Зейнел-Ғаби Иманбаев   

АЯН МЕН БАЯН

Кешкі тамақтан кейін Баян сурет салуға отырды да, Аян кітап оқуға  кірісті. Асүйден шешелері ыдыс жууға шақырды.

– Мен Қиыр Шығыс тайгасында саяхатта жүрмін. Дерсу Узалаға

еріп, солтүстікке қарай кетіп барам… Ыдыс жууға уақыт жоқ, – деді Аян кітаптан бас алмай.

– Ыдыстарды жуып тастап, кеш бойы сурет салармын, – деп, Баян асүйге кетті. Асүйді тәртіпке келтірген соң, бояуларына қайта кірісті. Аян кітапты оқып болып жанына қойды да, Баянға қарап:

– Міне, мен де саяхаттан оралдым. Енді ыдыс жууға болады, – деді.

– Ыдыстар бағана жуылып болған.

– Бетіңдегі не?

– Білмеймін, – деп, Баян бетін сипады. – Балдың жұғыны екен ғой.

– Алақай, мен де бал жеймін! – деді Аян қуанып.

– Балды мен тауысып қойғам.

– Неге?

– Апам: «Өз тиесіңді де, Аяндікін де жеп ал. Ол Қиыр Шығысқа кетсе,

жуырда орала қоймас» деген.

                                       


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here