Жебесіз садақ  русыз қазақ болмас дегендей әрбір қазақ баласы бір рулы елдің перзенті болып келері хақ және құрығанда атасының атын білері де кәміл.Әркімде де бір қиял демекші:-олар кім болған,қашан өмір сүрген,немен айналысқан не сөз қалдырған т.б.-дегендей ақпарат алғысы келер деп ойлаймын.Осыны жазып отырған мен де сондай қажеттілік туындаған соң тәуекел деп қолыма өмірі ұстамаған қаламды алып бір екі ауыз естігенім бар,оқығаным бар,азын аулақ мағлуматтарды жазайын деп бел будым.Алдын ала ескертейн мен сондай құйма құлақ,шежіреге жүйрік жан емеспін,алда-жалда қателіктерімді көрсеңіздер түсіністікпен қарап сөге жамандамаңыздар.Сонымен бисмиллә деп бастайын:-мен Қоңырат Жиенбет батырдың(ел солай айтады ғой әйтеуір)Айбике деген әйелінен тұылған балаларының ішіндегі  Айтқұлдан тараламын. Кезінде енді жас болдық мас болдық шежіреге тас (керең) болдық дегендей ондай дүниеге онша мән бергеніміз де жоқ. Қазір барлығы аталарын түгендеп оңды солын біліп жатыр,әрине ол дурыста болар ,өйткені солардың өмірінен кейінгі ұрпақ өнеге алып,болмасаң да ұқсап бақ деген қағиданы назарларына алып,құрмет тұтар деп ойлаймын.Шынын айтсам Бабамыз тұралы біздердің білетіндеріміз тым мардымсыз сияқты:-бірілі-екілі ауыз әңгімелер,ал тарихи деректерде тіптен жоқ десе де болады.Енді алғашқы дерек:-ауыз немесе үй шежіресі десем де болады.Бабамыз жас кезінде ағасы Борай екеүі жетім қалып(жасыда,не тұлдыр жетім бе айтылмайды) атамыз нағашыларында өскен екен,ал ағасы жұртында қалған(кімде,қай жерде ол да белгісіз).Борай есейген соң інісіне бірнеше мәрте барып зорға дегенде көндіріп алып қайтқан,әйткенмен нағашылары(мумкін шешесі мен жары шығар)қатты қарсылық көрсеткен сыңайлы,олай дейтінім сапарының аяғы қарғыс алумен біткен(Борай өспе-өссеңде жүзге жетпе:-осылай сияқты).Мен бір кездері газеттен мынаны оқып едім:-Борай және сол елдің бетке ұстарлары жиналып бізде қазақ боламыз деп Туркістан жақтағы билерге сурау салып сосын барып сол жаққа көшіп барған деп.Сол рас болса інісін көшер алдында алған ба деп ойлаймын.Кейін бабамыз үйленген,соғыс жорықтарына қатысып батыр атағы жайыла берген(маған салса батырлығы нағашыларында жүргенде әйгілі болған,бұл да Борайға түскен киындықтың бір себебі болуы керек).Сондай бір жорыққа кеткенінде елін жау шауып(қалмақ дейді) байбішесін тұтқындап кеткен екен.Шамамен бір жылға жетпей Бабамыз жауға аттанып байбішесін қайтарып алыпты.Байбішесі ерінің келе жатқанын есітіп  ханның екі жас қызын қазанның астына жасырып қойыпты да,оларды бұл менің кінәрәтімнің өтемі деп батырға берген(аяғы ауыр болған дейді).Бұл қыздардың есімдері:-Айбике және Нұрбике екен((не егіз, не бір анадан),Айбикесін өзі алған да Нұрбикені басқа бір батырға сыйлаған.Әкем ол арқа жақта болар дейтін.Сол Айбике біздің үлкен анамыз болады,сондықтан біздерді көбінесе Айбикелер деп те атайды.Шынында Қарағанды жақта Нұрбике де Айбике де деген ел бар екен.Борай мен Жиенбеттің отаны Мырзашөл жақ болуы бек мүмкін,муның ақ-қарасына кепілдік бере алман,бірақ солай деп ойлауға жанама дәйек бар.Есім хан туралы бір жырда ол Борай деген қалмақтың батырымен сайысады.Негізінде әңгіме және жыр дастандарда қазақтың жауының бәрі қалмақ болып келеді.Ал Есім ханмен Борай қайда кездесүі мумкін деген сурақ туады ғой .Тәуекел хан тұсында Самарқан және Буқара жақпен біраз соғыстар болған, ол кезде Есімнің жас кезі,олда сол соғыстарға қатысқан,міне сол кездері Бораймен қақтығысуы да болған шығар, өйткені сол жақтың адамы болғасын солардың әскерінің сапында журген болуы керек.Ендігі бір әңгіме: бабамыздың жорықтас,үзеңгілес батыр досы болыпты,ол жаугершілік кезіндегі шайқаста бір құлағынан айырылып содан шұнақ одан кейін қоңыр сөзі қосарланып Қоңыр шұнақ аталыпты.Екеуі әйдік дос болса керек ел ағасы болған шақтарында үшеуі(Борай Жиенбет Қоңыршұнақ)- біздің тұқымдарымыз қыз алыспайтын болсын деп серттесіпті,-міне сол аманат әлі күнге дейін орындалып келеді.Ылайым алдағы заманда да солай болғай деп тілейміз.Міне бұл шежіре әңгімелерден білгеніміз мыналар:Жиенбет деген ер болған,жасында жетім қалып(кімнен қашан белгісіз)нағашыларында өскен,Борай деген ағасы Қоңыршұнақ деген андасы Айбике деген жары бар(әрине біріншісі емес).Ал енді ресми тарих не дейді.Тарихта Жиенбет деген Есім хан кезінде болған батыр бар, бірақ ол Әлім Төртқара Жиенбет батыр ретінде айтылады.Сонда біздің бабамыз тарихтың  қай қойнауында қалып қойды екен деп ойланып қаласың.Көңілге демеу болатыны Есім хан айтты дейтін;Борай менің ақылым Жиенбет менің батырым деген сөз бар дейді ғой,әлде мен қателесіп тұрмын ба?Не болсада бул жайт назар аударарлық мәселе.Жиенбет Абылай хан кезінде болған батыр деген де ақпарат естігенмін,бірақта Есім мен Борай есімдерінің қатарлас жүретінін еске алсақ ол алмағайып нәрсе сияқты және де оған қарсы дерек Айбике анамызға тікелей қатысы бар оқиғаға байланысты болмақ.Қош: сонымен шежіре сөйледі,тарих жазды енді ресми емес ,біреулер сеніп басқалары сенбейтін ,тарихи құжат-кітаптар не дейді екен.Ол кітап,біздің ресми тарихшыларымыздың “оппозицияға”жатқызылған Қазыбек Тауасар ұлының “Түп тұқияннан өзіме дейін”:-деген жазуы.Сену сенбеу әркімнің өз еркі ал бізге керегі Жиенбет батыр тұралы деректер табу және олар сол кітаптан табылып та қалар және тек қана ол емес одан да өте бір қызықта да маңызды 

мағлумат бар.Бірінші дерек:-Қара Ертістің бойында ұрыс

 болғанда деп беріледі(998/1590ж).Онда қатысқан батырлар мыналар:Қарасай,Ағынтай,Алатау,алшын Жиембет,дулат Жақсығұл, билерден Даулет және Құдайберді(Толе бидің атасы деген).Байқасақ мунда да алшын Жиембет дейді.Сол заманның түсінігімен қарасақ солай болу да керек,ол жағын Алла нәсіп етсе оның да бір шешімі табылар.Дәл осы кезде Туркістанды Тұрсын хан шауып қатты зардап шектірген екен және оның бұл жорығының  екіншісі болыпты.Енді осы жағдайды біздің батырдың жорыққа кеткенде жау шауып байбішесінен айырылғанын еске түсіріңіздер,сәлде болса да сәйкес келіп тұр.Есімнің кезінде Туркістанды қалмақ шаппаған оны істеген Тұрсын хан болған.Жорықтан қайтқан Есім есін жиып бас аяғын түгендеп қол жинап Ташкентке аттанған,әрине оған дейін біраз уақыт өткен(бір жылдан соң Жиенбеттің сапарын еске алыңыз).Сол соғыста Есім Тұрсынды Ташкент түбіндегі хан Абат деген жерде өлтірген.Бұл жорық тұралы мәлімет Ақселеү Сейтіметов ағамызда және бір жырда бар.Ақселеу аға былай дейді:Тұрсын хан өлген соң оның төрт қызы қолды болған:Олар:Айбике,Нұрбике,Қоңырбике және Дәулетбике(ал жырда үшеү деп келтірілген Айбике,Нұрбике тағы соңғы екеүінің біреүі:-дәл есімде жоқ).Осы төртеүі арқаның батырларына берілген дейді және олардың тұқымдары осы қыздардың атымен аталып бір бір ел болыпты.Енді Жиенбет батырдың Айбике деген әйелін Нұрбике деген сыңарын еске алыңыз(шамасы бұл екеүі не егіз не бір шешеден тұылған,қалған екеүі қазанның астына түспегендеріне қарағанда,басқа әйелдерінен болуы мумкін.Ханда не көп-қатын көп).Тағы да сәйкестік нышаны ап-айқын көрініп тұр. Менің ойымша бике деген хан сұлтандардың қыздарына тән тіркес болған сияқты кейін олар жойылғансын қара халықтар да қоя бастаған.Және де сол аналарымыз хан қыздары болған соң ғана аттары сақталып өз алдына рұлы ел болған.Әйтпесе рұ қураған батыры бар, биі бар,абызы бар дегендей :-қаншасының әйелдерінің есімдері сақталды екен.Міне бұл сәйкестік те жәйден жәй емес және біздің де Айбике аталуымыз тектен тек емес.Қайта кітапқа жүгінейік.993/1585 жылыТобыл бойында Қарашаның қатты суығында қатты қырғын соғыс болған және оған да сол алғашқы тізімдегі батырлар қатысқан тек бұл жерде Әлімұлы Төртқара Жиембет деп айтылған.Жалпы Есім хан өзі де соғысқа көп араласқан (Қара Ертістегі соғыста Еңсегей деген ат алған) сондықтан маңайына кілең батырларды топтастырған ал Тәуке хан билер мен бектерді жинаған делінеді кітапта.1005/1597ж.Еділ мен Жайыққа Тобылдан ығысқан қалмақтар сол жақтағы қазақтарға қатты зардап шектірген сондықтан Есім хан кеңес шақырып Күлтөбе деген жерде бірнеше күн топ болды дейді.Есім қайтадан қол құрап оған батырларын жинайды және енді оларға найман Көксерек және қаңлы Сарбұқа қосылады,сөйтіп 20мың қолды Жайыққа аттандырады,Төртқара Жиембет бес мыңдай қолмен жолдан Електіден қосылған.Хазар теңізінің батыс жағалауында елсіз,масалы,қамысты өлкеде 83 күн соғыс болды дейді.Ұрыстың бір жарым айы жекпе-жекпен өткен екен.Осы соғыста жекпе-жекте сегіз адамды өлтірген соң,тоғызыншы адаммен түскенде аты жығылып,Алатау батыр дүние салған.Ағынтай майдан алаңында жеті күн,Сарбұқа бес күн,Көксерек алты күн,Қарасай тоғыз күн тұрыпты.Бұдан кейін кезек Жиембет батырға келгенде әскербасылар ғақылдасып,оны жібермей қойыпты.(осы кітапта кейінгі жоңғарлармен болған соғыстарда осындай жәйт бір екі жерде бар.Соғыс барысында мынадай қағида болған секілді:жекпе-жекке шығатын батырдың басқа бір жаққа алаңдайтындай себептері болмауы тиіс(ашу,ыза,азалы болу т.б.),соның салдарынан ол батыр жеңіліс табуы бек мумкін екен).Неге Жиембет батырға рұқсат берілмеген? Оның себебі жаңағыдай жағдайдың шырмауына түскеннен болған,яғни ол азалы,ызалы,ашулы болғаннан соң оны мерт болып қалады деп сақтанған.Енді еріксіз сұрақ туындайды ғой-не себептен батыр сондай жағдайға дұшар болды деп,-байқасаңыз қалған батырлар өз жекпе-жегіне шығып тұрған.Оның себебі бірақ нәрседен деп ойлаймын,ол Алатау батырдың өлімі.Алатауға (оның шын аты кім екен?)елжіреп қазалы болуына қарағанда Жиембет батыр оны бауыр немесе туыс санауы керек және де ол солай болған секілді.Енді ары қарай жүрелік.Осы ұрыста Қаңлы Сарбұқа батыр кескілесте бір құлағынан айырылып,Түркістанға шұнақ болып қайтыпты.Түркістанға келген соң Есім хан сурапты:Ей Сарыбұқа құлағың қайда ?-депті.ҚұлағымЖайықты жұтпақ болған жайынға бердім депті.Сонда сол жерде отырған дулат Әлібек би іліп алғандай:-Басқа келген пәледен бастан құлақ садаға,-депті.Енді тағы да назар аударыңыз: шайқаста құлағынан айырылған біздің Жиенбет бабамыздың Қоңыршұнақ (оның да шын есімі белгісіз)деген лақап атпен белгілі батыр досы болғанын айттық.Осы сәйкестік те тектен тек пе? Бұл әйдік сәйкес,керек десеңіздер бұлтартпайтын дәлел десек те болады.Қазақта шұнақ адам көп болған шығар бірақ батыр шұнақтар жерде шашылып жаткан жоқ,ілүде біреуі десе де болады,тоқ етерін айтсақ ол осы бір ғана Сарыбұқа батыр болып табылар.Көріп отырсыздар екі Жиенбеттің қаншама ұқсайтын нышандары бар екенін(жорыққа кетуі,байбішесінен айырылыу,Айбике анамызды алуы,батыр досының шайқастан шұнақ болып қайтуы).Әрі қарай кітапқа үңілейік.1018/1609 ұлұ жылы қазақты Есімнің ұлы Жәңгір сұрай бастапты.1021/1612-қой жылы Алтын ханның ұлы Омбы,ойраттың біліқті нояндары қазаққа лап қойып,оның басында Батыр хонтайшы болып елу мыңдай қолмен келген.Жәңгір хан мыңға жетер-жетпес адаммен қарсы шығып тәсілін асырған.Ол адамның жартысын тас арасына орналастырып,оған мосқалдау батыр Жиембетті, Жақсығұлды қалдырған.Қалған жас батырларды Қарасайға бастатып жаудың желкесінен шығу үшін тау айналып кеткен.Алаңсыз Лабастағы Доңыз тауға(менің пайымдауымша Ұзын-Ағаштың тұсы болар)кіріп келе жатқан қалмақты алдыңғылары атып олар абдырап қалғанда артындағы Жәңгір бастаған қол тіпті есеңгіретіп жіберген.Бәлкім,енді арттан 23 мың қолмен Алшын-Әлімұлы-Төртқара Жалаңтөс батыр келмегенде,қазақтар жеңіліп қалар еді делінген.Бұл соғыста болған батырлар: Қарасай,Ағынтай,Жиембет,Сарбұқа,Көксерек,қырғыз Көтен,Табай батыр.Менің жорамалым: Жалаңтөспен алдын ала келісім болғанға ұқсайды,әйтпесе ол дер кезінде келмесе керек,тағы да бір ой түседі:-осы келісімге Жиембеттің де қатысы бар ау деп(дәнекер ретінде),екеүі де төртқара және жерлес емес пе.Бәріңіз білесіздер бұл ұрыс ресми тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі, бірақта бұл жерде ор тұралы ешбір сөз жоқ.Оры бар шайқас бұдан үш жылдан кейін(1024/1615) ескі Жаркент балығынан күншілік жерде Қосқолаң тауының арасында Жарбұлақта болған.Онда да орды жауды құлату үшін емес қайта сарбаздар тығылып оқ атуға бейімделген тәсіл болған(ол беткейдің биігінде ал жау жағы төмен және тегіс екен) және де ол оқпана деп айтылған.Ресми тарихта Жалаңтөс бар жерде ор бар ал бұл кітапта біреуі бар жерде екіншісі жоқ-сонда жаңылыс қайсысында?Осыдан кейін кітапта Жиембеттің аты аталмайды оның себебі де айтылып тұр:-мосқалдау деген тіркес,оның үстіне осыдан алты жылдан соң болған соғыста он жеті жасар Сесеннің ұлы Қалдан Жәңгірді жекпе-жекте мерт қылады,оның суйегі өзі қаздырған оқпаннан атшаптырым Сарыбелге қойылды дейді.Одан хан Тәуке болды да ол қасына батырларды емес билерді жинады.Сонымен топтасқан батырлар заманы кеткен сыңайлы.Осымен бұл кітапті де жаптық,ақ қарасын өздеріңіз саралап жатарсыздар ал біз ат басын бабамыз Жиенбетке бұрамыз.Осындағы көрсетілген сәйкестіктер екі Жиенбеттің де -Сарыбұқа мен Қоңыршұнақтың да  бір тұлғалар болған ау деген ойға әкеледі,әсіресе оны құаттайтын Айбике-Нұрбике,екі шунақ батыр дәйегі.Дегенмен тасқа таңба басқандай ия деуге де әлі ертерек болар.Анық бір нәрсе:-ол батырдың нағашыларында өсүі-оны Жиенбет деген есімі атойлап тұр.Арғы қазақ өз баласына ондай ат бермесе керек,кейінгі заманда ғой бей берекет қоя беретіні.Бұдан шыққан қорытындыны әркім өз түйсігіне орай жасай берер, ал менің әңгімем осымен тәмам.

13.05.2020. Мейірбек Құлыбекұлы.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here