт келе бұлар есейіп ел ағасы болды,үрім-бұтақтары өсті, енді бізден кейін не болады деп толғанды(ұрпақтарымыз біздің достық ара қатынасымызды ұмытып қалуы мумкін деген қауіп және өзара жатсынып кете ме деп) сонан соң мынадай шешімге келді (Борай, Жиенбет, Қоңыршұнақ үшеуі):-біздің ұрпағымыз қыз алыспайтын болсын- деген, оған рәсім бойынша серттескен. Бұлай етүдің астарында да улкен себеп бар.Оны айтпай тұрып Қоңыршұнақ тұралы бір-екі ауыз сөз болсын.Олардың тірі кезінде ол тек шұнақ деп әзілдеп айтылғанымен, өзара-оны шын атымен-Сарыбұқа деп атаған.Бұл батыр да жетімдіктің зарын көрген секілді сондықтан екі батыр бірін бірі жақсы түсініп,екі жарты бір бүтін болып,жақын дос болған,мұңы да зары да бірдей болған соң солай болады да,және де саяқ жүрген Сарыбұқаның әскерге қосылуына Жиенбет түрткі болған сияқты.Бұл үшеүінің сондай қадамға баруына бірден бір себеп:- бұл жерде(Түркістанда) олардың рулық туыс ағайындары болмаған,егерде ел айтып жүргендей Борай-Жиенбет Жаманбайдан(кейде Байқошқардан дейді),ал Қоңыршұнақ Қоңырсопыдан болса онда олар онсызда туыс болып шықпай ма(Жаманбай мен Қоңырсопы Жаулыбайдың балалары, яғни екеуі ағайынды кісілер),өздері жақын бола тұрып солай серттесү не үшін керек,онсыз да алыспайтын болып тұрады емес пе(назар аударатын нәрсе:-Жаманбай, Қоңырсопы, Байқошқар деген аталар бар,бірақта олардың атымен аталатын ру құрылымы жоқ,оны да естен шығармаған жөн),ал қазіргі кезде руым Қоңырсопы дегендері бұрыстау болар деп ойлаймын,Қоңыршұнақпын дегені бек дұрыс еді де,ал ол батыр Атасына үлкен құрмет болар еді).Бұлардың Қоңырат ішіндегі аталарға жатқызылуы кейін батырлардың дүниеден озғанынан соң ғана болған, өйткені олардың үрім-бутақтары өсіп-өніп тарала бастаған, оның үстіне үш Ата серті тағы да бар,сондықтан оларды бір бұтақ -тармақтарға жатқызу қажеттілігі туындаған.Борай мен Жиенбетті бір атаға ал шұнақ батырды Қоңырсопыға теліген де оған соның қоңыр деген атауын қосып Қоңыршұнақ атап кеткен,бұл көшпелі халыктың ежелден келе жатқан дәстүрі.Қазақтың елу жылда ел жаңа,жүз жылда қазан дегенінің бір мағынасы:-елү жылдан соң бұрыңғыны білетіндер жартыға кемиді,ал жүз жылдан соң олар толығымен жоғалады да жаңа ұрпақ өткенінен бейхабар болып шыға келеді,сондықтан Қоңыршұнақтың шын есімі көп ұзамай ұмытылған.(Мысалы кітап,газет,ақпарат құралы көп заманымызда жас буынның дені Ленинді және революция тұралы білмейді,сондықтан ұзын құлақ заманында тіпті де тез ұмытылған).Ал Жиенбет бабамыз өмірінің соңын өзінің өскен жерінде өткізген сыңайлы,себебі адам қартайған сайын өскен жердің сағынышы удеймесе азаймайды, сосын оның ол жақта да от басы,бала-шағасы болған емес пе.Бұлай деп ойлайтыным, атамыздың зираты бірде анда бірде мында деген әңгіме көп,бірақта ешқайсысы нақты емес, ал шын мәнінде ол өзі өскен жерінде жатса ше. Оның үстіне Арғындарда пайда болған Айбикелер де отқа май құятын секілді(ері кеткеннен кейін анамыз Нұрбике сіңілісін көбірек жағалаған сияқты).Енді сол анамыз тұралы кішкене сөз салайық.Өздеріңіз оқығандай Айбике мен Нұрбике апалы-сіңілі хан қыздары және Ташкеннен болғандықтан,олардың келген жерлерінде туысы түгілі таныстары да болмаған, ал Жиенбет орда әскерінде болғаннан соң көбінесе жорықта немесе іс сапарда журген, бір сөзбен айтқанда үйден гөрі түзде көп болған адам. Байбішесімен тоқалына бірдей көңіл бөлу де оңай емес(оған өз еліндегі жубайын қосыңыз).Әйел баласы да адам болғансын өзара қатынасты қажет етеді,ал біз білетін ондай қарым-қатынастар туыстар арасында жақсы өтеді. Жаңа айттық-орта жүздің Арқаға басыбайлы кетпеген кезі-деп,ал Нұрбике сол ортада болған соң онымен қарым-қатынасы өте тығыз болғанға ұқсайды,кей жылдары Арқа жаққа бірге көшіп жүріп соңынан әдетке айналған секілді.Аналары араласқан соң бөлелер қайда барады дейсіз, олардың ара қатынасы тіпті жиі де және ұзақ болған болуы керек.Кейін қалмақтар ойран салғаннан кейін орта жүз басыбайлы Арқа жақта қалып қойды да сол көшпен бірге, Нұрбике ұрпағымен,Айбикенің де балалары кеткен болар.Міне осылардың тұқымдары өсіп Арғындарға Айбике деген атпен сіңіп ел болған,және де олардың ішіндегі Жиенбеттер де дәл осындай жолмен келуі мумкін.Бір айта кетер жәйт:-жалпы Жиенбеттер саны онша көп емес сияқты(нақтылы статистика жоқ қой),ал оның ішінде Айбике анамыздың төрт баласы бола тұра саны жағынан аздау болып көрінеді маған,соған қарағанда қомақты бөлігі Арқаға кеткен сыңайлы.Қазақтар кең пейілді халық болған соң ешкімді де сыртқа теппеген,қайта кірмелерді бір атаға теліп өзіне төл ете берген.Ендігі қалған мәселе шулық Жиенбеттер болып тұр.Сол жақтың шежіресін оқығанымда онда Жиенбет-жанама аты Боққайнат-деген,әрине ол да бір атаның ішіне жатқызылған.Боққайнат деген сөздің мағынасын олар біледі ме екен,білсе жақсы ал білмесе біз айтып көрелік. Көшпелі халықтың қасиетті затының біреуі қазан екенін жұрттың бәрі біледі.Сол қазанды(шойын деген-жез немесе мыс болуы да мумкін) алғашқы рет қолданбай тұрып оның ішіне жылқы тезегін салып қайнатады екен.Бұл тәсілмен темірдің ішіндегі зиянды уыттарын алатын болған. Дұрыс не бұрыс екенін тексерген ешкім жоқ,бірақ халық бостан босқа ештеңе істемейді емес пе.Көшіп келген Жиенбеттердің осылай істеп жатқандарын көрген жергілікті халық оларға боққайнат деген ат қойған,кейін ол жанама атқа айналған. Осындай тәсіл барын әкемнен ағам ал одан мен естідім. Әкеміздің Шудағы Жиенбеттерден хабары болды ма жоқ па білмеймін,бірақ өзімнің сондай аулдың бар екенін білгеніме 4-5жылдай болды.Енді өздеріңіз ойлап, сонан соң қорытынды жасап көріңіздер:-егерде Шудағы жергілікті ел ол тәсілді білмесе ал Жиенбеттер қолданған болса,айдаладағы Созақтағы әкеміз оны біліп отырса сонда не болады? Әрине бәрі бір Жиенбеттер болады,тек жоңғардың тегеуірініне шыдамай бөлектенген ел болады.Сонымен барлық Жиенбеттерді қоса алдым ба жоқ па оны шешетін мен емес тек оқырмандар ғана болар,және естіген-білгендерінен осы тақырыпты толықтырып отырса онда бір жақсы нәтижеге түбінде бір жетерміз деп сенемін,және бабаларымыз тарихтағы өздерінің шынайы орынын табар деген үмітіміз де ақталса екен деймін.Бұл тақырыпты аяқтамай тұрып тағы бір Жиенбет тұралы айтпасам әңгіме толық болмас-ол Байұлы Тана Жиенбет. Әңгіменің басында Төртқара деп алғанымның себебі кітапта(Түп-тұқияннан өзіме дейін)солай жазылғаннан болған,одан біз келтірген жорамалымызға ешқандай кедергі жоқ,тек Төртқараны Танаға аударсаңыз жарап жатыр,қайта оған үлес қоспаса кемітпейді.Тана шежіресінде Жиенбет жеті ағайынды және әкесінің аты Бөртоғаш(шамасы ескіше Бөрі-Тоғаш) болған дейді.Оларда оның батырлығынан жыраулығы көбірек белгілі болған сыңайлы,оның да Есім ханда қызметте болғанын,Тұрсын ханға қарсы жорыққа қатысқанын және өмірінің соңғы кезеңінде еліне қайтып сол жақта жерленгені айтылады.Бұл деректер біздің жорамалдарымызды жақсы мықтылайды-Тұрсын ханмен ұрысқа баруы,шешесінің тірі болу мүмкіндігі,әйелі мен бала-шағасының бары және қартайғанда еліне кетіп сонда жерленүі.Сөз арасы болсын-Жиенбеттің бір бауырының есімі Асан екен,ал Айбикеден де Асан атты ұлы болған,сосын мен мысалға келтірген 65 ата Қоңыратта Ақтана деген ру бар.Бұл жәй сәйкестік те шығар, немесе бір негізі бар болар,ол жағы қиял мен дүдәмал болып тұр.Шамасы ол кезеңде Тана ру ретінде құралмаған да болуы керек,сол заманда Тана Жиенбет деп жүріп Тана деген сөз белгілі бола бастағанға келеді,олай дейтінім шежірелерінде:-кейінгі кезде он екі атаға Сұлтансиықтың бес баласы бөлек-бөлек жатқызылып жүр-дейді.Оған дейін сол 12 атаның ішінде Үйсін,Қоңырат,Алақай дегендер болған, кейін олар ауып кеткен дейді.Союз кезіндегі басмашылдардың дені Лоқай (біздің Алақай-Алаңқай батырдың баласы)тайпасынан болған, соған қарағанда олар Өзбек пен Тәжіктің шекара аймағына барған,сонда Қоңыратың да бар.Мінеки,енді бұл сөздердің аяғына да жеткен сияқтымын.Менің бұл жазуым нақтылы жазба-деректерге емес жорамалдарға сүйенген әңгіме болып тұр(ата-бабадан жазу қалмағандықтан),сондықтан бәрі тұра осылай болған еді деп айту дұрыс та болмас,бірақта асықпай-аптықпай, ой өзегінен өткізсеңіздер негізі де барына көздеріңіз жетер деп сенемін(әйтпесе Түрсын ханға болған жорықта екі Жиенбет батыр қатысқан дегенге сенүге тұра келеді).Алтын кездік қап түбінде жатпас-деген,мен де бір күні үш жүздің Жиенбеттері жиналып,бас қосып,Аталарының атын жаңғыртар деп сенемін,Тәңірім соған жеткізсін деп тілеймін.

 

              

 

              Мейірбек Құлыбекұлы.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here